7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары. ҚАзақ тілі Тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақ жоспары. ҚАзақ тілі Тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлауын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу, берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құрастыру. Балалардың сөйлемдерін оқуы, талдауы.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сөйлем дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіңдер?

Сөйлемдердің сонына қандай тыныс белгілер қойылады?

Көрнекіліктерді пайдалана отырып ауызша берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастыру.

1. Ауамен, дем, біз, аламыз.

2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы өте.

3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс 14-жаттығудағы өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, өлеңдегі әрбір сөзге сұрақтар қойылады

ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу

15-жаттығудағы сөйлемдерді көшіріп жазу. Шекарашылар деп кімдерді айтамыз?

Олардың біз үшін қандай маңыздылығы бар?

Сендер де шекарашылар болғыларын келеді? Неліктен?

Мәтіндегі әрбір сөздің үстіне тиісті сұрағын қою.

Ережемен жұмыс: ережені оқу, талдау, есте сақтау.

16-жаттығудағы екі сөзден құралған сөйлемдерді толықтырып жазу. Асқар атпен келді. Дана доп ойнады. Қойлар өрісте жайылды. Құлын су ішті. Қыздар гүл терді.

17-жаттығудағы Мәлік Ғабдуллин туралы мәліметті оқу, түсіндіру, көркем етіп көшіріп жазу.

18-жаттығу жұмбақты оқып, мағынасына қарай, суретке қарап жұмбақстың шешуін табу. Алғашқы сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар? Екінші сөйлемде ше?

ҮІ. Бекіту: «Құрастырайық мақалдар!» ойынын ойнату. Ойынның шарты: сыныпты қатар бойынша үш топқа бөлу, әр топ өздеріне берілген сөздер бойынша мақал құрастырады.

1. Асырайды, тігіншіні, инесі.

2. Шәкірт, озар, ұстаздан.

3. Жан, жақсы, семірер, сөзден. Әр мақалда неше сөйлем мүшесі бар екендігін айту.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Сөйлем дегеніміз не?

Олардың соңына қандай тыныс белгілер қойылады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 20-21-жаттығу 77- бет

ІХ. Оқушыларды бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал