- Учителю
- Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағат тақырыбы: «Ана -қасиетті де киелі есім»
Тәрбие сағат мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
3. Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Тәрбие сағат барысы:
Қош келіпсіздер, құрметті аналарым
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар
Алдарында жауқазындай құлпырған
Балғын шақты біз бақытты балалар
Мереке құтты болсың аналарым
Мәпелеп, еркелеттің, аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым
- Міне жігіттер, бүгін наурыз, бүгін көктем
- Дұрыс айтасын, Бүгін бізде үлкен той думан
- Иә жігіттер, бугін біздің аналарымыздың, ұстаздарымыздың, аруларымыздың мерекесі
- Олай болса құрметті асыл жандар баршаларыңызды мерекелеріңізбен құттықтай отырып «Ана -қасиетті де киелі есім» атты әдеби -сазды концерттік кешімізді ашық деп жариялаймыз
Ән «Анашым» Орындайтын «Жалын» дуэты
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Ана деген асыл жандар болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай, дей келе ортаға Мұқағали ағамыздың «Ана сен бақыттысың» өлеңімен Диас пен Абатты шақырамыз
Мыржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын,күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын ол АНА.
Ортаға «Ана қасиетті де киелі есім» атты шығармасымен аруларымызды ортаға шақырамыз
Жан ана, құттықтаймын мерекеңмен
Көктемнің құлпыра бер нәр гүлімен
Төрлесін елдің берген бақыт бағы
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен ортада би
Орыс жазушысы Максим Горький «Адамдар - әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды» деген екен.
Бір топ оқушылар өлең оқиды
-
Жігіттер, қараңдаршы бүгін ерекше күн
-
Иа, бүгін аналарымыз мәз
-
Ұстазымыз риза
-
Аруларымыз қандай әдемііі
Ортада Нұрбек «Әйелдер ай»
-
Келесі ән барлық аруларға арналады
«Бейтаныс жан» орындайтын Нұралы Мирас
Әйелдердің күні дейді бұл күнді,
Бақтар жайнап, сайратады бұлбұлды.
Еркек түгел еркелерге берем деп,
Қолдарына ұстап апты бір гүлді.
Көктем алды Алатаудың өңірін,
Таңмен бірге әнге басты Бек інім.
Бір шоқ гүлді менде келем көтеріп,
Арулардың алайын деп көңілін, деп сыныбымыздың жігіттерін ортаға шақырамын
«Арулар асыл жандар!»
БИ
Анам менің аялап, әлдилеген
Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген
Дәмің кетпес ақ сүтін аузымдағы
Қалайша ұмытамын бал татыған
Анашым алдыңызда қарыздармын
Өтеуден оны ешқашан қарыздармын
Ананың баласына махаббаты
Мәңгілік алаулаған шам шырағы Хор «Анажаным»