7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку Екі дос (3 класс)

Открытый урок по казахскому языку Екі дос (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы











Ашық сабақтың тақырыбы:

«Екі дос. »

Открытый урок по казахскому языку Екі дос (3 класс)













Өткізген мұғалім: Б.М. Наурзбекова.

Өтілген сыныбы: 3Б сынып







2015 жыл. Орал қаласы





Сабақтың тақырыбы: Екі дос

Сабақтың мақсаттары: «Достық» тақырыбына арналған әңгімемен таныстыру, әңгіме туралы қысқаша айта алуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: сюжетті суретке құрылған әңгіме туралы айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорын меңгеру, байланыстыра сөйлей білуге үйрету. Төл дыбыстарын дұрыс дыбыстау.

Тұлғалық:достық, адал достық сияқты адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру.

Жүйелік - әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сегіту сәті:

Тұрамыз, қолымызды көтереміз

Оңға бір иілеміз, солға бір иілеміз

Саусақтарды ойнатамыз, саусақтарды ойнатамыз,

барлығымыз татумыз, әдемілеп отырамыз.

Біздің ұранымыз:

Бір сөз болса да, дауыстап айт,

Ең бастысы - үнсіз қалма.



Оқушының сабаққа дайындығын тексеру:«Досымның туған күні» - тақырыбында мәтін жазу.

Үй тапсырмасын тексеру барысында сұрақтар қою арқылы

жаңа сабаққа көшу:

  1. -----нің досың бар ма? ------кім туралы айтты?

  2. Оның аты кім? Ол кіммен дос?

  3. Оның ұлты қандай?

  4. Дос деген кім?



(ассоциация)Жазылым





Дос дегенде қандай сөздер ойға келеді? Жазыңдаршы.

Қорғау:

Әр топ өз жазған сызбасы туралы қысқаша айтып береді.

Жаңа тақырыпты жазу.

Екі дос

Сөздікпен жұмыс

Қиын сөздерді түртіп алып түсіндіру.



1-жаттығу. Оқылым. Тыңдалым. Айтылым

Мәтінді оқушылар мәнерлеп оқып шығады.(1 топ оқиды)



  1. Әр топ мәтін бойынша берілген сұрақтарға ауызша әзірленеді .

  2. Осы сұрақтарды келесі топ мүшелеріне қойып жауабының дұрыстығын тексереді.

Топтық тапсырмалар:

1 топ

  1. Бек пен Олег қандай достар?

  2. Бектің ұлты қандай?

  3. Олегтің ұлты қандай?

  4. Бек қай тілді жақсы біледі?

2 топ

  1. Бек пен Олег қандай үйірмеге барады?

  2. Бек қай тілде газет , журналдарды оқиды?

  3. Олег қай тілді үйреніп жүр?

  4. Олег қай тілдегі әндерді жақсы көреді?

3 топ

  1. Мәтін кімдер туралы жазған?

  2. Бек пен Олег қайда бірге барады?

  3. Бек пен Олегтің достығы сендерге ұнады ма?

  4. Мәтіндегі достар сияқты сыныпта балалар бар ма?

Рефлексия

Біздің сыныбымыздағы осындай достарды атаңдаршы? Олар кімдер?



2-жаттығу.Оқылым.Тыңдалым. Айтылым.

Сұхбат берілген 1, 2- топтан 2оқушы оқиды, қалғандары тыңдайды.

1. Сұхбат кім туралы?

2. Мишаның ұлты қандай?

3. Мишамен досы қай тілде сөйлеседі?

4. «Дос туралы мақал білесің бе?» -деп кім сұрап тұр?

5. Қандай мақал біледі екен? (Доссыз адам - қанатсыз құс.)

Рефлексия

  1. Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

3-жаттығу. Жазылым.

Сурет көңіл аударайық. 3 топқа тапсырма (Достық туралы сурет)

Осы суретке қарағанда , балалар, сіздерге қандай ой келеді?

Ассоциация (Ой тоғау, сурет)

Сегіту сәті:

Бала бала балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай, былай ойнат.



4-жаттығу Жазылым.

Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырып жаз.3 топқа тапсырма-9сөйлем құрастыру, 3 сөйлемнен бөлініп беріледі



Мағынасын ашу (Сабақты мәтін бойынша қорытындылау)

Сонымен біздің бүгінгі өткен сабағымыздың тақырыбы не болды?



Сабақты бойынша өздерінің түсіну деңгейін өздері бағалауы.



Қорытындылау

Бағалау критериялары:

  1. Үй тапсырмасына әзірлігі;

  2. Қосымша сұрақтарға жауап беруі;

  3. Жаңа тақырыпты меңгеруі;

  4. Сөйлем құра білуі.

  5. Топқа берілген тапсырмамен жұмыстануы.

Топ басшысы осы бағалау критерияларын пайдаланып, өз тобындағы оқушыларды бағалайды. ( Көшбасшы өзінің топ мүшелеріне жеке өзіне қойған бағаларымен таныстырады.)



Үйге тапсырма: (түсіндіріліп беріледі)

1-жат(175 бет).Нағыз дос.



«Сен, мен және бәріміз» ән.



4



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал