7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты тақырыбы:Сенің жетістіктерің, Қазақстан!

Тәрбие сағаты тақырыбы:Сенің жетістіктерің, Қазақстан!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

-Сабақтың тақырыбы: Сенің жетістіктерің, Қазақстан!

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана және Арал қалаларына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?

- Қазақстан

- Қазақстан жері қандай?

- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд)

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету)

- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі)

Хор: «Отан»

- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)

- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.

1 - оқушы:

Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,

Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.

Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,

Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.

Мұғалім:

- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады?

- Арал

Туған жеріміз Арал біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз.

Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.(өзім оқимын)

Осы кезде Аралдың өсіп - өркендеп келе жатқандығын сипаттайтын түрлі суреттер топтамасы слайдтан көрсетіледі, зер салып қарап отырамыз.

- Біздің өз туған жеріміз Аралды сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау)

Қазір Қ. Мырза Әлінің «Не үшін?» өлеңін екі оқушының орындауында тамашалайсыздар.

Ата - ана «Туған жер» өлеңін оқиды.

Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?

1. Туған жер - тұғырың

Туған ел - қыдырың.

2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

3. Туған жер - алтын бесік.

4. Туған жердің топырағы да ыстық.

Хор: «Атамекен» (ата - аналардың оындауында)

Мирас Ж. Смақовтың «Туған ел» өлеңін оқиды

Бәрі: Ол біздің - Қазақстан!

Нұрай: «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды.

Хор: «Біз Қазақстан балаларымыз»

Қорытынды:

Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!

Қорытынды:

Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.

Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал