7


  • Учителю
  • Классный час. Қазақтың қолөнері.Ою-өрнектер.

Классный час. Қазақтың қолөнері.Ою-өрнектер.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Шелек ауылы

Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Бекходжаева Алия

4 «ә» сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Қазақтың қолөнері.Ою-өрнектер»



Мақсаты: Қазақ халқының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ою түрлері, зергерлік бұйымдар, «Тайқазан», «Алтын адам» суреттері және нақыл сөздер, бейнефильм.

«Өмірде екі байлық бар: білім, өнер». Өнер туралы сөз ететін болсақ, алдымен халқымыздың дәстүрлі қолөнері ойға оралады. Әрине бұл айтпаса да түсінікті. Халқымыздың қолөнері ұлттық шығармаларымыздың ең жоғарғы формасы болып табылыды.

«Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық».

Барысы.

І. Кіріспе

Қазақ елі тәуелсіздігін алғалы, халқымызның қолөнері қандай жетістіктерге жетіп отырғаны белгілі. Себебі, қазір біз ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғырта бастадық.

Қолөнер - халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.

«Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық» - деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады.

Өнер адамның дүнитанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезіміне, алға қайған мақсатының айқындалуына әсер етеді.

«Жігітке жеті өнерде аз», «Аталық айтар ісің болсын» - деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі жейтін тамығы, ішетін сусыны, рухани байлық деп бағалаған.

Ұрпақтан -ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнерді қадірлеу, дамыту, оны келешек ұрпаққа табыстау басты парыз.

«ОЮ-ӨРНЕК - ӨРЕЛІ ӨНЕР» БӨЛІМІ

Оюы көптің өрнегі көп,

Өрнегі көптің ермегі көп. (Халық мақалы)

Ою-өрнек - тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әртүрлі тәсілді қолданылады.

Ою-өрнек үлгісінде әр халықтың ерекшеліктері, халықтық келбеті айқын танылады. Халықтың бізге жеткен ою өрнек үлгілері - бай мұра, сарқылмас қазына.

Қазақ қолөнерінде ою -өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарының ою өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі.

Ою-өрнекті бекерден бекерге сала бермеген, әр өрнектің өзіндік мағынасы бар.

«Ою- өрнек түрлері» туралы қысқаша шолу.

«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою -өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тірізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.

«ГҮЛ» ою-өрнегін кестерлерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композициясының ортасына және жиегіне қолданылады.

«ҚҰСТҰМСЫҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнікер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып көршілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзіккке қарап ата-анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екендігін біледі.

«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш-осындай тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

ЖЫЛАН», «ЖЫЛАНБАС» ою-өрнегі балалардың тақиясына «көз тимесін» деп тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнек жыланның бейнесін тұспалдап тұрады.

«Мақал құрастыру» ойыны

  • Тілі - бізі (Шешеннің тілі - шебердің бізі)

  • Қолы - сөзі (Өнершінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын)

  • Қолы - тоны (Қай біреудің қолымен тіккен тоны өнер)

Ой-толғау. «Ою хан мен Жою хан» ертегісі бойынша әңгімелеу.



Мақал-мәтелдер.

  • Зергерсіз болса - зер мұңлық

  • Ер қадірін ерлер біледі,

Зер қадірін зергер біледі.

  • Өнершінің қолы алтын

Өлеңшінің сөзі алтын.

  • Ана көрген тон пішнр,

Ата көрген оқ жонар.

  • Қолөнер - сырлы өнер.



Шеберлінің қолында,

Кәсіп болған бұл ағаш.

(Қашаған жырау)

«Қолөнер - сырлы өнер», демекші ағаш өңдеу арқылы шеберлер түрлі ұлттық ғажайып дүниелер жасаған.

Қазақтың ағашты өңдеп, пайдалануы ең алдымен оның көшпенді өмір салтының қажетін өтеуге байланысты болған. Киіз үйдің сүйегі мен есігі, босағасы мен керегесін ағаштан жасаған. Сонымен қатар үй жиһаздары, ас бұйымдарын пайдаланып өрнектеп жасаған.

Дегенмен ата-бабамыз ағашты киелі деп санап, жөн жосықсыз құрта бермеген. Табиғатты аялап, экологиялық тепе-теңдікті сақтап отырған. Ағаштың қасиетін ашатынына жыр жолдарын келтіре кетуге болады. Бір күні Қашаған жырау Есқали деген сопының үйіне келеді. Сопы оның домбырасын көріп, «шайтанның қу таяғы бұл үйге қайдан келді», - деп жақтырмаған сыңай танытады. Сонда Күржіманұлы Қашаған домбырасын ала сала мына бір жырды төпей жөнеледі

Мінеки, халқымыз ағаштың әр түрлі қасиеттерін жоғары бағалап, адам тұрмыста тұтынатын әр түрлі бұйымдар жасап, «Әкеден мал қалғанша, тал қалсын», «Бабын тап та бақ өсір» деген нақыл сөздерді бекер айтпаған.

Ағаш шеберлері ағаштан ерекше, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы біледі. Сол ағаш туралы Қорқыт ата айтыпты дейтін жолдарды назарларыңызға ұсынамыз.

Қорытынды: Олай болса, қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы. Осы асыл қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту біздің болашақ жастарымыздың міндеті. «Бүгінгі кісібің - ертеңгі нәсібің»,- деп бекер айтылмаған. Ел арасында сиреп бара жатқан қолөнер шеберлерінің туындыларын, көне мұраларын тауып, оны түрлендіріп жаңғырту және ұлттық қолөнер арқылы эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құрамына айналдыру біздердің парызымыз.



























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал