- Учителю
- ӘДебиеттік оқу 4 сынып 'Жусан иісі', 'Дүниеде жамандық неден?', 'ҚұРманғазы', 'Ақ боран'. 2 сынып Қазақ тілі 'Дауыссыз н мен ң'
ӘДебиеттік оқу 4 сынып 'Жусан иісі', 'Дүниеде жамандық неден?', 'ҚұРманғазы', 'Ақ боран'. 2 сынып Қазақ тілі 'Дауыссыз н мен ң'
Ана тілі 4 сынып Қапатаева Бақытжан.
Сабақтың тақырыбы
Ы. Алтынсарин. « Дүниеде жамандық неден?»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың Ы. Алтынсарин туралы білімдерін толықтыра түсу, жамандық пен жақсылықты ажырата отырып, ой- өрістерінің кеңеюіне бағыттау, танымдық қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі
Ы. Алтынсарин туралы білімдері толығады. Жақсылық пен жамандықты ажырата алады, топпен жұмыс жасау арқылы сабаққа деген белсенділіктері артады. Венн диаграммасын құра алады.
Жабдықтар
А3 қағазы, маркер, бағалау парағы, смайликтер
Сілтеме
Ана тілі 4 сынып. С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
1 мин.
Топқа бөлу
2 мин
Ой қозғау.
Үй тапсырмасын тексеру.
5 мин
Жаңа сабақ
15 мин
Мағынаны тану
1 мин
1- тапсырма
4 мин
2- тапсырма
5 мин
3- тапсырма
5 мин
4- тапсырма
5- мин
Бағалау
2 мин
Оқушыларды түгендейді
Бүгінгі өтетін тақырыпқа байланысты мақал- мәтелдермен 4 топқа бөледі.
«Серпілген сауал» әдісі бойынша өткен тақырыпты түсіну деңгейін және талқылау дағдыларын тексеру мақсатында сыныптағы оқушыларға сұрақтар жазылған парақшаларды таратады.
Ы. Алтынсарин туралы мағлұмат береді.
Оқушыларға 1,2,3,4 нөмірлерді таңдатады. ЖИГСО-ны пайдаланып, 4 бөлікке бөлінген мәтіннің бөліктерін нөмірлерді таңдап алған оқушыларға үлестіреді.
Сергіту сәтін жасатады
4 топқа ортақ тапсырма.
«Дүниеде жамандық неден?» Постер құратады.
Сендердің ойларыңша дүниеде жамандық тағы неден болады? Эссе жазғызады.
Жұптық жұмыс.Жамандыққа қарсы жақсылық туралы жұппен ойлануға тапсырма береді. Ана тілі пәнінен алған осы тақырыпқа байланысты білімдерін естеріне түсіртеді.
«Дүниеде жақсылық неден?» постер құратады.
Жақсылыққа да, жамандыққа да әсер ететін кім?
Смайликтер таратып береді.
Сабаққа қатысып отырған оқушылар туралы мәлімет береді.
Оқушылар мақал- мәтелдерді таңдап алып, топтарға бөлінеді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Слайд көрсетеді.
1,2,3,4 нөмірлерін таңдап алған оқушылар өздеріне тиесілі бөліктерді оқиды.
Мәтінді оқып болғаннан кейін, сарапшы топқа жиналады. 1- нөмірлі оқушылар мәтіннің 1- бөлімін, 2- нөмірлілер 2- бөлімін т. с. с. Олар мәтін бөлімдерін талдаған соң, бір- біріне сұрақ қояды. Қайтадан өз топтарына оралады да, әрқайсысы өз бөлімдерін түсіндіреді.
Сергіту сәтін жасайды.
Барлық топтар құраған постерларын қорғайды.
Жазған эсселерін бір- біріне оқып береді де, үздік эссені өздері анықтайды.
Жұптық жұмыс жасайды.
Постерларын қорғайды.
Сұраққа жауап береді.
Таңдаған смайликті көрсетеді, не себепті оны таңдағанын түсіндіреді. Топ басшылары бағалауларын хабарлайды