7


  • Учителю
  • Х х дыбысы мен әрпі, «Хоккей» мәтіні. (1 класс)

Х х дыбысы мен әрпі, «Хоккей» мәтіні. (1 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Х х дыбысы мен әрпі, «Хоккей» мәтіні. (1 класс)





Бастауыш сынып мұғалімі

Турабаева Мереке Жалгасбаевна

Байқоңыр қаласы

№274орта мектеп









Сабақтың тақырыбы:Х х дыбысы мен әрпі, «Хоккей» мәтіні.



Сабақтың мақсаттары:



1) Білімділік: Х х дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға, мәтіннің мағынасын түсініп оқуға жаттықтыру.



2) Дамытушылық: Х х дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.



3) Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, таза, әдемі көркем жазуға қалыптастыру.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.



Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топтық жұмыс.



Пәнаралық байланыс: Математика, бізді қоршаған әлем, бейнелеу.



Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, суреттер, қима қағаздар, әріптер, шығармашылық тапсырмалар.



Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:



а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



ә) Психологиялық дайындық.



Бір, екі, үш,

Класс іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.



а) «Асыл мұра» мәтінін оқыту, Н.Қалқаның «Ою» жайлы өлеңін жатқа сұрау.



ә) Сұрақтар:

- Ақжан қайда оқиды?

- Жазғы демалыста қайда келді?

- Анасы не істейді?

- Ақжан анасынан не үйренді?



Топтастыру әдісі.

















ІІІ. Өткенді пысықтау. Миға шабуыл.



- Дыбыстар неше түрге бөлінеді?

- Дыбыстардан не құраймыз?

- Сөздерден не құраймыз?

- Қосарлы дауысты дыбыстарды ата.





VI. Жаңа сабаққа дайындық.

Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, бізге қонаққа аңдар келе жатыр екен. Міне, қоян бірінші болып келді. Қоян жай келмепті, хат әкеліпті. Хатты оқимын.



-Балалар хат жайлы не білесіңдер?

- Туыстарыңа хат жазып көрдіңдер ме?

- Хат қалай басталады?

- Тағы да хатты қалай жазуға болады?

- Хат таситын кісіні кім дейміз?

- Біз не жайлы әңгімеледік?

- Хат дегенде бірінші қандай дыбыс естіледі?

- Х дыбысы.



V. Жаңа сабақты меңгеру.



Біз бүгін хат дегенде келетін «х» дыбысымен және әрпімен танысамыз. Х дыбысы бізге орыс тілінен енген әріп.

Х дыбысын хормен айтқызу.

Созып айтуға келмейді, кедергімен айтылады, дауыссыз дыбыс екен.

Көк дөңгелекпен белгілейміз.

Баспа, жазба түрімен таныстыру.

- Х дыбысы нелерге ұқсайды ?

(қайшы, көбелекке ұқсайды)



Ой толғаныс, сурет бойынша сұраққа жауап алу.

Қояннан қалмай қасқыр да өзінің тапсырмасын әкеліпті. Суреттерді көрсету. (Халат, кітапхана, шеберхана, асхана, дәріхана).



а) Сурет бойынша оқушыларға сұрақ қою, жауабын тыңдау.

ә) Бағандағы сөздерді оқу, х дыбысының сөздің қай жағында келетінін сұрау, буынға бөлу.



Сергіту сәті.



Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



Аюдың тапсырмасы: «Сиқырлы сандар» ойыны. Сандарды өсу ретімен дұрыс орналастырсақ бүгінгі жаңа сабағымыздың мәтінінің тақырыбы шығады екен.

Хоккей сөзіне дыбыстық талдау жасау, дауысты, дауыссыз екенін белгілеу.

5 3 1 6 2 4

е к х й о к

Хоккей дегеніміз не? - (Ойын)

Хоккейдің түрлерімен таныстыру.

1. Допты хоккей

2. Шайбалы хоккей

Хоккей дегеніміз - таяқпен, доппен, не шайбамен ойналатын командалық спорттық ойын.



Суретпен жұмыс.



- Қандай ойын?

- Кімдер ойнап жатыр?

- Қолдарында нелері бар?



Мәтінмен жұмыс.



«Хоккей» мәтінін оқу, мазмұнын түсіндіру.

а) Іштей оқыту.

ә) Тізбектей оқыту.

б) Тұтастай оқыту.

в) Көп буынды сөздерді оқытып үйрету.



Сөздік жұмыс.



Шабуылшы - ойыншылар

Қақпашы - қақпаны қорғаушы

Ептілік - икемділік



Сергіту сәті.



Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.



Дәптермен жұмыс.



а) Х х дыбысының салыну ерекшілігін түсіндіру, тақтаға салып көрсету.

( 2 элементтен тұрады)

ә) Ауада салып көрсету.

б) Үлгі дәптерді толтыру.



VI.Жаңа сабақты қорытындылау.



Түлкінің тапсырмасы:

І топ ІІ топ ІІІ топ

Ха буынынан Хоккей ойынына Адасқан

жаңа сөздер қажетті сөздерден

жасау. құралдардың сөйлем құрап

суретін салу. жазу.



</ VII. Бағалау, мадақтау, қапшықтан аңдардың сыйлығын тарату. (Доптаяқ, шайба)



VIII. Үйге тапсырма:«Хоккей» мәтінін оқып келу, доптаяқ, шайбаның суретін салу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал