- Учителю
- Ашық сабақ тақырыбы Кун сәулелі Қазақстан
Ашық сабақ тақырыбы Кун сәулелі Қазақстан
Күн сәулелі Қазақстан
Мақсаты: Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, Қазақстан Республикасы туралы білімін арттыру, сөздік қорларын молайтып, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру, тіл мәдениетін дамыту.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылып
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Балалар отырады
Тәрбиеші:
Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы
Байтақ елім - Ұлы Қазақстаным
Ең бақытты балалардың отаны.
-
Балалар, өлең не туралы айтылған?
-
Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-
Отан туған жер, туған отбасымыз, халқымыз.
-
Сендер отандарыңды білесіңдер ме?
-
Біз қай елде тұрамыз?
-
Қазақстан Республикасында
-
Елордамыз қай қала?
-
Астана қаласы.
- Еліміздің елбасы кім?
- Н.Ә. Назарбаев.
- Біздің мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
-
Өте жақсы, балалар.
-
Балалар, біздің отанымыз кең байтақ, түрлі қазба байлықтарға өте бай. Елімізде егін шаруашылығы, мал шаруашылығы өте жақсы дамыған.
-
Отан туралы тақпақтар
-
Еліміздің рәміздерін білесіңдер ме?
-
Әнұран, Ту, Елтаңба
-
Балалар, Әнұранды бәріміз білеміз ба?
Әнұран айтылады
-
Туымыздың түсі қандай?
-
Көгілдір түс ашық аспан мен тыныштықтың белгісі.Туымыздың ортасындағы алтын күн елімізге нұр сәулесін шашып тұр. Ортасында қалықтаған қыран құс және қазақ халқының ою өрнегі бейнеленген.
-
Ал, балалар, елтаңбада не бейнеленген?
-
Елтаңбада шаңырақ, арғымақ аттар бар.
-
Шаңырақ - үлкен ортақ үй дегенді білдіреді. Шаңырақтың уықтары халықтардың бірлігін көрсетеді. Бидай сабақтары - тоқшылықты, молшылықты білдіреді.
-
Балалар рәміздер туралы кім тақпақ біледі?
Бақыт бірлігі - күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны.
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда бар ерлігім
Халқымыздың бірлігі.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халқым қашан да
Биікке іліп қояды.
Тәрбиеші: Ал, балалар, Елордамыз Астана қаласына барып көрдіңдер ме?
Ендеше Астана қаласы алыс, сондықтан бәріміз Астанаға ұшақпен барайық. Ол үшін көзімізді жұмып, қанатымызды жайып, ұшақпен ұшамыз. Міне, Астана қаласына да келіп жеттік.
Слайдтан Астана қаласының көрінісі көрсетіледі.
Астананың символы- Бәйтерек. Елбасымыз біздің еліміз осы Бәйтерек сияқты биіктен көрініп, күні алтын жұмыртқадай жарқырап, халқымыз тату- тәтті өмір сүрсін деген ой білдірген.
Енді балалар, қазір біз екі топқа бөлініп, жарысамыз.
Бірінші топ - Астанамыздың символы Бәйтеректі құрастырады.
Екінші топ -Жапсыру. Қазақстанның байлығын көрсету.
Ел ордасы Астанам,
Саған айтам асқақ ән
Әрқашанда қазақ боп,
Туғаныма мақтанам.
Астана арман қала,
Бағы бар жанған қала
Тұрады ол жап жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.
-
Балалар, айтыңдаршы біздің еліміз қандай ел?
-
Әрине, тәуелсіз ел.
1991 жылы еліміз өз тәуелсіздігін алды. Бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел болып жарияланды. Қазақ халқы тәуелсіздікке жету үшін қаншама қиын -қыстау кезеңді басынан кешірді. Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет, біздің елімізде бәрі ынтымақта, достықта, бірлікте өмір сүреді.
-
Ал, сендер, айтыңдаршы, тәуелсіздік алған еліміздің осындай жетістіктерге жетуі кімнің арқасы?
-
Бәрекелді, балалар, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
-
Ал, Н.Ә. Назарбаев отанымыз үшін қандай жұмыстар жасады?
Дұрыс, балалар. Елбасымыз Қазақстан деген мемлекет барын әлемге танытты. Сарыарқаның төріне Астананы орнатып, оның гүлденуіне барлық жағдайды жасады. Қазақ халқының жағдайын жақсартты, білім алуға, балабақшаға көңіл бөлінді. Елбасы еліміздің тірегі.
Сергіту сәті:
Дөңгелене тұрайық
Керегені құрайық
Уық болып иіліп
Шаңырақ болып киіліп
Достық үйін құрап біз
Ұлттық биін билейік
Қаражорға биі
-
Балалар Отанымызға, елімізге қандай тілек айтасыңдар?
Тілектерін айтып ағашқа түрлі - түсті лента іледі
Ән «Жаса Қазақстан»
-
</<font face="Times New Roman, serif">Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма?
-
Сабақта не туралы айттық?
«Күннің жылуы» сурет
Қорытынды: Балалар, бүгін біз туған жеріміз, еліміз Қазақстан туралы әңгімеледік. Әлемде Қазақстаннан басқа да талай жақсы жерлер мен мемлекеттер бар, бірақ адамға ең ыстық - Отаны. Егеменді Қазақстан елінің келешегі де, болашағы да мына өздерің, сол себептен Қазақстан байрағын биік ұстап, өз тілдеріңді құрметтеңдер.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз
Үлкен -кіші, жасымыз да кәріміз
Мерекесін Отанымның бүгін біз
Есік ашып, шашу шашып,
Қарсы алайық бәріміз.
Бақыт бірлігі - күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны.
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда бар ерлігім
Халқымыздың бірлігі.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халқым қашан да
Биікке іліп қояды.
Ел ордасы Астанам,
Сағам айтам асқақ ән
Әрқашанда қазақ боп,
Туғаныма мақтанам.
Астана арман қала,
Бағы бар жанған қала
Тұрады ол жап жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.
Тәуелсіз ерікті ел болдың,
Сүйікті Отаным ардақты
Бақытты балдәурен баламыз
Мың алғым өзіңе, Отаным.
Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн,
Елім, жерім, қазағым деп тебіренем
Өйткені, мен тәуелсізбін, азатпын!