- Учителю
- План урока на тему 'Тілашар' (1 класс)
План урока на тему 'Тілашар' (1 класс)
Тақырыбы: Біз бақытты балдырған.
Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға , оқуға шақыру. Мектепке сүйіспеншілік ояту, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Барысы:
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата- аналар, оқушылар ! Бүгін біз кеше ғана мектеп табалдырығын алғаш аттаған шәкірттеріміздің «Біз бақытты балдырған» атты тілашар мерекесін көруге қош келдіңіздер.
Енді осы тілашар тойымыздың шашуың ақ жаулықты апамыз .... ақ тілегін білдіре отырып, шашу шашуға рұқсат етіңіздер.
Ендігі сөзімізді осы бүлдіршіндерге берейік:
Ән «Тіл ашар»
-
Сәлем саған, мектебім
Сәлем мектеп ордасы
Жасыл бақты мектебім
Жастық шақтың жолдасы.
-
Оқимын сабақты
Күн сайын беске тек
Үйренем көп нәрсе
Талапқа қоймай шек.
-
Мен мектепке барамын
Күнде бестік аламын
Үміт күткен елімнің
Жұлдызы боп жанамын.
-
Мектепке биыл барамын,
Қолыма кітап аламын.
Дайын тұр сауыт сайманым,
Дайын тұр жазар қаламын.
-
Енді мен үлкен баламын
Ананың тілін аламын
Әжемнің барлық айтқанын
Миыма құйып аламын.
Ән «Біз мектепке барамыз»
-
Отан - жерім , Отан - суым
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым
Отан - мәңгі гүлденеді !
-
Отан баласындай
Бізді өсірер аялап
Отан деген - атамекен
Отан деген - туған жер
-
Отанымды қорғаймын,
Бейбіт күнді қолдаймын.
Қорғау үшін елімді
Ұлан болуды ойлаймын.
-
Отан деген - атамекен
Отан деген - туған жер
Отан - ана
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел !
-
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі -
Тұнығындай көңілді -
Ортада- аспан әлемі.
-
Тәуелсіздік жолында
Талай - талай тер тамған..
Билігім өз қолында -
Еркіндігім - Елтаңбам.
-
Абай туған, Сәкен туған
Құрметте , досым, қазақтың жерін
Қамбаға жылда миллиард құйған,
Қазақстан Республикам менің !
-
Ұлан байтақ далам бар,
Астанадай қалам бар
Төрт түлігім сай мекен
Бүкіл әлем қараңдар !
-
Асыл өлкем ерекше
Қазақстан - мекенім !
Беп - белгілі емес пе,
Сенің ғажап екенің!
-
Көк аспандай - көкпеңбек
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен тек
Елдің ашық қабағы.
-
Әнұраным - жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
-
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы
Еңбек ортақ, жер ортақ
Ортақ бізге барлығы.
-
Бар сананы басқарған
Оқу биік тұрады
Кітапты көп ақтарған,
Білімді боп шығады.
-
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
-
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
-
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған астанам,
Әсем қалам, бас қалам
-
Отанды,
Жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
-
Кеңсің, дала,
Туған ана,
Көйлегің кең, көк ала
Жан беремін,
Тән беретін,
Мейірімді ана, сен ғана.
-
Биік болсын шоқтығың,
Атыңды айтам ән қылып
Желбірейді көк туың -
Төбемізде мәңгілік !
Санамақ.
Кел санайық санамақ
Саусақтарды даралап Хор
-
Бас бармағым алғашқы
Балан үйрек жалғасы
-
Ортан терек кезекші
Шылдыр шүмек көмекші
-
Шынашағым - қарлығаш
Барлығына қарындас
-
Бесеуіде бауырлас
Ағайын, дос, ауылдас
-
Бас бармағым - ағасы
Балан үйрек - нағашы
-
Бір дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп
Екі деген - елім,
Далам, тауым, көгім
Үш дегенім - үміт
Үміт артар жігіт
-
Төрт дегенім - төзім
Төзе білем өзім
Бес дегенім - бақыт
Бағалайтын уақыт
Алты деген ақыл
Тыңдағаның мақұл
Жеті деген - жалау
Жүректегі алау
-
Сегіз деген - сөзің
Серт беретің кезің,
Тоғыз деген - тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау
Он дегенім - Отан
Қорға соны, ботам !
Мақал - мәтелдер.
-
Оқу- білім бұлағы
Білім өмір шырағы.
-
Байлық байлық емес,
Бірлік - байлық.
-
Дала көркі - мал
Өзен көркі - тал.
-
Бес түп алма
Бестік алғандікі
Төрт түп алма
Төрттік алғандікі
-
Отансыз адам
Ормансыз бұлбұл.
-
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
-
Бірлік болмай, тірлік болмас.
-
Досыңды бір алдасаң,
Өзіңді мың алдағаның.
-
Ана сөзі - бата сөзі
Ата сөзі - ақылдың көзі.
-
Ананың сүті - бал
Баланың тілі - бал.
Жұмбақтар
-
Жазда қыдырады, қыста тынығады.
(аю)
-
Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айғай мен шу
(түлкі)
-
Жатып жатып инелер,
Жүгіріп жаныңа тез келер
(кірпі)
-
Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым
(сәбіз)
-
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар
(тасбақа)
-
Қыста ғана болады,
Ұстасаң, қолың тоңады
(қар)
-
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(күн)
-
Ағайынды бәрі,
Шықса -жасыл,
Түссе - сары
(жапырақ)
-
Гүлге қонады
Гүлдің қонағы
Үйіне кірсең,
Бөшкелер гүлге толады.
(ара)
Ұйқасын тап.
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты -.......
(жүзім)
Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - .....
(жаңғақ)
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - .....
(шабдалы)
Ән «Отан»
Жеке номерлер:
-
«Вальс» би
-
«Қуыршақ» би
-
«Менің әжем» ән
-
«Айгөлек» қыздар тобы би
-
«Қаражорға» би