7


  • Учителю
  • Поурочный план по математике 3 класс

Поурочный план по математике 3 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 01.09.2015 жыл

Сыныбы: 3

Пәні:математика

Тақырыбы: 0-ден 1000-ға дейінгі сандар.Ауызша қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын, құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау, ауызша қосу мен азайту дағдыларын бекіту ;

2. Дамытушылық: Сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын және логикалық ойлауын дамыту;

3. Тәрбиелік: Дәптерді үнемді пайдалануға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау:

Оқушылардан 2-сыныпта не үйренгендерін еске түсіруді сұраймын.

  • Осы оқу жылында математика сабақтарынан не үйренгілерің келеді?Олай болса, былтырғы оқығандарың толық естеріңде ме, соны тексеріп көрелік. Ол үшін бірнеше жаттығулар орындаймыз.

«Санда неше бірлік (ондық) бар?» ойын-жаттығуы

Ойынның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.Мен екі таңбалы және үш таңбалы санды атаймын, ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін көрсетеді.

«Қандай сан жоқ?» ойын-жаттығуы

Мақсаты : сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту; оқушылардың зейінін дамыту.

Тақтаға түсі , көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 20-дан 40-қа дейінгі сандарды бар кестені ілемін.

40

30

35

33

23

36

28

22

27

29

32

21

37

39

31

24

38

25

34

20

Оқулықпен жұмыс

Ауызша есепке 1-жаттығуды енгіземін.Сандарды оқып,қанша жүздік,ондық,бірлік бар екенін айтады. 896 986 698 689 869 305 352

Дәптермен жұмыс

Күн ретін жазып, көркем жазу минутын жүргіземін. 1 цифрын жаздыртамын.

1

1


1


1


1


1


1


1


1


1


1


1


1
























1


1


1


1


1


1


1


1


1


1


1


1

Таңбаны жазғанда клетканың шетінен бірдей арақашықтық тастап жазуын қадағалаймын.Дәптерді көлбеу, оқулықты түзу қоюды және дәптерді жазып болған сайын, кітаптың астына жылжытып, денені тік ұстап, дәптер мен көздің ара қашықтығын 30-35 см сақтауын ескертемін.

2-жаттығуды математикалық диктант түрінде жүргіземін, соңынан тексеремін.

7 жүзд.5онд.3 бірл. 25 онд. 4онд.3 бірл. 8 онд.2 бірл. 6 жүзд. 9 бірл.

ІІІ Өткен материал бойынша өзіндік жұмыс:

№3, 4-(а) жаттығуда оқушылар менің жетекшілігімен есептің қысқаша жазылуын құрастырады.

Барлығы - 508 Ш:(508+12)-320=520-320=200

Келді-12

Болды-320

Қыз-? Ж: мектепте 200 қыз бар

Осындай жан-жақты талдаудан кейін балалар есептің шешуін өз беттерінше табады.

№ 4 (ә)- жаттығуды балалар өз беттерінше орындайды.

№5- жаттығу есептеудің тиімді тәсілдерін дамытуға бағытталғандықтан, оны тақтада түсіндіре отырып орындатамын.37+17+13 48+(12+36) 17 + ( 59 + 13)

7- жаттығуды орындау кезінде уақыт бірліктері (сағат-минут, тәулік-сағат) арасындағы қатынасты қайталатып, тәулік мезгіліне қарай уақытты дұрыс айтуға үйретемін.


ІV Сабақты қорытындылау:

-Сабақтың мақсаты қандай болды? Сабақтағы тапсырмаларды орындай отырып, біз мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба?

  • Сабақта не ұнады? Сабақта қандай тапсырма қиын болды? Қандай тапсырма жеңіл болды?

  • Бүгінгі сабақта орындалған тапсырмаларыңа баға бер.

V Бекіту :

Құрама есептерді бекіту үшін математикалық диктант түрінде бірнеше жай есептерді шешіп, тек қана жауаптарын жазуды ұсынамын:

  1. 3 «А» сыныбында 25 оқушы бар, ал 3 «Б» сыныбында олардан 7 оқушы артық.

3 «Б» сыныбында неше оқушы бар?

  1. Серікболдың портфелінде 6 оқулық бар, ал Айсәуленің портфелінде одан екі оқулық кем. Айсәуледе неше оқулық бар?

Сұлтан өткен оқу жылында 98 «бестік» баға алды, ал «төрттік» бағасы одан 18-ге кем. Сұлтан өткен оқу жылында неше «төрттік» баға алды?

VI Үйге тапсырма: 6-тапсырма 5-бет Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастырады.

VII Бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал