7


  • Учителю
  • XXI Ғасыр Көшбасшысы 1 сынып оқушыларына арналған

XXI Ғасыр Көшбасшысы 1 сынып оқушыларына арналған

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

XXI Ғасыр Көшбасшысы

ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты:Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру,тиянақтау, ХХІ ғасыр көшбасшысын анықтау.
-Оқушылардың танымдық ойлау қабілетін дамыту,қызығушылығын арттыру,сөздік қорын,ой-өрісін дамыту;
-Оқушыны ептілікке,шапшаңдыққа үйрету, уақытты үнемдей отырып,ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Армысыңдар,құрметті қонақтар,
Ағайын мен халайық!
Көпшіл болған ер дана,
Достары болар әр бала.
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қала.
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды,- демекші, сіздерді 1 «А» класс оқушыларының арасында өтетін «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайысымызға қош келдіңіздер демекпіз.
2.Әділ-қазылар алқасын тағайындау.
3.Сайыскерлерді таныстыру.
Біреуінің жүгінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Бәрінен де ең бастысы-барлығының
Қатты істейтін миы бар!-дей келе, енді осы сайыскерлеріміз өздерін таныстырып шықсын.
А.Таныстыру
Ә. Өмірлік ұстанымы
Ғылымның сырына ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылыұ пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Әр пәннің сырына
Қадамдарың оң болсын,
Сәт-сапар енді тілейік!
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
1- кезең. Бәйге -әр оқушыға 3 сұрақ беріледі
2- кезең. Тіл өнері жұмбақтар жасырылады, 2 жауап болу керек
3- кезең. Көкпар.5 пәннен сұрақтар және қосымша ерекше сұрақ беріледі.
4- кезең. Тамаша бестік -сандарды таңдап, сол санның астында жасырылған сұраққа жауап айту
5- кезең. Жорға.2 сайыскерге 10 сұрақтан қойылады,уақытқа есептеледі.
6- кезең. Жеңімпаз/ оратор/ тақтада көрсетілген тақырыптарды таңдап мақал-мәтел,тақпақ айту.
1 кезең «Бәйге» ойын шарты- әр сайыскерге 3 сұрақтан беріледі. Сол сұрақтардың әр дұрыс жауабына 5 ұпайдан алады.
1 сайыскер.
Білім күні қай күн?
• Заттың атын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
• 1 жылда неше ай бар?
2 сайыскер
• Бағдаршамда неше көз бар?
• "Нан " туралы өлең айту.
• Қазақтың ұлттық аспабы
3 сайыскер
• Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті?
• Қазақ әліпбиіндегі әріптер саны қанша?
• Ұлы Отан соғысының батыр қыздары?
4 сайыскер
• 1 аптада неше күн бар?
• Тәуелсіздік күні?
• Орман дәрігері?
5 сайыскер
• Дыбыстар нешеге бөлінеді?
• Жаңбыр жауғаннан кейін аспанда не пайда болады?
• Қазақтың жаңа жылы?
6 сайыскер:
• Табиғат 2-ге бөлінеді, қандай?
• Жыл мезгілдерін ата.
• Қазақтың тұңғыш ғарышкері?
2- кезең «Тіл өнері»
Ана тілім- бала шағым,өркенім
Ана тілім-болашағым,ертеңім.
Ана тілім- сайын далам,жер көгім,
Ана тілім -арман,ойым,өрнегім- дегендей келесі сайысымыз «Тіл өнері» сайысында сәттілік тілейміз.
Жұмбақтар шешу. 1 жауапқа -10 ұпай,2 жауапқа-20 ұпай.
• Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
*Жеті қазынаның бірі.Адамды қорғап жүрген досы?
*Футболшының алаңдағы ойын заты?
*Орманнан жалпақ даладан,бал іздеп бір аң жортады.
Кіп-кішкене арадан,үп-үлкен боп қорқады.
*Жердің көркі не?
*Үсті толы ине,инесіне име,
Инесіне тисең, жете алмайсың үйге.
• Бір адам үш көзді,мінезі қатал,бір сөзді.
Жасыл жанса "жүр" дейді, қызыл жанса "жүр" дейді.
• Өзі айлакер,өзі қу,жүрген жері айқай да шу.
• Сылдырдан қорқады,шошынып жортады.
• Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
• Тікірейіп құлағы,менен бұрын тұрады.
Бойын жазып ,керіп,беті-қолын жуады.
• Өзгертпейді түр-түсін,қымбат әр кез жұрт үшін.Бұл не?
Ұпайы ең аз 2 сайыскер ойыннан шығады.
3- кезең «Көкпар»
Ойланайық азырақ
Уақытты үнемдеп
Кім шығады, кәнекей
Жауабын «мен білем» деп
Дұрыс жауап 10 ұпай
Математика
• Геометриялық пішіндерді ата
• Ондықтарды тура ,кері санау.
Ана тілі
• Қазақстандағы өзендерді ата.
• Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Дүниетану
Мамандық түрлерін ата.
Қосмекенділер мен жорғалаушыларды ата.
Спорт
• Ұлттық ойын түрлерін ата.
• Лондон олимпиадасында алтын жүлде алған велоспортшы?
Музыка
• Қазақтың ысқышпен ысып орындайтын ішекті аспабы
• Шертердің неше ішегі бар?
Ерекше тапсырма
• "Балалық шақ" әнін айтып бер.
1 сайыскер ойыннан шығады.
4- кезең « Тамаша бестік»
• 10 Не тәтті, не жұмсақ?
• 20 Әбілхан Қастеев кім?
• 30 Үш биді ата.
• 40 Жеті атаны айт.
• 50 Табиғатқа байланысты өлең оқу.
Ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.
5- кезең «Жорға»
Қойылған сұраққа
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей
Лезде жауап берейік
Бұл жорға ойдың жорғасы
Кім жүйрік ойға сол алда!
Соңғы 2 сайыскер қатысып,уақытқа есептеледі.
1 сайыскер.
• Ұя салмайтын құс?
• Жеті күн?
• Басты байлық?
• Жылқының төлі?
• Өсімдік қандай ағза?
• 12 айда неше жыл?
• Көру мүшесі не?
• 30 тамыз қандай күн?
• Абайдың әжесінің аты?
• Жыл басы болған жануар?
2 сайыскер
• Көкек қандай құс?
• 1 аптада неше күн?
• Денсаулық қандай байлық?
• Құлыншақ ненің төлі?
• Ауаны тазартып отыратын тірі ағзаның бірі?
• 1 жылда неше ай?
• Көз қандай мүше?
• Конституция күні қашан?
• Зере Абайдың қандай туысы?
• Тышқан жыл санауда нешінші?
6- кезең «Жеңімпаз» 2 сайыскер де қатысады.
• Отан,туған жер туралы
• "Мен өскенде кім болам?" тақпақ,өлең ,мақал-мәтел айту.
Төрт-түлік туралы
4. Жеңімпазды анықтау. Сыйлықтар ұсыну.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал