7


Ана тілі 'Бала Мәншүк'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Мәриям Хакімжанова. Бала Мәншүк

Мақсаты: Мариям Хакимжанова, естелік жайлы түсінік алу. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

Міндеттері:

1. Мәншүк Маметованың балалық шағынан құрылған естелік әңгімемен таныстыру;
2. Оқушылардық ой өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту;
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, ұлтжандылыққа, өзін - өзі бағалауға баулу.
Күтілетін нәтиже: 1. Мәншүк Маметованың балалық шағымен танысады,
2. Сөздік қоры молаяды;
3. Өзін өзі бағалауға үйренеді, адамгершілік құндылықтарды түсінеді.
Қолданылған модульдер: «Жас ерекшеліктеріне сай оқыту», «Сыни ойлауға үйрету», «Талантты және дарынды оқушыларды оқыту», «Оқыту үшін бағалау» «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Қалай оқыту керектігін үйрету», «АКТ».
Ресурс: алтын ереже, оқулық, маркер, стикер, постер, Power Point таныстырылымы, қалпақтар, бағалау парақтары.
Қолданылған стратегиялар мен әдіс - тәсілдер: Амандасу тренингі;"Ыстық алақан", "Топ ұстанымын құру", "Сен маған, мен саған",«Қызықты деректер»,"ДЖИГСО" Cюжетті сергіту сәті " Қара жорға", "Алты қалпақ" Рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек», «Басбармақ» бағалау тәсілі .

Формативті бағалау оның ішінде: -Mадақтау! Жарайсың! Бәрекелді! Ынталандыру-топта сен ерекше белсенділік таныттың!-бүгін сен сұрақтарға дұрыс жауап бердің! Түрлі-түсті стакандармен бағалау, смайликтермен бағалау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ( І слайд )

- оқушылармен амандасып, түгендеу

- психолгиялық ахуал туғызу.

Психологиялық дайындық.

Тіл арқылы биіктерге жетеміз,

Тіл арқылы қиындықтан өтеміз.

Ана тілді қастерлесек,қадірлеп,

Болашақта самғай ұшып кетеміз.

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру .

" Өрмекші торы" әдіс - тәсілі. Үй тапсырмасын "Сен маған, мен саған" арқылы тексеру.

Мақсаты:өткен тақырыпқа шолу.

- Үйге қандай тапсырма берілді? (Әзиза Нұрмаханованың «Шығыс шынары»)
Үй тапсырмасын пысықтау:
- Әңгіме неліктен "Шығыс шынары" деп аталған?

- Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
- Әлия Молдағұлова.
- Әлия туралы не білдіңдер?
- Әлия бала кезінде қандай болған?

- Әлия өсірген гүлдердің атын ата?


- Әлия сияқты батыр қыздар қазіргі кезде бар ма ?
- Тағы қандай батырларды білесіздер?
- Осы әңгімеден өздеріңізге қандай үлгі алдыңыздар?

-«Шығыс шынары» әңгімесінің мазмұнын 3 - 4 оқушыға жалғастыра айтқызу

Сендер үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер, жарайсыңдар!

Формативті бағалау .Mадақтау, Жарайсың!Бәрекелді!

  • «Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі арқылы теңеу сөздер жазып көрейік(Флипчарт)

  • Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.

І топ: Батыр

ІІ топ: Ержүрек

ІІІ топ: Қайсар

  • Топқа бөліну.

Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлау және топ атын жазып қою. Топ ұстанымын еске түсіреді ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту «Ой қозғау»

Интербелсенді тақтадан бейнефильмнен үзінді көрсету. Мәншүк Мәметова жайлы бейнефильм ( видео, слайд)

- Бейнефильмнен не түсіндіңіздер?( Оқушылар жауабын толықтыру)
-Кім туралы екен?

- Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

- Батыр Мәншүк Мәметова туралы.
- Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды?

  • Биыл Жеңіске неше жыл толады?

  • Әлия Молдағұловадан басқа Отан соғысында ерлік көрсеткен тағы қандай қазақ батырларын білесің?

  • Әлиямен аты қатар айтылып жүрген қазақтың батыр қызы кім?

  • Мәншүк Мәметова.

Мәриям Хакімжанова. "Бала Мәншүк"

а) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы: М.Хакімжанова «Бала Мәншүк» деген әңгімесімен танысамыз.

- Мариям Хакімжанова жайлы не білеміз? (слайд)

ІҮ. Жаңа сабақ. (Оқулықпен жұмыс) 264 -265 бет

"Джексо" әдісі арқылы 3 топқа тапсырма беріледі.
"ДЖИГСО" бойынша мәтінді 3 топқа бөліп беру. Топтан көшбасшы сайлау.

- Әр топқа мәтінді оқуға 5 мин уақыт беріледі.

Әр топ өзіне тиісті мәтінді топта талқылап, бөлісіп, аударып, оқиды.
Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу.
1 - топ. І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»


ІІ - топқа. ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»

ІІІ- топқа. «Мәнсияның жанама аты»

1. Әр топтан 1 оқушы мәнерлеп оқиды.

2. Топта талқылайды.

3. Топ басшылары бір - бірлеріне барып іштей талқылап айтады.

4. Көшбасшысы түсінген мазмұның айтады. Топтарды бағалау.

Әр топқа жасыл, қызыл, көк, сары стақандар беріліп отырды.

Ү. Сергіту сәті.

Power Point слайдта көрсетілген қимылдарды қайталау.

"Қара жорға"

ҮІ .Топтарға тапсырма беру. (постермен жұмыс)

3 топқа тапсырма беру.
1топ . "Батыр". Мәншүк туралы тірек сызбасы. Кластер қорғату. (флипчарт)

2 топ . "Ержүрек" (флипчарт)

Эссе жазу. Мәншүк Мәметова туралы.

3 топ. "Қайсар" (флипчарт)

Бес жолды өлең құрастыру.

  1. Зат есім. Кім? - Мәншүк

  2. Етістік Не істеді? Қайтті? - атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.

  3. Сын есім. Қандай? - ержүрек, батыр, өжет.

  4. Синоним. Мәншүк - Мәнсия

  5. Сөйлем. Мәншүк қазақтың батыр қызы.

Жасаған жұмыстарын қадағалап, бақылау жасайды. Түсінгендерін ортаға салу.

Жасаған жұмыстарын өзара талқылап, сынып алдында қорғау. (Мадақтау)

ҮІІ Қорытындылау.


Сабақты бекіту. «Ойлаудың алты қалпағы » стратегиясы. 6 оқушыдан тұратын әрбір топқа түрлі- түсті қалпақтарды таратамын. Оқушылар қалпақ түстеріне қарай топтарға бөлінеді. Мәтінді талдайды.


Ақ қалпақ: Шығарма не туралы?

Қара қалпақ: : Шығармада не ұнамайды?

Сары қалпақ: Шығарманың жағымды жақтары. Несімен ұнады?

Қызыл қалпақ: Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдың?
Жасыл қалпақ: Сізде қандай жаңа ойлар пайда болды?
Көк қалпақ: ( анализ, синтез ) Шығармадан қандай үлгі алдың? ( тәрбиелік мәні). Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?


- Әрбір топтағы қызыл, сары, көк, жасыл, қара, ақ түсті қалпақ киген оқушылар келесі топтағы түстес құрбыларымен бірігіп берілген сұраққа жауап іздейді.


- Бағалау.

Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.

«Жойылсын Соғыс»әнін айту.

ІХ.Сабақтың басты сәттерін анықтау. «Сабаққа кері байланыс»

-Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

-Бұл сабақта мен не үшін қиын болды?

-Бұл мен үшін неге қиын болды?

-Бұл қиындықтарды ненің көмегімен еңсердім/ еңсере аламын?

Мұғалім топтық баға және өз бағалау парағы арқылы қорытынды баға шығарады.

«Алма ағашы» Оқушылар қызыл, сары, көк алмаларды алып ағашқа іледі.

Х. Үйге тапсырма: 264 - 265 бет

Оқу, мазмұндау. «Шығыстың қос шынары» шағын эссе жазып келу

ХІ Бағалау VIII .Бағалау. Сабақ барысына байланысты бағалау парағы үлестіріп беріледі, сол бойынша оқушы білімін бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал