7


'ҚОш бол, сүйікті әліппем!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қош бол сүйікті әліппем!

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
«Қазақ биі»

Бекнұр: Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

Хормен: Болашаққа жол ашқан, ол сүйікті, «Әліппе»!


Бекнұр: Ендеше, құрметті ата - аналар, ұстаздар!

Бүгін сіздер бірінші сынып оқушыларының алғаш қолдарына ұстап, әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілікке келіп отырсыздар. «Қош келдіңіздер», - дей отырып мерекені бастайық.

(Әнұран айтылады).

Бекнұр: Асыл әжелер, сіздердің құрметтеріңізге Русланның орындауында «Сағындым әже» әні


1 - оқушы: Ең алғаш алғанымда «Әліппені»,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.


2 - оқушы: Жақсы білім - көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп не білдік,

Қане ортаға салайық.

3 - оқушы: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ.

Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені бітірдік».


4- оқушы: Біз енді өзіміз - ақ кез - келген сөздерді, сөйлемді, қысқа әңгімелерді қатесіз оқи аламыз.

5 - оқушы : Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Басқа оқулық достаспақ,

Әліппемен қоштаспақ.

6 - оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға, басқа кітап аламыз.

Ата - ана! Қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты, міне балаңыз.

7 - оқушы: Әліппе деген - алтын жол

Апарады сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Бекнұр: Құрметті ата - аналар сіздер үшін Дамирдің орындауында

«Ата-ананы тыңдаймыз!» әні.

Бекнұр: Достар, олай болса ортамызға менің де, сендердің де достарың Әліппені шақырайық.

Оқушылар: Келіңіз «Әліппе», келіңіз!

Әліппе: Құттықтаймын, саусыңдар ма,

Бүлдіршіндер, балдырғандар?

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен

Бауыржан да, Мәлік те.

Балалар, мені зәулім сарайдай мектептеріңе, керемет мерекелеріңе шақырғандарың үшін сендерге шексіз разымын! Олай болса, өнерлеріңді сендердің ата-аналарыңмен бірге отырып тамашалайық!

8 - оқушы: Бар ғылымға бас болған,

Әліппе - ғылым ағасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың даласы.

9 - оқушы: Сөйледі олар тіл бітіп,

Небір қызық сырларды.

Тыңдай бердім мен жұтып,

Тіл біткен тақпақ жырларды.

10 - оқушы: Алфавитті білдіңдер,

Онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде,

Қырық екі әріп бар.

11 - оқушы: Әліппенің тойында,

Әркім құмар ойынға.

Әріптер сыр ашады,

1 «А» сыныбы әнге басады.

Хор: «Әліппе» әні орындалады

12- оқушы: Бастайық кәне айтысты

Әріп деген не? - десең,

Ол - дыбыстың таңбасы.

Сөз құраса ол егер,

Болар білім қамбасы.

13 - оқушы: Танысаң әріп қарасын

Боласың сен сауатты.

Кітаптардан табасың

Көп сұраққа жауапты.

14 - оқушы: Жаттап алсаң әріпті,

Сапалы өмір сүресің.

Бұрынғы өткен тарихты,

Әріптен оқып білесің.

15 - оқушы: Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

Бекнұр: Іңкәр мен Сұлтанбектің орындауында «Туған жер» әні. Қабыл алыңыздар!

16 - оқушы: Таныстырған қырық екі әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқан оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

17 - оқушы: Әліппем менің әліппем,

Өмірді көрем танып мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп - көп рахмет!

18 - оқушы: Қош бол құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Бекнұр: Рамаданның орындауында «Буратино» биі

19 - оқушы: Ата - аналар, ұстаздар, балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп қоймай математика деген пәнмен де танысып сауаттандық.

20- оқушы: Мені келсе, білгің,

Мен таяқша бірмін

Барлық санға жол ашып,

Ең басында тұрмын.

21 - оқушы: Бірден кейін тұрғаным,

Бірден кейін тұрамын.

Бірге - бірді қосқанда,

Мен шығамын шырағым.

22 - оқушы : Екіден соң әрқашан,

Үш саны мен тұрамын.

Орыныма барамын,

Екі айшық саламын.

23 - оқушы: Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды

Төрт дегенім баяғы,

Төрт түліктің аяғы.

24 - оқушы: Төрттен кейін бесті,

Білу оңай десті.

Санашы бір қолдың саусағын

Оңай табасың бесті.

25 - оқушы: Мен өзімді қатарға,

Бестен кейін қоямын.

Басым бірден басталып,

Нөлмен бітер аяғым.

26 - оқушы: Қара мына қызықты,

Көсемді кім ұмытты.

Жеті болам бір тартсаң,

Бел ортамнан сызықты.


27 - оқушы: Менің атым сегіз,

Жетіден соң деңіз.

Жазылғанда қос дөңгелек,

Мен боламын сегіз.

28 - оқушы: Сегізден кейін - тоғыз,

Алтыны төбесінен тұрғыз.

Сонда боламын тоғыз.

29 - оқушы: Әліппеде О - ға ұқсаймын,

Сонда нөлге ұқсаймын

Жеке тұрсам мәнім жоқ,

Бір орынды ұстаймын.

Ал санайық, санайық

Сан қырына қанайық.

Бекнұр: Анель мен Нұрәлінің орындауында «Біз үшін» әні.

Әліппе: Қырық екі әріпті игердің,

Әріптен буындап сөз тердің

Ризамын балалар, сендерге.

Рахмет айтар кез келді.

Хормен: Қош бол құтты Әліппем,

Тіл тұсауын кестің сен!

Әліппе: Рахмет балалар! Әріп танып, тақылдап сөйлей аласыңдар.

Енді сауатты жазып, озат оқушы боласыңдар деп үміттенемін.

Қош, сау болыңдар!

Хор: «Мұғалім ол біздің»

30-оқушы: Мұғалім ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым,

Ұланның мәңгі тойында,

Арналған саған бұл әнім

31-оқушы: «Жаңа ғасыр» мектебім,

Биігі білім шыңының.

Қарызым саған көп менің,

Бірінші «А» сыныбым!

Әмина атым ұстазды

Екінші анам атаймын

Тәлімін алып келемін

Аяулы Сымбат апайдың!

Бекнұр: Барлық аналарға арналған Кәусардың «Ана» әнін қабыл алыңыздар!


Құттықтау сөз кезегі.


Мұғалім: Құрметті қонақтар! Осымен мерекелік ертеңгілігіміз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Алматы қаласы Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия

Сыныбы: 1 «А» сынып

Сынып жетекшісі: Бірімқұлова Сымбат Сейсенбекқызы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал