7


  • Учителю
  • Интеллектуалдық сайыс сабақ Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар

Интеллектуалдық сайыс сабақ Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар»

атты интелектуалды ойын.



Мақсаты:

1.Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдетумен бірге қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

2.Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту. Тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу.

3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.





Көрнекілігі: слайдтар,сөзжұмбақ, мақал-мәтелдер.

Ойын түрі: интелектуалды ойын.

Ойын әдісі: сұрақ - жауап



Ойынның барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

--Құрметті ұстаздар, оқушылар 1-сыныптардың «Әрқашан күн сөнбесін » атты апталығына байланысты 1-сыныптар аралығында өткелі отырған «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар»

атты интелектуалды ойынына қош келдіңіздер! «Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі- ойын екендігі белгілі.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәлім, тәрбие табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға - сол алда, - дегендей

сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.



Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысатын оқушыларымызды қошеметтеп қояйық. Ойынға әр 1-сыныптан 5оқушы қатысады,алдымен ойынға көшпей тұрып,топ ойыншыларымен таныс болайық!

(топтар аты, ұранымен таныстырып өтеді)



Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады. Әділ қазылар алқасын төрге шақырамыз.

Сайыстың шартымен таныстырып өтейін.Сайыс 5 кезеңнен тұрады:Ойын кезеңдері қазақтың ат үстінде ойналатын ұлттық ойын түрлерімен аталған.



1 кезең :«Бәйге»

Жеребье бойынша сандарды таңдайды .Сандардың астында қай пән болса ,сол пәннің сұрақтарына жауап береді. 10 сұрақтан









2 кезең : «Жамбы ату»

Мақалдың жалғасын табу.қай топ бұрын қол көтерсе сол топ жауап береді.





3 кезең : «Көкпар»Сөзжұмбақ шешу (4 минут уакыт беріледі

4 кезең : «Теңге ілу»

Әр топ 1 минут ішінде сұрақтарға жауап бері тиіс. Қанша сұраққа жауап берсе ,сонша ұпай алады.





5 кезең : «Аударыспақ»

Топ басшылар сайысқа түседі (логикалық сұрақтарға жауап береді







Қорытынды бөлім:

--Жеңімпаздарды анықтау,құттықтау

сөз әділқазыларға беріледі .









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал