- Учителю
- Әдебиеттік оқу Кім жомарт? Не жомарт? (2-сынып)
Әдебиеттік оқу Кім жомарт? Не жомарт? (2-сынып)
-
Сабақтың тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт?
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың өлеңді дұрыс, саналы түрде түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру. Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдыларына үйрету.
2.Өзіндік пікір, көзқарастар, көзқарас қалыптастыра отырып, оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сөздік қорларын дамыту.
3. Оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекілік: М.Әлімбаевтың суреті, тақырыпқа сәйкес келетін суреттер.
Әдістер: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, талдау, жинақтау, , қорытынды ой пікірді ортаға салу.
Түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық
Әрбір адам-туысым,досым,жұрағат,
Әрбір сағат-үйрену,ұғу,ұлағат.
Әрбір сөзің-шындық,бірлік,адамдық,
Әрбір ісің -тілек,тірлік,адалдық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Мәтіннің мазмұнын бөлімдерге бөліп айтқызу:
1.Бейтаныс балалар. 2. Арашашы. 3.Нүсіпбектің досын іздеуі. 4.Үйге келгендегі әрекеті.
Қорытынды :
Нүсіпбек пен Аймағанды сипаттау.
Нүсіпбек Екеуіне ортақ қасиет Аймаған
Аңқау, адал, сенгіш
Дос балалар Сатқын, арам, қу
Мәтін кейіпкерлерін, іс-әрекеттерін бағалау:
Мәтін кейіпкерлері Не істеді? Сенің пікірің
Нүсіпбек
Аймаған
Көрші апай Кептерді атты
Қашып кетті
Нүсіпбекке болысты Дұрыс істемеді
Сатып кетті
Жамандыққа қимады
Аймаған жаман дос. Аймағанның анасы өз баласы туралы жамандық ойлаған жоқ.. Сонда Аймағанның істеп жүрген ісі көңілге қонбайды.
ІІІ. Өткен тақырыптар бойынша тест алу.
ІV."Доп лақтыру"ойыны арқылы оқушыларға достық туралы мақал- мәтел айтқызып жарыстыру.
-Сендер достыққа адал болады деп сенемін.
V. Жаңа тақырып бойынша жүрізілетін жұмыстар:-Адам бойында жақсы және жаман қасиеттер болады.
VІ.Сөзжұмбақ шешкізу:1.Оқи берсең көзің ашылады,
Отыра берсең ... басынады.(жалқаулық)
2.Көз- ..., қол- батыр.(қорқақ)
3. ... мыңды жығар, (білімді)
Білімсіз бірді жығар.
4. ... білекте емес, жүректе.(батырлық)
5. ... алдымен өзін алдар.(өтірікші)
6. ... бала-арлы бала. (әдепті)
1.- Ендеше, бүгін біз "Жомарттық"туралы оқимыз. Күнді, тақырыпты жазғызу. Өтетін тақырыптың мазмұнын, мақсатын айту.
-Жомарттық деген не?
-Жомарт адам уәдесінде тұрады, әділ, қайырымды болады.
-Кабуснама деген не?- Оны кім жазды?
Қайқауыс туралы түсінік беру. Суретін көрсету.
Оқулықта берілген мақалды оқу.Жомарт сөзіне қарама -қарсы сөз - сараң сөзі.
2. М. Әлімбаевтің суретін көрсетіп, мағлұмат беру.
Мұзафар Әлімбаев - Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында - Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады
3.Оқулықтағы өлеңді оқып, диалог түрінде оқу жолдарын көрсету.
-Диалог деген не ? пысықтату.</ Оқушыларға рөлге бөліп кезекпен оқыту.
С Е Р Г І Т У С Ә Т І:
Көтереміз оң қолды иілеміз солға
Көтереміз сол қолды иілеміз оңға
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
"Кім жомарт? Не жомарт?" дегендегі кім? не? сұрақтары қандай сөздерге қойылады? .
- Заттың атын білдіретін сөздерге қойылады.
-Өлеңде ақын кімдерді және нелерді жомарт дейді?- Неге? өз пікірлеріңді айтыңдар.
Кім жомарт? Не жомарт? деген сұрақтарға өз бетіңше жауап беріп,
Өлеңді жалғастырып көріңдер.
VІІ.Қорытынды:- Өлеңнің авторы кім?
-Өлеңнен не туралы білдік?
-Негізгі ойларың қандай?
-Жомарттық деген айтқан сөзде тұру,қайырымды болу.
VІІІ.Үйге тапсырма:Өлеңді жаттап келу.
Жомарттық туралы "Қабуснамадан" берілген үзіндіні жаттап келу.
ІХ. Бағалау.