7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку для 8 класса

Урок по казахскому языку для 8 класса

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Бұл сабағым орыс мектептеріндегі 8 сыныптарға арналған. Сабағым оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаландым сонымен қатар бұл сабақта формативті бағаланды. Сабақты ұйымдастыру кезінде оқушылар бір-біріне сәттілік тіледі.. Сабақ барысында сыныпты үш топқа бөлдім,
предварительный просмотр материала

«Қазақтың сыйлы тағамдары» тақырыбы бойынша өткізілген

төртінші сабағымның қысқа мерзімді

жоспары:

Пәні : Қазақ тілі

Мерзімі

Сыныбы : 8

Сабақтың тақырыбы :

«Қазақтың сыйлы тағамдары» (2 сағат). Қазы - қарта, жал - жая.

Құрмалас сөйлем

Сабақтың реті:

4 - сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Халқымыздың қашанда бай қазынасы, әдет - ғұрпы, салт - дәстүрі, құнды жәдігерлерімен қоса, сыйлы, ұлттық тағамдарының ерекшелігімен ерекшеленетінін насихаттау. Ақпарат көздері арқылы бейнелеу. Тіл сабақтарында бұл жөнінде сауаттылыққа, берілген тақырып бойынша жаттығу жұмыстарын талдай білуге үйрету.

Құнды мұраларымызды , ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай білуге тәрбиелеу.

Сілтеме :

БББ нәтижесі, СТО стратегиясы, диалогтік сөйлеу маңыздылығы, АКТ.

Оқыту нәтижелері:

  • Өзін - өзі реттеуге талпынады.

  • АКТ -ны пайдаланып, сурет арқылы жұмыс жасай біледі.

  • Жұмыла отырып, топпен жұмыс жасайды.

  • «Авторлық орындық» арқылы өз ойларын айта алады.

  • Өзін, өзгені бағалай алады.

  • Постермен жұмыс істеу арқылы өздерінің тіл байлықтарын, сөйлеу мәдениетін көрсете білуі.

Түйінді идеялар:

Қазақ халқының сыйлы тағамдарының ерекшеліктері

Сабақтың типі:

Берілген материалдарды зерделеу, ой елегінен өткізіп қайталау. Жадыда сақтау.

Сабақты ұйымдастыру түрі

Қорыту - тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер

БББ нәтижесі

СТО стратегиясы

«Авторлық орындық» әдісі

«Қайталау аралы» әдісі

«Ақпарат көзі» әдісі

Жұмыс түрлері

«Ақпарат көзі», топтық, жұптық , «Авторлық орындық», көшбасшы

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі, яғни дереккөздер:

Слайдтар, сюжетті суреттер, қима қағаздар, интерактивті тақта

І . Қызығушылығын ояту кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

2 мин

1 - әрекет

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Гүлдей жайна» смайликтері арқылы көңіл - күй сыйлау.


Сабақтың тақырыбына байланысты оқушыларды екі топқа бөлу

1 - топ. Қазы - қарта, жал - жая

2 - топ. Құрт


Оқушылар қолдарындағы 1 тал гүлдерін бір - біріне ұсынып, жағымды тілек айтады.

Соңында гүлдер топ басшысына жиналады. Гүлдердің бір жерге жиналуы сыныптағы бірлікті, татулықты көрсетеді.

3 мин



2 - әрекет

Миға шабуыл әдісі арқылы І - ІІ топ өздеріне ұсынылған тапсырмаларды қорғап шығу.


1 - топ. Қазы - қарта, жал - жая

2 - топ. Құрт


Мәнмәтін құрастыру

Жылқы сойғанда, оның ең шұрайлы, әрі бағалы мүшелерінен жасалған сыйлы тағам - қазы - қарта, жал - жая.


1 және 2 топ мүшелері бірлесе отырып, қазақтың сыйлы тағамдарының жасалу техникасын «Авторлық орындықта» отырып қорғайды.(АҚТ)

«Авторлық орындық»

Құрт - қазақтың бірнеше ғасыр бойы ішіп - жеп келе жатқан ұлттық азығы, кәделі асы, өте тоқ тағам...



мин

3 - әрекет АКТ - мен жұмыс. Төмендегі сөздердің мағыналарын сызықпен қосып көрсету арқылы анықтау.


Араздық


Майдан қылшық суырғандай

Айрандай ұйып

Тоқтық

Ауызынан ақ май ағып

Ынтымақ

АКТ-мен жұмыс жүргізу әрқашанда оқушыларға өте қызық. Бұл тапсырмаға оқушыларұйымшылдықпен қатысады.


Ит басынан іркіт төгілген

Сүттей іріп


Заман


Ептілік


«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін анықтау.


Егер түсінбесе «қызыл», көмек керек болса «сары», барлығын түсінсе «жасыл» түс көтереді.

ІІ. Мағынаны ширату кезеңі

мин

4 - әрекет «Ақпарат көзі»


Сұрақ:

  1. Қазы - қарта, жал - жая қалай дайындалады?

  2. Құрт тағамы қалай жасалады?

  3. Зерттелу

Төмендегі кестені толтыру , нені түсінгенін білу.

1 - кесте.(1 топ)

  1. Мұны мен білгенім жоқ

  2. Менің білетін деректерім

  3. «Өзің сен, өзіңді алып шығар, білімің мен еңбегің екі жақтап...»

Оқушылар төмендегі кестені бірлесе отырып , толтырады.

Тағам атауы

Етістік

Сын есім

Зат есім


Құрт

  1. жасалады

  2. болады

жасалған (етістік)

жақсы жасалған (сын есім)

қой,

сиыр

сүт


дәмі

сапа



Құрт - қой, сиыр сүтінен жасалады. Әрине, қой сүтінен жасалған сүттің дәмі де сапасы да жақсы болады.


2 - кесте.(2 ТОП)

Тағам атауы

Қандай?

Қалай дайындайды?

Қазы - қарта,

жал - жая

майлы

кертпе (жал)

сарыала(жая)

кәделі (сый)

сыйлы (мүше)

шұрайлы

бағалы (мүшелері)

айшықты

пайдалы (қарта)


айналдырады (ішекке)

сақтайды

тигізбейді (желге)




Семіз қозы, айшықты қарта, майлы қарын, кертпе жал, сарыала жая - қазақ мақтанышы ғана емес, денсаулыққа аса пайдалы тағамдар.

5 - әрекет Өзін - өзі бағалау, тексеру. Постермен жұмыс.

Оқушылар өздерінің білімдерін тексереді. Ұлттық сыйлы тағамдардың жасалу технологиясын атап көрсетеді.

6 - әрекет . Бағалау.

Сөзжұмбақ құрастыру (үйге)

Формативті бағалау


Оқушылар үйде сыйлы тағамдардың бірінің атауына ие сапасына байланысты сөзжұмбақ жасайды, әрі шешеді.

Өткен алған әсерлерін жазады.


Мұғалім

Сағиева Эльмира Мұхаметкәрімқызы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал