- Учителю
- Математика Сүйір бұрыш
Математика Сүйір бұрыш
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері (сүйір, доғал, тік).
Сабақтың мақсаты: бұрыш түрлерімен (сүйір, доғал, тік) таныстыру; олардың атауларын оқып - үйрену; жаңа білімді өз бетімен құру және пайдалану дағдысын қалыптыстыру.
Білімділік: бұрыш түрлерімен таныстыру, олардың атауларын оқып - үйрену.
Тәрбиелік: оқушыларды сауаттылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Дамытушулық: оқушылардың жаңа білімді өз бетімен құру және пайдалану дағдысын, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, есептеу.
Сабақта қолданылытын педагогикалық технология: дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген 4 - есеп сұралады
Тірек білімдерін белсендіруге арналған тапсырмалар:
Балалар, біз математика сабағында не істейміз?
Есептер шығарамыз
Есептерді нелердің көмегімен шығарамыз?
Есептерді сандардың көмегімен шығарамыз.
Олай болса, санға байланысты қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Оқушылар білетін мақалдарын ортғаа салып айтады.
Балалар келесі тапсырмаға қарайық! Тақтада «Қайсысы қай үйде тұрады?» өрнектердің мәнін тауып, жануарларды үйлеріне орналастыру.
«Кім жылдам?» ойны
Күннің жады мен көркем жазу жүргізіледі.
«Математикалық диктант»
1 .65 пен 5 сандарының айырмасын 10-ға арттыр.
2. 40 пен 20 сандарының қосындысына 7-ні қос.
3. 5 ондықтан және 3 бірліктен тұратын санды жаз.
4. 28 саны шығу үшін, 20-ны қандай санға қосу керек?
5. Сөйлемді толықтыр.
Бір метрде......сантиметр бар.
6. 92 санын алу үшін 2 санын қандай санға қосу керек?
Қаламды қағазға тигізгенде не пайда болады? (Нүкте)
Барлық қабырғасы тең көпбұрыш не деп аталады? (Шаршы)
Басында нүктесі бар, аяғы шексіз не? (Сәуле)
Үш төбесі, үш қабырғасы бар көпбұрыш қалай аталады? (Үшбұрыш)
Екі доғал сызық қосылғанда дөңгеленіп шығатын не? (Шеңбер)
Б
Ұ
Р
Ы
Ш
Балалар, олай болса бүгінгі сабағымыз «Бұрыштың түрлері» деп аталады. Осы сабақта біз бұрыштың атауларымен, түрлерімен танысамыз, бұрыштарды оқып, білеміз.
Балалар, мына суреттен сіздер нелерді көріп тұрсыздар?
Фигураларды көріп тұрмыз.
Фигуралардың атын атап, қабырғасын, төбесін, бұрыштарын көрсетейік!
Мұғалім «Бұрыштар елі» туралы ертегі оқып береді.
Ертеде бұрыштар патшалығы болыпты. Патшалықта салмағы 200 кг үлкен тастар болыпты. Бұрыштар патшасы: - Егер кімде - кім осы алып тасты иығымен бір күн бойы көтеріп тұра алса, сол бұрышқа қызымды беремін - депті. Осыны естіген көрші ауылдағы ағайынды үш бұрыш Доғалбай, Сүйірбай, Тікбай сынақтан өтуге келеді. Тасты көтеріп кештен таңға дейін тұрған аға бұрыш қатты шаршап кетіп, белін жаза бергенде, белі кілт ете қалып белі шалқайып қалыпты. Содан бері бұл бұрыш «доғал» бұрыш деп аталып кетіпті. Ал екіншісі еңкейе бергенде белі бүкірейіп, белін көтере алмай қалыпты. Содан бері бұл бұрышты «сүйір» бұрыш деп атап кетіпті. Ал, ортаншы бұрыш таң атқанша тасты тіп - тіке көтеріп тұрыпты. Содан бері осы бұрышты тікбұрыш деп атап, қалған бұрыштар осы бұрышқа қарап бой түзепті.
Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда біз бұрыш түрлерімен танысып, олардың атауларын оқып-үйренеміз.
Балалар, класс ішінен осындай бұрыштарды атап көрейікші.
Балалар класс ішіндегі қабырғаның бұрышын, партаның бұрышын атауы мүмкін.
Бұрыштарды үшбұышты сызғыштың көмегімен анықтаймыз. Үшбұрышты сызғыштың көмегімен сен тік бұрышты анықтай аласың.
Бұрыш тік бұрыштан кіші болса, сүйір бұрыш деп аталады.
Бұрыш тік бұрыштан үлкен болса, доғал бұрыш деп аталады.
Балалар, әр топта бір - бір парақша жатыр. Қазір топтарыңыздан бір оқушы осы парақшадағы бұрышты қимыл-мимика көрсетіп, топтың атын анықтауымыз керек. Оқушылар топтарында бір - бірімен ақылдасады.
Топтық жұмыс: оқулықтың 68-бетіндегі 3 тапсырмада әр топ тік , сүйір, доғал бұрыштарды табу керек. Сүйір бұрыш - МЕК немесе КЕМ. Доғал бұрыш - ТОР немесе РОТ бұрышы. Тік бұрыш - РКЛ немесе ЛКР бұрышы. Осы бұрыштардың төбесін атайды. Одан басқа да көпбұрышьарды, үшбұрыштарды атап, төбелерін көрсетеді.
Үш топқа жұмбақ есеп жасырылады: Тік бұрыштыр тобына:
Дүкеннен кеп сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
15 дәпер 3 қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды сонда бәрі? 21
Сүйір бұрыштар тобына:
Бір-бірімен жарысқан
10 аю, 15 арыстан.
3 қоян, 12 түлкі
Бәрі нешеу? Кім білді? 40
Доғал бұрыштар тобына:
75 асықтың 3-еуін
Досың сұрап алды.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалды? 72
Балалар оқулықтағы 4-тапсырмаға қарайықшы. А жағдайындағы суреттегі не?
-Терезе
-Терезеден бұрыштың қай түрін көріп отырсыңдар?
- Тік бұрыш
-Олай болса тік бұрыш тобы айтыңдаршы суретте неше тік бұрыш бар?
- 5 тік бұрыш бар
- Ал, ә жағдайында ше?Сүйір бұрыштар айта қойыңдаршы неше сүйір бұрыш бар?
- 3 сүйір бұрыш бар
- Доғал бұрыш ше?
- 3 доғал бұрыш бар
- Ал тік бұрыш нешеу?
- 4 тік бұрыш бар.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді бір сергіп алайық.
Сергіту сәті.
Оқулықтағы №5 есеп «Кім жылдам?» айдарына берілген. Балаларға парақшалар таратылып беріледі. Оқушылар 3 минут ішінде есептерді шығарып болуы тиіс.
50+7=57 98-90=8 46-6=40 20+6=26
42-2=40 86-80=6 58-50=8 40+7=47
17-7=10 55-50=5 36-30=6 70+4=74
Тақтадан жауапты тексереді.
«Сиқырлы суреттер» ойыны ойнатылады.Балаларға плакатка салынған фигураларды өз қиялымен аяқтап салу тапсырылады. Әр топ өздері салған суреттерді қорғап шығады.
Оқулықтағы №6 есеппен жұмыс жүргізіледі.
Сабақты бекіту:
Бүгін біз нені үйрендік?
Бұрыштың қандай түрлері болады екен?
Ауаға бұрыштарды сызып көрсетейік.
Қай тапсырма саған ұнады? Неліктен?
Тапсырма орындау барысында шығара алмай қиналған есеп болды ма?
Бағалау: сабақ басында таратылып берілген парақшаларды әр тапсырма орындаған сайын толтырып отырады. Сабақ соңында балмен есептеліп, бағаланады.
Үйге тапсырма беру: Үйге оқулықтан № 7 есеп түсінідіріліп, тапсырылады.