7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары әдебиеттік оқу

Сабақ жоспары әдебиеттік оқу

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



</



Әдебиеттік оқу 3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы

Сабақтың мақсаттары:

1)Білімділігі: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын игерту.

2)Д амытушылығы:Жаңа технология стратегияларын пайдалана отырып,ой өрісін шығармашылыққа баулу. 3)Тәрбиелігі: Белсенділігін арттыра отырып, ұйымшыл, тату болуға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Оқытудың әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап, топтастыру, салыстыру, сахналау .

Сабақтың көрнекілігі: Мақал - мәтелдер, венн диаграммасы, Құстардың суреті, слайдтар, карта.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.



II. Үй тапсырмасын сұрау; Достық өлкесінің заңы

Біздің елде құстардың 489 түрі мекендейді, олар далалы , шөлді, орманды,таулы,сулы жерлерде болады. 80%-ті ағашты зиянкестерден қорғайды .

III.ЖАҢА САБАҚ: Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Олай болса, бүгін құстар айтысы атты үнді ертегісімен танысамыз.

1.Картамен жұмыс . Үнді мемлекетін көрсету.

Үндістанның астанасы - Дели қаласы. (картадан көрсету)

2.Үнді сөзімен байланысты өмірде не бар ?

Үнді шайы, үнді биі, үнді киносы.

3.Жұмбақтар: Көгершін , Қарға , Торғай.

Бейбіт құсы аталады,

Бар әлемге жар салады.

Танисың ба ол құсты

Аты қалай аталады? ( Көгершін)



Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ ( Қарға )



Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды

Білесің бе айта ғой,

Танисың ба? (Торғай)

4. Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Ертегі деген не?

Ертегі - адамның қиялынан туған ой жүйріктігінен пайда болған шығарма. Ертегілер қиял- ғажайып, хайуанаттар туралы, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.

5.Оқулықпен жұмыс.

6.Сөздік жұмыс.

Жанжал - ұрыс, керіс.

Құсбегі - құс өсіруші, баптаушы.

7. Салыстыру.

- Сонымен бұл ертегідегі негізгі ой ынтымақ пен алауыздық екен.

- Олай болса, салыстырайық.

Ынтымақ -Алауыздық

Бірлік -Келіспеушілік

Сенімділік -Сенімсіздік

























8.Сергіту сәті.

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз

Көзді салып қараңыз

Былай қанат қағамыз.

9.Топтық жұмыс.

I топ.

Мәтінге жоспар құрыңдар.

II топ.

Мәтінді сахналау. (Қарға мен көгершіннің айтысы)

10. Құстарға көмек ( Ойын ) Тапсырмаларды орындау.

1.Келеді көп құс ұшып

Кептер , аққу , қосшымшық

Сауысқан , қарға , торғайда

Ұшып жур осы тоғайда

Қанша құс бар қосып шық ( 7 )

2.Төменде үш қаз ұшады

Үшеуі бұлтты құшады

Өзеннен көрдік екеуін

Айтшы қаз нешеу екенін. ( 8 )

3. «Құстар» қай сөз табы, сұрақ қой , дыбыстық талдау жаса.

1 1.Қызықты мағлұматтар.

Ең кішкентай құс- колибри

Ең үлкен құс- түйеқұс

Ең алып құс-самұрық

Ең жүзгіш құс- пингвин

Ең қырағы құс- сұңқар

12.Шығармашылық тапсырма.

I топ. Қарғаға мінездеме

II топ. Көгершінге мінездеме

IV. Бағалау.

V. Сабақты қорытындылау.

Мәтіндегі негізгі ой?

Құсбегі деген кім?

Мәтіндегі құстардың атын ата.

Бұл ертегі ертегінің қай түріне жатады?

VI. Үйге тапсырма:

1.Ертегінің мазмұнын әңгімелеу.

2.Осы мәтін негізінде 5 - 6 сөйлемнен тұратын эссе жазу.







































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал