7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Бодененің құйрығы неге қысқа

Ашық сабақ Бодененің құйрығы неге қысқа

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Бөдененің құйрығы неге қысқа? Тасымал.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтінді түсініп оқып, мәнін ұғыну, байланыстырып сөйлеуге, құстар туралы ой қорытуын жетілдіру.

2. Оқу-жазу дағдыларына, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыра отырып, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.Өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.Өзара ынтымақтастыққа қалыптастыру.

3. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, батылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте, сызбалар,

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілі: доп берісу әдісі бойынша өткен сабақты еске түсіру, сиқыршы қапшығы әдісі, сұрақ-жауап, оқу, ойын, топтастыру,

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу

Құстардың суретін құрастырып топқа бөлу.

Әр топ құстарға сипаттама береді.

І топ-Қарлығаш

ІІ топ-Көгершін

ІІІ топ-Қыран

Оқушыларды сабаққа дайындау

Психалогиялық дайындық.

Амансың ба,алтын күн

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба,достарым

Амансың ба,қонақтар.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Ой қозғау»

- Сөз неден құралады?

- Сөзді буынға қалай бөлеміз?

- Тасымал деген не?-дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?-Рәміздерді ата?

Үйге берілген «Ағайынбыз бәріміз» өлеңін мәнерлеп оқытып, сұрақтарға жауап алу.

- Өлеңде не туралы айтылған?

- «Ағайынбыз бәріміз» дегенді қалай түсінесің?



Сәйкестендіру тесті

Төменде берілген сөздердің ішінен тасымалданатын және тасымалданбайтын сөздерді бөліп көрсет,және тасымалдап жазып көрсет.

(аға, қалам, іні, дәптер, кітап, әже) топтық жұмыс







Сергіту сәті:

Қыран құстай самғаймыз,

Әлемді біз шарлаймыз.

Биік-биік шыңға өрлеп,

Тыныштықты қорғаймыз.

2. Жаңа тақырыпқа көшу. Жұмбақ шешу.

Желіп жетсе,жеткізбейді,

Тап қасында жатса да адам көрмес. (Бөдене)

Желіп жетсе жеткізбес,

Жерге түссе табылмас (Бөдене)

«Бөдене» сөзін буынға бөлдіру. Қалай тасымалдауға болатынын айтқызу.

Бө-де-не, бө-дене, бөде-не.



ІІІ Жаңа сабақ. Бөдененің құйрығы неге қысқа?

98- жаттығу.

1. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп, мұғалімнің түсіндіруі, мәнерлеп оқуы.

2. Мәтіннің ішінен кездескен қиын сөздерге түсінік беру.



Сөздік жұмысы

ызаланған - қатты ашуланған

зымырап - зулап, өте шапшаң.



Оқулықпен жұмыс

3. Оқушылардың кезекпен оқуы.

4. Мәтін бойынша сұрақтар:

- Әңгіме не жайында айтылған?

- Биік таудан бөдене қалай асты?

- Бөдене қандай құс?

- Ең, ал, аса сөздерін тасымалдауға бола ма?

- Ең - бір буынды, ал бір буынды, а-са екі-буынды сөз. Олар тасымалданбайды.

















Бір буынды және алғашқы буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: ер, көл, шаш, ө-зен, е-мен.



Сергіту сәті:

Қыран құстай самғаймыз,

Әлемді біз шарлаймыз.

Биік-биік шыңға өрлеп,

Тыныштықты қорғаймыз.





99 -жаттығу.

Сиқыршы жолда қапшығындағы сөздерді шашып алды. Сөздерді жинауға көмектесейік.

Әр топқа көптеген сөздер беремін. Сөздердің ішінен тасмалданбайтын сөздерді теріп,қапшыққа салдырамын.

Мысалы: ақын,іні,жент,от,сүт,өрік,ата,ауа,әже,ата,емен,көл,шаш, т.б.



Дәптермен жұмыс

100 - жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз, шешуін тап.

Бір қазанның ішінде,

Екі түрлі сүт тұрар. (жұмыртқа )

Тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сыз.

Шығармашылық жұмыс

Татулық,бақыт,табылмас.

Сөздерді тасымалдап болған соң, әрқайсысын өз орнына қойып сөйлем құрастыру тапсырылады.



IV Сабақты бекіту. Не үйрендік? Мәнерлеп оқуды. Әдемі жазуды

Сөзді тасымалдауды,Бөденедей батылдықты

Олай болса, біз бөдене сияқты батыл, күшті, өжет болуға үйренеміз.



V. Сабақты қорытындылау.













Оқышылардан кері байланыс алу.

1.Не білем?

2.Не білдім?

3. Не білгім келеді?

VI.Ашық жұрнал арқылы. Бағалау

Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау

VII Үйге тапсырма. «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айту. Тасымал ережесін жаттау.

Ашық сабақ Бодененің құйрығы неге қысқа

























Ашық сабақ Бодененің құйрығы неге қысқа

И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Карамирзаева Кынагул Саулебековна

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал