7


  • Учителю
  • На тему 'Натурал сандар жайлы есептер'

На тему 'Натурал сандар жайлы есептер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылы,

М.Қыстаубайұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Қалымбетова Эльмира Букебаевна


№ 1.Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар жайлы есептер

Сабақтың мақсаты:1.Натурал сандар жайлы білімдерін жетілдіру.

2.Сандарды дұрыс оқу мен жазу дағдысын

қалыптастыру.

3.Сандар разрядын ажырата білуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:СТО стратегиясын қолдану

Сабақтың мазмұны: 1.Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назарларын аудару,оқушыларды түгендеу.

Жаңа білімді қалыптастыру:

Заттарды санау үшін 1,2,3,4,5 т.б. сандар қолданылады.Олармен қорадағы малды, үйдегі бөлмелерді, сөредегі кітаптарды санауға болады.Сен қалай ойлайсың, тағы нелерді санауға болады ? «0» саны натурал санға жата ма ?

Сондай -ақ, сандар арқылы өлшем бірліктерінің, мысалы, ұзындықтың (13м), жылдамдықтың (70 км/сағ), салмақтың (17 кг), көлемнің (15 м2) шамаларын анықтауға болады.

Бұл сандарды натурал сандар деп атайды, олар арқылы қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын сендер орындап жүрсіңдер.Натурал сандардың қасиеттерін анықтау үшін, оларды бірден бастап санайық: 1,2,3,4,5,............... осылай шексіз санай беруге болады.Бұл натурал сандардың тізімін натуралдар қатары деп атайды.

Жаттығулар.

№ 1. Мына сандарды цифрлармен жаз.

Төрт жүз елу алты ..................................................................................................

Бес жүз алпыс сегіз мың алты жүз қырық бес ...................................................

Тоғыз жүз отыз мың елу ..................................................................................... ..

№ 2. Қатарды жалғастырып келесі санды жаз:

7098, 7099,...................................................................................................................

204 299, 204 300,......................................................................................................... 99 998, 99 999, ...........................................................................................................

№ 3. Разрядтық қосылғыш түрінде жаз.

4856 = ..........................................................................................................................

33521 = ........................................................................................................................

562 005 =......................................................................................................................

Есіңе сақта! Ең биік тау - Джомолунгма (8878 м)

№ 4. Түсіп қалған сандарды жаз.

6666 > 66666 47000 < 4700

99909 < 9099 1300 >13000

82000 = 8200 285096 < 28096

№ 5. Тақ сандар мен жұп сандарды бөліп жаз.

586, 3010,227, 10203, 9909, 50004, 38555, 84, 12360, 285,61207, 63012, 2000, 3000, 147.

Ішіне

Сыртына


Бекіту кезеңі: 1.Қорытынды кезеңі.

Сұрақтар: 2,3,4,7........................ (натуралдар қатарына жата ма ?

Натуралдар қатарындағы кез келген көрші екі санның айырмашылықтары қандай ?

2.Үйге тапсырма: № 4 тапсырманы беру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал