7


  • Учителю
  • Вне классная работа по казахскому языку на тему 'Қазақ тілі білгілері'

Вне классная работа по казахскому языку на тему 'Қазақ тілі білгілері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


«Қазақ тілі білгірлері» атты сыныптан тыс жарыс сабағы

Мақсаты: Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру. Ойын арқылы ойлана білуге жаттықтыру. Ойлау қабілетін , сөздік қорларын молайта отырып, ұйымшылдыққа баулу , шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, балаларды ойын міндеттерін орындауға және ойын ережелеріне бағына білуге үйрету;

Көрнекілік: слайд, суреттер,қиылған сөйлемдер,жұмбақтар

- Құрметті ұстаздар, оқушылар . Бүгінгі «Қазақ тілі білгірлері» атты сыныптан тыс жарыс сабағына қош келдіңіздер.

Сайыс мақсаты:оқушылардың осы уақытқа дейінгі барлық ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша алған білім қабілеттерін анықтау. Сайысқа қатысушы 3 топпен таныстырып өтейін.

4«В»сыныбы «Зеректер» тобы

4«Г»сыныбы «Ойшылдар» тобы

4«Д»сыныбы«Тапқырлар» тобы


-Наурыз мерекесіне орай біздің 3 тобымыз «Ойындар әлеміне»жолдама алды .Олар

«Ойындар әлеміне» барып ,түрлі сайысқа түседі.

Осы ойын сайысында өз білімдеріңізбен биік шыңға жетулеріңізге тілектеспін.

Бүгінгі ойынымыздың шартымен таныс болайық.

1-кезең. Көп ойла, тез ойла !

2 -кезең «Не жасырынған?»

3 - кезең. Кім жылдам?

4 - кезең. Бұл қай мезгіл ?

5 - кезең. «Адасқан әріптер»

1-кезең. Көп ойла, тез ойла !

Бұл белесте сұрақтар қойылады. Ойланып жауабын айтады.

1.ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ НЕШЕ ӘРІП БАР?

2.Неше жыл мезгілі бар?

3.Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу?

4.Төрт түлік малды атаңдар?

5.Буынның неше түрі бар?

6.Киіз үйдің бөлшектерін атаңдар?

7.Көптік жалғауларды атаңдар

8.Наурыз мейрамын қ ашан тойлайды?

9.Жуан дауыстыларды атаңдар?

10.Қазақтың салт-дәстүрлерін атаңдар.

11.Қазақстанның көне қалаларын атаңдар.

12.Қожа Ахмет Йасаудің кесенесі қай қалада?

13.Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер?

14.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңдар.

15.Малдың пірлерін атаңдар.


2 -кезең «Не жасырынған?»

Ойынның шарты: оқушылар сандықшаның ішіне тығылған , жұмбақтар шешу арқылы аңдарды,құстарды табады. Суретте аңдар ,құстар көрсетілген.


Бiрi - ағаш кесу құралы,

Бiрi - шырынды бал бұлағы. (Ара)

Айбат шеккен алыстан

Аң патшасы ....арыстан

Ай астында ақ мамық

Жатыр суды жастанып
/аққу/.

Қиналып көтеріп

өзінен ауырды

Жорғалап кетеді

Жүкшідей кәдімгі (құмырсқа)

Біздің күнделікті іс-әрекетіміз білімге, оқуға, үйренуге бағытталған. Бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық та қажет.

Келесі сайыс түрі - « Кім жылдам ?»

3 - кезең. Кім жылдам?

Бұл бөлімде сайыскерлеріміз қиылған суреттерді құрастырып, « Наурыз мерекесі» туралы әңгімелейді .

4 - кезең. Бұл қай мезгіл ?

Бұл бөлімде сайыскерлерге жұмбақ жасырылады. Жұмбақты шешіп, жасырынған жыл мезгілі бойынша білетін тақпақтарын айтады.

- Балалар кім айтады бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- 4 жыл мезгілі бар.
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса мен қазір сендерге жұмбақ өлең айтамын, сендер қай мезгіл екенін табыңдар?
1. Күн ұзарып,
Қар еріп,

Су сайларға толады. (көктем)

Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады. (қыс)
3. Жауып жаңбыр,
Жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады. (күз)

4. Күндер ысып,
Шөп пісіп,
Ел пішенін орады. (жаз)
5 - кезең. «Адасқан әріптер»

Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.

Атакимемта -

Тедиәбе -

Ақақз ітлі -

Рысо іліт

Анығшыл лііт -

Түдиануен -

Азымку -

Енді сөзді әділ қазылар алқасына берейік.

Сайыскерлерді марапаттау.

Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Ақтөбе қаласы №53ОМ

«Қазақ тілі білгірлері»

4 класс






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал