- Учителю
- Ы. Алтынсарин 'Салақтық' 2сынып Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары және презентация
Ы. Алтынсарин 'Салақтық' 2сынып Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары және презентация
Сабақтың тақырыбы:Ы.Алтынсарин «Салақтық»
Сабақтың мақсаты:
1.Ы. Алтынсарин өмірі, шығармашылығы, еңбек жолы туралы білімдерін тереңдете түсу.
Ы. Алтынсариннің «Салақтық» әңгімесін жан- жақты талқылау.
2.«Салақтық» әңгімесінің негізгі идеясын, тақырыбын, айтар ойын оқушылардың жүрегіне жеткізу. Оқушыларды өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын толық жеткізе білуге төселдіру.
3.Педагог- жазушының халыққа берген бағыт-бағдарын оқушылар бойына дарыту, үлгі ету.Оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу
Әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік,топтық,жұптық әдіс,Венн жүйесі,қызығушылықты ояту, әңгімелеу,бейнекөрсетілім
Стратегиялар: «Идеялар себеті», «Қарама-қарсы элементтер», «Мен білетін бір дерек», «Соңғы сөзді мен айтам» т.б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнекөрсетілім,сөзжұмбақ,ребус,пікір ағашы,күншуақ макеті.
Керекті жабдықтар: стикерлер, смайликтер,магниттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың жүрісі:
І. А)Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды тексеріп, олардың назарларын сабаққа аудару.(стикер тарату,күн шуақтары)
ә)Психологиялық дайындық
-Оқушылар сабаққа деген көңіл-күйлеріңіз қандай?
-Ғажап,керемет,.........
Олай болса, бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлеріңді білдіріп, «Күн шуағы» әдісі бойынша күннің шуақтарын құрастырасыңдар.....
-
Қол ұстасып бәріміз
Жылылықты сезейік
Күндей болып әрқашан
Күлімсіреп жүрейік-
- деп оқушылар сіздерді күннің көзіндей қуаныш,күн шуағындай көңілмен сабағымызды бастауға шақырамын. (стикер алып,түсіне қарай топқа бөліну)
В) Топқа бөліну
(қызыл, жасыл смайликтер бойынша топқа бөліну)
1-топ 2-топ
2.Проблемалық ой тастау
-Қандай халық ауыз әдебиеті үлгілері білесіңдер?
ертегілер
жұмбақтар
жаңылтпаштар
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері мақал-мәтелдер
өтірік өлеңдер
аңыз әңгімелер
-Олай болса,мақал-мәтел сөзжұмбағын шешеміз?
Қызығушылықты ояту 1-топқа
2-топқа
Венн жүйесі бойынша
мақал мәтел
Тұспалдап,жанамалап
негізгі ой тура,
нақтыланып, тиянақты
Халық ауыз әдебиеті үлгілері
-Осы мақал-мәтелдер қай тақырыпқа қатысты айтылып тұр деп ойлайсыңдар?
(саусақтарыңыздың саны арқылы көрсету)
«Саусақ» әдісі бойынша
а)туған жер
ә)Еңбек туралы
б)жақсы,жаман істер туралы
в)ерлік,батырлық туралы
-Олай болса жақсы,жаман істер туралы Ыбырай атамыз әңгімесін ұсынады.
-Ыбырай атамыз туралы не білеміз?
«Мен білетін бір дерек» стратегиясы
Біз Ыбырай атамыздың өлеңдерімен,әңгімелерімен таныстып едік қой,ендеше атамыз туралы білетіндеріңізді мына «Пікір ағашына» жинақтап,әр топ қорғайды.
жазушыОтаным Қазақстан
ұстаз
Мектеп ашқан
Ы.Алтынсарин
Бейнекөрсетілім «Ыбырай Алтынсарин» Оза оқыту әдісімен
-Осы бейнекөрсетілімнен бұдан да толығырақ Ыбырай атамыз туралы мағлұмат аласыңдар.
І. Мағынаны тану
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері
Ы. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай - ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық - идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Ыбырай шығармалары
Адамгершілік,достыққа
бауырмалдыққа
Өнер-білімге
Еңбекті сүюге
«Кел,балалар,оқылық
«Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы»,
«Бай баласы мен жарлы баласы»,
«Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары» «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Таза бұлақ»
Орыс жазушыларынан аудармалары:
И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.
Ребус шешу
,,,
,,,
Дәптермен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
А)Үзбей оқу (1топ-1бөлім бойынша оқиды,2-топ 2-бөлім бойынша оқиды))
Ә)Мазмұнын айту 1топ -Салақ Керім
2топ-Керімнің улануы
«Біле жүргейсің»
С
А
Л
А
Қ
Т
Ы
Қ
Тазалық сақтамаушылық,ұқыпсыздық.Түп тамыры еріншектіктен бастау алады.
Адамның өзіне емес,қасындағыларға да кесірін тигізеді
--Салақтық адам бойындағы қандай істерден туындайды?
Сергіту сәті «Қолшатыр» тренингі
Шарты: музыка жүріп тұрады,адам бойындағы жақсы, жаман қылықтар айтылады.Жаман қылықтардан аулақ болу үщін қолшатырға тығыламыз.
(әдепті, өтірікші, ұқыпты, кір-қожалақ, білімді, ақымақ, ибалы, мақтаншақ, таз-п-таза, айтқанды ұқпайды, ақымақ, сымбатты, тырнағы өскен,т.б)
«Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
(Кластер құрып,қорғаймыз,әр топ мүшелері өз пікірлерін білдіреді.)
1-топ Жаман қылықтар
2-топ Жақсы қылықтар
«Идеялар себеті» стратегиясы Жұптық жұмыс
(Жұптасып ситуациялардан шығу)
А)Сен Керімнің орнында болсаң қайтер едің?
Ә)Керімнің бойындағы әдет ұнайды ма,ұнамай ма?Неге?
Б)Сыныпта Керімдей оқушы бар ма? Егер болса............
«Соңғы сөзді мен айтам» стратегиясы
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келтіріп,өз ойын ортаға салады.
Қорытынды
Үйге тапсырма: Тазалық-денсаулық кепілі» ойтолғау
Бағалау .Бағалау бетшесі арқылы ұпайларынан жиынтық баға шығару
(3балдық жүйемен)
Кері байланыс (смайликтермен)