7


  • Учителю
  • Тақырыбы:«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Тақырыбы:«Қош бол, сүйікті Әліппем!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font color="#000000">Тақырыбы:«Қош бол, сүйікті Әліппем!» ертеңгілігі.

Мақсаты:1.Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

2.Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

3.Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», көрнекілік, шарлар.

І. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

Балаларға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана

Сіздерге теңістірер ешнәрсе жоқ

Теңесе алар бірақ нәрсе, Отан ғана



Қош келіпсіз,ата-ана,ұстаздар,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,Әліппемен қоштасады,

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Хормен:

Үлкенге де сіз.

Кішіге де сіз

Құрметпен сіздерге

Бас иеміз біз.



Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!.

Бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі білімге бастайтын алғашқы оқулық - Әліппенің қадір- қасиетін ұғындыра отырып, ұрпағымызды адамгершілікке баулу, бойына ізгілік нұрын себу, білімге құштарлығын арттыру мақсатында, Бүгін сіздер бірінші сынып шәкірттерінің тұңғыш рет сауаттарын ашқан «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Олай болса, балаларыңыздың Әліппе оқулығын қалай меңгергендерін, алған ілімдері мен білімдерін ортаға салатын кез келді.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып, оқитын қалге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың-

дей отырып, «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер! Ендеше,білім нәрін бойына сіңірген, өз елім, өз жерім деп жүрегімен ұғынған, Отанының үлкен болашағы, зор азаматы болады деген сеніммен, еліміздің ажары да, назары да,тілегі де, тірегі де осылар деген үмітпен, «көңілді күн» атты тамаша әнімен ортаға бүгінгі кеш иелерін, яғни 1-сынып оқушысы Алдабергенова Гаухарды қошеметпен қарсы алайық!

Мектеп директорына сөз беріледі.

1-

Жақсы білім көрімдік

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік?

Қане ,ортаға салайық.

2- Айкен

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Өсті білім, ойымыз

Құтты болсын тойымыз!

3- Динислам

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым! Оның кілтін алып берді.

4-

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен бізге соны әліппе.

Хор «мектебім»

Мұғалім

- Балалар ең алғашқы «Әліппені» кім жазды?

Оқушылар

-Ахмет Байтұрсынұлы

Мұғалім -сендар білесіңдер ме? Қазақ балаларының алғашқы

ұстазы кім? Ы.Алтынсарин

-Ы.Алтынсарин аталарың сендерге қандай өсиет қалдырды?

Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан, іздемей-ақ табылар

Мұғалім: Ендеше балалар, біздің сүйіп оқыған алғашқы оқулығымыз

Әліппені ортаға шақырсақ қайтеді.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

1-Меруерт

Жақсы Әліппе келіңіз,

Тамашаны көріңіз.

Төрімізде орын бар

Құтты мейман болыңыз!

Әліппе сөзі:

Менің атым - Әліппе,

Мен анаңдай дәріпте

мені оқып ержеткен

апаң менен анаңда

Әкеңменен анаңда

Шопан,биші ұстаз да,

Ғарышкерде аспазда,

Барлық,барлық жақсы да

Әріптерден басталған.

Балалар,мен бұл мерекеге қуана,толғана келіп тұрмын.







Арина-Әліппенің бірінші беті: (қолына Әліппенің 1-ші бетін көрсетіп тұрады)

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағымын сәнімін

Отан туралы тақпақтар:

«О» Алмас

Отан -сенің ата-анаң

Отан - досың бауырың

Отан - өлкең,астанаң

Отан - аудан,ауылың.

«Т» Жұлдыз

Торғай, торғай, торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тонбайсың.

«А» Қанағат

Астана - Астанам,

Астана - бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.

«Н» Аружан

Ас біткеннің атасы

Қасиетті «нан» осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталғанын қарашы



Ұ - ұстаз халық анасы

С - ұстаз шәкіртсіз тұл

Т - ұстазы жақсының ұстамы жақсы

А - барлық адам ұстаздан тәлім алады.

З - Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.



Ән «ұстазым»



Әліппе сөзі:

Ендігі кезекті білімге берсек дейміз.

Өзіңнен алған білімді көрсек пе дейміз.

1. Қазақ тілінде неше әріп бар?

2. 0-10 дейін тура сана

Оқушы:

Алфавиттер шығыңдар

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық қане айтысты

Жібермейтін намысты



Қанағат

«А» Алма,алмұрт егеміз,

Айға сапар шегеміз.

Алақай-ау,алақай ,

А дыбысын білеміз.

Жұлдыз

«Т» Тайға мініп шабамыз ,

Тау мен тасты табамыз.

Тарақ,тауық ,тайлақтан,

Т дыбысын табамыз.

Тай-жылқының жасы,

Тайлақ-түйенің жасы.

Бағлан.

«П» Бала отыр партада,

Оқы,үйрен шаршама.

П-дыбысы дауыссыз,

Мәлім болды баршаңа.

Баршаңа барлығы .

Аружан.

«Н» Нан -әлемнің азығы,

Дастарқанның қазығы.

Нар түйенің асылы

Өрісі ел жазығы.

Қазық-берік зат

Азық-тамақ

Нар-бір өркешті түйе.

Мейрлан

«Ғ» Ғасыр,ғылым ғаламшар

Ойлаған ғалым адамдар

Ғарышкерлер ұшқанда

Жасайды ғажап қадамдар

Ғалым-жаңалық ашатын адам

Ғаламшар аспан әлемі

Медет

«Р» Ризамыз оқуға

Ретімен тоқуға

Р-ды айту қиын ақ

Кейбірек қорқуда

Нурсауле

«Л» Лағым менің лағым

Селтеңдейді құлағын

Босқа жүрмей сенемін

Л-дан сөзді құрадым

Темур

«У»-дауысты дауыссыз

Айыра білсең қауыпсыз

Уық уыс сөздерін

Уақытымен тауыпсыз

Уық-ағаш үйдің бөлшегі



«Ш» Шеңбер жасап тұрайық

Басымызды бұрайық

Ш дыбысын білеміз

Сөзден сөйлем құрайық



Саят.

«Й «Қысқа Й сөз бастамайды

Жазамыз аппақ айды

Сөздің орта соныңда

Әріптер оны тастамайды

Алмас

«О» Он саусағым ойнасын

Бояп-бояп қоймасын

Отан орман сөздерін

О әрпімен ойласың

Асылхан

«Қ» қауын қарбыз жинаймыз

Қағазды бос қимаймыз

Қ дыбысын қиып ап

Қонақтарға сыйлаймыз

Жанболат

«Д» добым добым домалақ

Домалатсам жоғалат .

Домбырамен күй тартып

Қой қамадым қоралап

Мейржан

«М» ақ мақтаны терейік

Мектепке тал егейік

Мерекелі жиында

Мақал айтып берейік

Азамат

«Б» бостан -босқа ойнама

Бидай толтыр қоймаңа

Бақа,балық,ботақан

Тағы сөз тап ойлана

Қойма-астық сақтайтын орын

Арай

«С» Сан сәнді сағатты

Сегіз сері таратты

Сарбаздар мен сақшыға

Сөйгүлікті жаратты

Б.Шыңғыс

«Ы» Ыдыстарды жуамыз

Жауқауларды қуамыз

Өтежақсы оқуға

Белімізді буамыз

М.Жанболат

«Ж» жан-жағыма жантайдым

Жапырақтай жалпайдым

Ж әрпін жаздымда

Жорға қарай шалқайдым

Дәулет

«Ұ» ұршықтай зырлаймыз

Ұяны сырлаймыз

Ар -ұят серігім

Ұран сап жырлаймыз

Айжан

«Ң» Балпаң-балпаң басайық

Аңдарға жем шашайық

Ң-дыбысын білмеген

"Балалардан қашайық

Бекжан

«Е» Ерлік еңбек елдікпен

Егемеңді теңдікпен

Емендей мықтымыз

Біріккен белдікпен

Али

«"К» күндей күліп өсеміз

Қөңілді кең көшеміз

К дыбысы көп екен

Кітабымды көрсеңіз

О.Аружан

«І»Іл-іл ілмешек

Ірі шарды үрлесек

Ренжиді інілер

І дыбысын білмесек

Мустафа

«Ә» Әжем әкем-әніміз

Әрқашанда сәніміз

Енді білдік әдемі

Ә -әрпінің мәнін біз

Гулжайна

«И» ине ұстай аламын

Икемімді табамын

Инеліктей иіліп

И әрпін де саламын

Ерсултан

«З» Заман ,Заңғар биікте

Құзғындарға ілікпе

Қаздар ұшып саз илеп

Зымырайды биікте

Мереке

«Ө»өзен өлке өмірде

Ө-дыбысы көңілде

Өркеш-әркеш жерлерде

Өріктерім төгілме

Гулмира

«Ү «үй мен үйші жасайық

Үзеңгіні басайық

Үзілісте шашайық

Үзеңгі-аттың әр тұрманының бір бөлшегі

Балсая

«Г» гүлдер гүлдер көк гүлдер

Өте берсін көп гүлдер

Г дыбысын үйреніп

Гүлге қарап өсіңдер

Думан

«Я» Қояным,шаяным

Суретін боядым

Аялап көрмеге

Апарып қоямын

Жанна

«Ю» ою жою сою

Тәттілерге тою

Тыю жаю қию

Әдемілегі жию



Гүлді білем жайнаған

Құсты білем сайраған

Бар дыбысты білемін

Енді таныс айналам

Біз сүйікті балдырған

Білім отын жандырған

Гаухар

«В» Витамин бар жемісте де, шөпте де,

Витамин бар таза ауа мен суда да.

Витаминді өлшеуші жоқ, көп деме,

Витамин ғой, суды төгіп, былғама.

Ақниет

«Ф» Флюгер деген аспапты,

Фархат өзі жасапты.

Флюгермен желдің бағытың

Фархат өлшеп дәл тапты.

Ерсултан

«Х» Хауыз-өнер, сәндеме,

Хас шеберлік білгенге.

Хауыз суы нәр берер,

Хош иісті гүлдерге.

Татубек

«Ц» Цифр- өлшем ,талғам ол,

Цифр-міндет , салмақ ол.

Цифр үрей әкелмей,

Цифр тартсын алға жол.

Шыңғыс

«Щ»Щошынбайық, қарайық,

«Щ» деп анық жазайық.

«Щ» қосылған сөздерді,

Қане, іздеп табайық.

Айдана

«Ъ»Әріп емес, белгі бұл,

Ашып-жұмбай көзді құр.

Қай сөздерде ,Бұл таңба

Қойылатын кезді біл!

Нурсая

«Э»Экология - табиғаттың тамыры.

Экология - табиғаттың тамыры.

Экология - бүкіл әлем тағдыры.

Экологтар жолға қояр ұлы істі.

Фариза

«Ь»Әріп емес,Таңба.

Жаңылысып қалма!

Жіңішкелік белгі,

Түсіндің бе енді!

Кездеседі өзге

Тілден енген сөзде.

Нурбол

«Ч»-Чикаго қала сәні өзге,

Чикаго қайда , қай елде?

-Чикаго мәнін дәл ұқтың,

Чикаго қаласы АҚШ-тың

Жұлдыз

«Һ»-ол әріп кәдімгі,

«Һ»-ның да зор тәлімі.

Һаям жазған жырдай боп,

«Һ»әлемге танылды.

Аманбол

«Ё» деген де әріп бар,

«Ё»-ны білген анық дәл.

«Ёлка» деген бір сөзбен,

«Ё»-ның сырын анықтар.

Ән- «әліппе» орындайтын Сатжанова Рауан.



Мұғалім:Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

0 - Төлеби

Дөңгелекке ұқсайды,

Доп сияқты, ұшпайды.

Досым нөлді О дейді ,

Десем «бұл нөл», ұқпайды.

1-Мадина

Мені келсең білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап.

Ең басында тұрмын.

2 - Нурсая

Бірден кейін тұрамын.

Сандар іші тұрағым.

Бірді, бірге қосқанда

Мен иіліп шығамын.

3 - Аяжан

Екіден соң әрқашан.

Үш санымен шығамын.

Қос мүйізі майысқан

Ұлттық ою саламын.

4 - Лаура

Үш сызықтан таяғым

Оқушылар қояды

Төрт дегенің баяғы.

Төрт түліктің аяғы.

5 - Арина

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті.

Санасаң қолдың саусағын

Оңай табасын бесті.

6 -

Мен өзімді қатарға,

Бестен кейін қоямын

Басым бір боп басталып

Нольмен бітер аяғым.

7 -

Жеті саны киелі,

Жұрттың бәрі біледі.

Жеті жасқа жеткендер,

Жығылмай-ақ жүреді.

8 - Рауан

Менің атым сегіз,

Жетіден соң деңіз

Жазылғанда қос дөңгелек

Мен шығамын сегіз.

9 - Жанерке

Тоғыз жасқа келгенім

Тоғыз жылды көргенім.

Тоғыз жаста тәнті еткен,

Талабымды көр менің!

10 - Динислам

Он жыл,он жас-он деген,

Он жас кіші он менен.

Онды жаза аламыз

Он - тұрған бір нөл менен.

Әліппе сөзі: көп-көп рахмет, балалар!



Әліппедегі ертегіні тамашалайық!

«Шалғам» ертегісі



Мұғалім: Балалар, сендердің Әліппені жақсы меңгеріп сауатты болуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі мол. Бәріміз ата-аналарымызға рах-мет айтайық.



би қамажай



Әліппе: Балалар мен сендердің білімдеріңді көріп ризамын. Енді мен кетейін.

Оқуда зейін болыңдар

Еңбекте бейім болыңдар

Ақ жол болсын қарақтарым

Айдай болсын қабақтарың

Күнделіктерің беске толсын

Қош бол менің балаларым!

оқушы - Айдана

Біз енді оқи да, жаза да аламыз, бұны бізге үйреткен Әліппге көп-көп рахмет айтамыз.

Қошбол құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Толқындатып сөйлеттің.



Хормен: Қош сүйікті Әліппе!

Біз саған ақ жол тілейміз.

Мұғалім:Балалар біздің бүгінгі тойымызға тағы бір қонақ келе жатыр.Орын дайындайық.Міне балалар күткен қонағымызда келіп қалған екен, қарсы алайық.Балалар бұл қонағымызды танисыңдар ма? Кім екен?

Хормен: Ана тілі!

Ана тілі:

Туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріңе

Ана тілі пәнімін.

Ата-тілі: Балалар енді бұрынғыдан да көп оқыйтын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысыңдар көп нәрсені үйренесіңдер.

Мұғалім:Кәне балалар бірер сәт ертегі елінің саяхатына оралайық.

«Бауырсақ» ертегісі

Балалар,өмір балғын шақ

Ертегі тыңдап,көңіл шат.

Жастық өмір жазғы бақ

Көп ертегі бар жерде

Қуаныш сыйлар әлемге.

Мұғалім -Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал...

Шал: -Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші.



Кемпірі: - Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?

Шал: - Қаптың түбінін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар.

Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып, екі уыстай ұн жинайды. Оған қаймақ қосып қамыр илейді. Содан соң оны майға қуырады. Піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп, кемпір мен шалдан қашып кетеді.

Домалап келе жатып ол қоянды кезіктіреді.

Қоян: -Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ:-Мені, жеме қоян.

Мен саған өлең айтып беремін:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып.

Терезеге қойып суытқан,

Мен атамнан қаштым.

Апамнан да қаштым,

Ал сенен қашу,қоян,

Қиын емес маған..........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Ұлбалалар биі:



Оқушылар Вальсі

Әнші, биші балалар

Әртістердей болдыңдар.

Көрсетіп бар өнерді,

Таңқалдырып тұрыңдар!





Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Кез келді сіздерден ақ бата алар

Ұл-қыздарың көрсетті өнерлерін

Бар қауым таңдана таңдай қағар.

  • Ата-анаға құттықтау сөздері беріледі.

Мұғалім:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, балдырған,

Тойларыңыз құтты болсын, ағайын! -дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Бізбен бірге болғандарыңызға Рахмет!





  • Оқушыларға сыйлықтар таратылады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал