7


  • Учителю
  • Ана тілі пәнінен сабақ жоспары

Ана тілі пәнінен сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Ө. Ақыпбекұлының "Мен таңдайтын мамандық"өлеңі Сабақтың мақсат- міндеттері А)білімділік: Көркем шығарма үлгісінде оқу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Автордың көзқарасынанмамандық иелерінің қызметі және олардыңеңбегінің маңыздылығытуралы білім
предварительный просмотр материала

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Ө. Ақыпбекұлының Мен таңдайтын мамандық... өлеңі


Сабақтың мақсат-

міндеттері


А)білімділік:


Көркем шығарма үлгісінде оқу дағдысын одан әрі қалыптастыру. Автордың көзқарасынан мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегінің маңыздылығы туралы білім беру.Кәсіптітаңдау, игеру үшін оқып, білім алу қажеттілігін түсіндіру.

Ә)дамытушылық


Көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту. Әңгіме құрастыруда өз ойын, өз армандарын нақты және түсінікті жеткізе білу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, оқу дағдыларын жетілдіру.


Б)тәрбиелік

Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.


Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту

Сабақтың типі:

Жеке, ұжымдық

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдістері:

Шығармашылық ізденіс сабағы

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интербелсенді тақта

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Дүниетану , қазақ тілі

Сабақ барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқу құралдарын даярлау;

- сабаққа назар аудару


II.Мақсат қою кезеңі

Ең басты жұмыс

«Болжам жасау» стратегиясы

Есік ашылды да ,үйге Әнуар кіріп келді.

-Бітті мәселе шешілді. Бұдан былай мектепке бармаймын . Оқи аламын, жаза да білемін . ендігі жерде онда мен не істеймін?

Әкесі мен шешесі таңғалып, бір-біріне қарады. Олардың әрқайсысы өз ісімен айналысуда еді: шешесі столда жазу жазып отырған, әкесі терезенің алдында сызу сызып отырған.

  • Жарайды, балам, шешініп демал. Шаршап келген боларсың,-деді шешесі.

Әнуар біраздан кейін:

-Ертең барып, жұмысқа орналасамын,-деді

-Кім болып істегің келеді? -деп сұрады шешесі.

-Ең болмағанда сен сияқты дәрігер болып істеймін.

-онда маған келіп көмектес. Тұмау тиіп ауырған адамға дәрі алатын қағаз жазып бер. Дәрі алатын қағаз латынша жазылады. Ал қалай жазуды өзің білуге тиістісің , өйткені сен дәрігерсің ғой.

-Жоқ маған сенің жұмысың ұнамайды,-деді.

-Әнуар деп шақырып алды әкесі.- Сызбаны көрсетіп, неге екенін білмеймін, менің сызбам дұрыс шықпай тұрғаны.

Әнуар сызбаға жақындап барды.

-Бала түсініксіз бір нәрселер сызылған қағаз бетіне ұзақ қарап тұрды да :

-Әрі қарай бала қандай әрекет жасайды деп ойлайсыңдар?


III.Жаңа материалды түсіндіру

« Халық пен халықты , адам мен адамды теңестіретін нәрсе -білім» ,-деп Мұхтар Әуезов айтқандай бүгін жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі-мамандық таңдауды өлең жолдары арқылы берген Ө. Ақыпбекұлының « Мен таңдаған мамандық...» тақырыбындағы өлеңмен танысамыз.

Автор туралы мәлімет

Өтепберген Ақыпбекұлы- 1950-2007 жылдар аралығында өмір сүрген жазушы. Еңбек жолын туған ауданындағы Абай атындағы кеңшарда тракторшы, клуб меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы болып бастайды.

Еңбекқор жазушы аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы,Қ.Р Әділет министрлігінің басқарма бастығы қызметін атқарады.

Әр жылдары «Экологиялық әліппе», «Балдай тәтті әліппе», «Қызықты әліппе», «Мен таңдайтын мамандық» т.б балаларға арналған өлең кітаптары жарық көрген.

I.Мәтінмен жұмыс

  • Тақырыпты тану.

Түрлі мамандықтар суреті көрсетіледі.

-Бұл қандай мамандық иелері?

- Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

-«Мамандық» сөзін қалай түсінесіңдер?

Мұғалім сөзі: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Мамандықты таңдау үшін адам ең алдымен өзін , өз қабілеттерін бейімділігін тану керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрлері өте көп., таңдау жасау оңай емес.

Мамандық таңдау ережесі:

-барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және Сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;

-өзін-өзі зерттеу маңызды;

-барынша өзіңе ұнамды ыңғайлы мамандықты таңдауың керек;

- мамандықты меңгеруде табандылық танытуың керек.

-мәнерлеп тұтас оқу (мұғалімнің оқуы)

  • Сөздік жұмысы

Ғұмыр-өмір. /синонамдік тәсіл/

Жалгер-жалданып жұмыс істейтіндер. түсіндірме

Ганибет- игілік ,игілікті іс. сөздігі

  • іштей оқу (оқушылардың оқуы)

  • мәнерлеп тізбектей оқу

  • Мазмұнын талдау-жинақтау

1.Құрылысына қарай талдау

-шығарманың қай түріне жатады?

-өлеңнің әңгіме желісіндегі шығармалардан айырмашылығы неде?

-өлең үзіндісі неше шумақтан тұрады?

-неше тармақтан тұрады?

/математикалық байланыс арқылы тармақ санын таптыру/

-Өлеңнен кімді көрдік?

2. Компазициялық құрылымына қарай талдау

-өлеңнің авторы кім?

-ақын өлең арқылы не айтпақ болды?

- Өлеңдегі Әміре ,Күләш жайында не білеміз?

-елімізде қандай вело-спортшыларда білеміз? /Александр Винакуров/

- Кәсіпкер деген кімдер? Өзіміздің ауданымыздан шыққан «РЗА» акционерлігінің жасап жатқан еңбегің туралы не айтуға болады?

-Қандай геолог, ғалымды білеміз?

-Ғарышкер мамандығының ерекшелігі? Қандай ғарышкерлерді білеміз?


IV.Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

II. Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

1-тапсырма

Қара сөзбен жазу

  • Өлеңде әншінің арманы

  • Кәсіпкердің арманы

  • Вело-спортшының арманы

  • Геологтың арманы

  • Ғалымның арманы

  • Ғарышкердің арманы

  • Елшінің арманы

Сергіту сәті «Мамандықты тану»

2-тапсырма

Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта та бар ,қалан»,- деген жас ұрпаққа. Алға ұмтылып ,елге қажетті мамандық иесі боламыз деп арман еткен шәкірттер.

Әр оқушы өз болашағын қалай елестетеді?,осы туралы ой толғауына кезек берейік...

«Егерде мен..» эссе жазу

Тапсырмаларды қорытындылау

«Мамандығым мақтанышым»

Видио көрсетіледі

-маман иелерінен алынған интервью

Мұғалім сөзі: Орыс академигі ,тәжірибелі әдіскер психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар.

  • адам техника (құрылғылармен жұмыс істейтін ұшқыш, электромонтерлар)

  • адам адам ( еңбек нышаны болып басқа адам табылады олар дәрігер, мұғалім )

  • адам белгі жүйесі ( ой өрісі өте кең бухгалтер, ғылыми сала,ЭЕМ операторы)

  • адам табиғат ( мал дәрігері, агроном.)

  • адам көркем образ (талантты туа біткен дезайнер, суретші,әнші)

V.Сабақты бекіту

«Адасқан жолдар» стратегиясы

  • Келіспейтін өлең жолдарын өз орнына қой.

Велосипед мініп ,одан да

Вело-спортшы болам ба?

Бар пайданы ойламай,

Барымды берем мен елге.

Геолог болып тегі мен,

Гүл жайнаған өңірден:

Ғұмырлы қазақ елінің,

Ғарышқа жаяр салтын кең...

Кәсіпкер болсам егерде

Бар әлемді кезем де:

Вело жарыс жолында

Великпен желден озам да.

Ғалымның жолы ғажайып!

Ғибрат сабақ алайық.

Гуілдеп күн -түн тынбайтын,

Газдың ашам кенін мен.

  • Өлеңнің толық нұсқасын айту

Мұғалім сөзі:

Әбунасыр әл-Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.» деген.


VI.Үйге тапсырма


Өлеңді жаттау


VII. Бағалау.


-мадақтау,үлгі ету, ынталандыру;

- оқшылардың бірін-біріне баға беруі;

- өзін-өзі бағалауы;

« Халық пен халықты , адам мен адамды теңестіретін нәрсе -білім» ,-деп Мұхтар Әуезов айтқандай бүгін жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі-мамандық таңдауды өлең жолдары арқылы берген Ө. Ақыпбекұлының « Мен таңдаған мамандық...» тақырыбындағы өлеңмен танысамыз.


Мұғалім сөзі: Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандық бар. Мамандықты таңдау үшін адам ең алдымен өзін , өз қабілеттерін бейімділігін тану керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрлері өте көп., таңдау жасау оңай емес.

Мамандық таңдау ережесі:

-барынша көптеген мамандықтарды зерттеу керек және Сіз тіршілік еткен аймақта қандай мамандықтар керектігін анықтау қажет;

-өзін-өзі зерттеу маңызды;

-барынша өзіңе ұнамды ыңғайлы мамандықты таңдауың керек;

- мамандықты меңгеруде табандылық танытуың керек.


2-тапсырма

Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта та бар ,қалан»,- деген жас ұрпаққа. Алға ұмтылып ,елге қажетті мамандық иесі боламыз деп арман еткен шәкірттер.

Әр оқушы өз болашағын қалай елестетеді?,осы туралы ой толғауына кезек берейік...

«Егерде мен..» эссе жазу

Мұғалім сөзі:

Әбунасыр әл-Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады.» деген.

Бекітемін: директордың БСЖО Ж.Жарылқаған


Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 4 «Ә»

Уақыты: 20.01.2015ж

Пән мұғалімі:Орыналиева Ақық

Сабақтың тақырыбы: Әбдірахман Асылбекұлы «Үйрену»


Сабақтың мақсат-

міндеттері


А)білімділік:


Өлеңдегі негізгі ойдытауып ашу, өз сөзімен жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың оқу дағдысын, байланыстырып сөйлей білуге үйрету.

Ә)дамытушылық


Көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту. Әртүрлі тапсырмалар орындай отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.


Б)тәрбиелік

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.


Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту

Сабақтың типі:

Жеке, ұжымдық

Сабақтың түрі:

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интербелсенді тақта

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Дүниетану , қазақ тілі

Сабақ барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқу құралдарын даярлау;

- сабаққа назар аудару


II.Мақсат қою кезеңі

Ерте ,ерте, ертеде

Әлде одан ерте ме

Ежелгі адамдар өмір сүрген заман еді. Адамдардаң өмірі жануарлардың өміріне ұқсас өмір сүрген екен. Бірақ бірте-бірте адам өмірі жақсара түседі: олар отты қолдануды үйренеді, бір-бірімен тілдесіп, сөйлеседі, жабайы аңдарды қолға үйретеді. Қоршаған ортаны сезім мүшелері арқылы таниды. Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу... Бірақ адамдар жануарлардың адамдарға қарағанда сезім мүшелерінің жақсы дамығанын байқайды. Да осы артықшылықтарын қолданады.

Мысалы: қабан шошқалардың азу тістері өткір екенін байқап,өздеріне осындай жасап алуды шешеді. Пышақ, найза т.б осындай қарулар ойлап табады. Осындай тапқыш адамдардың бақылау , байқағыш қасиеттері жақсы дамығандықтан табиғат құбылыстарына да әуес болған. Тастың оттың жанында көп тұрса, онда ол - Не болады?

-Дұрыс айтасыңдар, қатты қатты қызады, жылуды көпке дейін сақтап тұрады. Осыған қарап тапқыштар,үңгірге ошақ дайындаған, жан-жағына тастар қойып от жаққан. Қазіргі пеш каминдер осылай шыққан.

Тікенекті өсімдіктердің тікендері бататынын барлығымыз білеміз., осыған қарап садақ, найза, ине, балық аулайтын ілгектер тапқан.

III.Жаңа материалды түсіндіру

Ендеше, Әбдірахман Асылбековтың « Үйрену» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы мәлімет

Әбдірахман Асылбеков- 1907-1970

жылдар аралығында өмір сүрген ақын, аудармашы. . 1960 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық уневерситетінің психология кафедрасында қызмет атқарған.

Сықақтармен мысалдар:

Сауысқанның сәлеміАқынның шығармашылық жолы

Өлеңдермен ертегілер:

Жапырақтар,Қиял қиясында, Алтын дән, Достық балладасы, Ерден атайдың ертегілері


I.Мәтінмен жұмыс

Тақырыпты тану.

  • Суреттер сөйлейді

  1. Мұғалімнің өлеңді мәнерлеп оқуы

  2. Іштей оқу (оқушылардың оқуы)

  3. Мәнерлеп тізбектей оқу

  • Мазмұнын талдау-жинақтау

1.Құрылысына қарай талдау

-шығарманың қай түріне жатады?

-өлеңнің әңгіме желісіндегі шығармалардан айырмашылығы неде?

-өлең үзіндісі неше шумақтан тұрады?

-неше тармақтан тұрады?

/математикалық байланыс арқылы тармақ санын таптыру/

2. Компазициялық құрылымына қарай талдау

Слайд бойынша жеке-жеке суреттерге байланысты оқушыларды сөйлету, суреттердегі ұқсастықтарын табу.

Инелік-тікұшақ

Балық-сүңгуір,қайық

Жираф,керік- кран

Ақ қуман- паравоз

Бұлбұл-ән,

-Қандай әншіге «Қазақтың бұлбұлы»деген ? Не себеппен?

/ 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігі өткен, сонда Күләш Бәйсейтованың дауысы өзіне ғана тән, соншалықты өзгеше екеніне көз жеткізді./

Аяз- /терезедегі қырау- ою, өрнек.


IV.Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

II. Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

1-тапсырма

1.Атаға қарап-ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсер.

2. Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны аларсың.

3.Өнерлінің қолы алтын ,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру, тәрбиелік мәнін ашу.

2-тапсырма

«Тапқыр болсаң , тауып көр»

  • Құстарға қарап не ойлап тапқан? /Ұшақ/

  • Бақбақ гүлін барлығымыз білеміз. Осы гүл неге балаларға ұнайды? Оны үрлегенді ұнатамыз. Егер ақ бақбақ гүлін үрлесе не болады? Осыған қарап не ойлап тапқан?/парашют/

  • Мына гүлге қарап не ойлап тапқан? /қоңырау/

  • Құмырсқа илеуіне қарап не ойлап тапқан?

  • /екі қабатты үйлер/

  • Балық қабыршағына қарап не ойлап тапқан?

/ үй шатыры/

  • Жаңбыр жауғанға не ойлап тапқан? /қол шатыр/


V.Сабақты бекіту

  • Өзің өмірге қажетті не ойлап тапқың келеді?

  • Ә. Асылбековтың «Үйрену» өлеңінің негізгі ойы не?

/Осының бәрі адамнаң байқағыштық ,бақылау, салыстыру қасиеттерінің арқасында арман-қиялдарынан туған туындылар/

  • Осындай адамдарды қалай атауға болады?/өнерлі,шебер/

Ойын: Тізбекті жалғастыр

Өлеңдегі ойлап тапқан дүниелерді ретімен қой

Тікұшақ-сүңгуір қайық-кран-паравоз-ән-өрнек

VI.Үйге тапсырма


Өлеңді жаттау

Өзің не ойлап тапқың келеді? Шығарма-әңгіме жазу

VII. Бағалау.


Оқушыларды мадақтау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал