- Учителю
- Поурочный на казакском языке н және ң дыбыстарына 2 класс
Поурочный на казакском языке н және ң дыбыстарына 2 класс
Қазақ тілі
2 сынып
1 сабақ Күні
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ғ әрпі сөз соңында жазылмайтынын, қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналатынын түсіндіру;
Дамытушылық: дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету;
Тәрбиелік мәні: оқуға құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Көрнекілік: суреттер, ереже
Қолданылатын технология: скт технологиясы
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі:
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Қызығушылығын ояту
ІV Мағынаны тану
V Ой толғаныс
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын түгелдей сабаққа аудару
а) Психологиялық дайындық.
Арайлап шықты жаңа күн,
Шуағын шашып баршаға.
Кәне, досым, күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде!
Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
5- жаттығу, 68 бет. Ереже жаттау.
Сурет бойынша құрастырған әңгімелерін оқыту.
ІІІ Қызығушылығын ояту.
1.Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі...
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай - қатаң дауыссыз дыбыс.
Себебі, бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.
1.Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі...
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай - ұяң дауыссыз дыбыс.
Себебі, бұл дыбысты айтқанда, үннен гөрі салдыр басым.
ІV Мағынаны тану
а) дәптермен жұмыс
Дәптерлеріне бүгінгі күнді және көркем жазу жолдарын жазғызу.
Дыбыс : Ұұ
Сол дыбысқа байланысты сөз жазу: құрық
Ауызша сол сөзге дыбыстық талдау жасату.
1-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, жазылуын есте сақта.
Құрық, қабық, жапырақ, қорық, торсық, топырақ, лақ.
Осы сөздерге ы дыбысын қосып жаз.
2-жаттығу. Мәтіннен қ, ғ дыбыстары бар сөздерді тауып, олар нешінші буында тұрғанын айт.
Ереже:
Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: орақ-орағы, шақ-шағы.
Сергіту сәті.
Ал балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық
-
жаттығу
Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі әріптердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
4-жаттығу. Керекті сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.
V Ой толғаныс
Шығармашылық диктант
Қалақ, келешек, таяқ, көлік, баспалдақ, қасқалдақ, көбелек, тіршілік, жастық, елек.
Берілген сөздерге ы, і әріптерін жалғатып жазғызу.
Үйге тапсырма: 5- жаттығу, 70 бет. Ереже жаттау.