7


  • Учителю
  • Пайдалы қазбалар,олардың топтары сабақ жоспары 4 сынып

Пайдалы қазбалар,олардың топтары сабақ жоспары 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дүниетану 4 сынып. Күні:

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалар,олардың топтары.Мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың еліміздегі, өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы білімдерін пысықтау.

Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтіп, ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру. Оқулықпен, интерактивті тақтамаен жұмыс жүргізу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік:Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау, табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғам талаптарына сай, ақпаратты технологияны меңгерген бәсекеге қабілетті, мамандыққа баулу,болашақ өмірге бейімдеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Керекті-құралдар:АКТ,пайдалы қазбалар топтамасы

Пәнаралық байланыс:Әдебиеттік оқу,математика,қазақ тілі.

Технология:СТО,ақпараттық технология

Сабақтың түрі:Кіріктірілген ,зерттеу сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау-жинақтау, топтау, 5 жолды өлең, тест

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар:компьютер,проектр,маркерлер,ҚР картасы

Күтілетін нәтиже:

1.Пайдалы қазбалардың түрлері және кен орындары туралы білім қалыптастыру.

2.Салыстырып,қорытындылап, өз ойын еркін жеткізе білу.

3.Белсенділігін арттырып,шығармашылық жұмысқа баулу.Картамен,тәжірибе жасауға дағдыландыру.

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2-мин

Психологиялық дайындық.

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

ІІ. Ой қозғау. Жұмбақ жасыру.3 мин

Қызуын аямайды,

Көлікке азық жасайды. /Мұнай/

Қара түсті, отын,

Жанады жарқын. /Көмір/

Мөлдір, әрі түссіз,

Өзі табиғи отын. /Газ/

-Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? Олар неге жатады?/Пайдалы қазбалар/

ІІІ.Өткенді қайталау-пысықтау 1 мин

Олай болса,бүгін сендермен пайдалы қазбалар тарауынан алған білімдерімізді қайталаймыз. Ол үшін алдымен топқа бөлінеміз! Топқа бөліну

: І топ: Кенді пайдалы қазбалар. (Кеншілер жер асты қазба-байлықтарын өндіру саласында жұмыс істейтін адамдар.)

ІІ топ: Жаңғыш пайдалы қазбалар. (Геологтар-қазба байлықты барлайды,іздейді,зерттейді)

ІҮ. Мағынаны тану: 15 минут

І топ

1.Топтау әдісі арқылы пайдалы қазбаларды топтастыр .

2.Оның ішіндегі кенді пайдалы қазбаның бірі мыс туралы сипаттама беріп, кестені толтыр3.Картамен жұмыс өз топтарына сәйкес пайдалы қазбаларды белгілеу

ІІ топ.

1.Топтау әдісі арқылы пайдалы қазбаларды топтастыр .

2.Оның ішіндегі жаңғыш пайдалы қазбаның бірі тас көмір туралы сипаттама беріп, кестені толтыр.3.Картамен жұмыс өз топтарына сәйкес пайдалы қазбаларды белгілеу



Ү. Ой түйіндеу. 3 минуттан қорғайды Әр топ өздерінің кластерлерін қорғайды

Картамен жұмыс. Әр топ өзінің атына сәйкес пайдалы қазбаларды кескін картаға түсіреді.

ҮІ.Сергіту сәті:Кеншілердің денсаулығы мықты,кеншілер сияқты жаттығулар жасайық «Сен білесің бе?» (өз өлкеміздегі орналасқан мүсінге тоқталы,қандай пайдалы қазбадан жасалғанына назар аударту,кеншілер мамандығына ой-өрістерін кеңейту)3-мин

«Кеншілер даңқы» монументі туралы

«Кеншілер даңқы» монументі Қарағанды қаласының өзгеше нышаны, оған Қазақстанның көмір астанасының атауы байланысты. Бұл ескерткіш 1974 жылы Қарағанды көмір алабы 2 миллион тонна көмірді өндіру құрметіне орнатылған. Монумент Мәдениет пен Демалыс Орталық Бағының негізгі кіреберісінің алдындағы алаңда, Кеншілердің Мәдениет Үйіне қарсы болып орнатылған. Осы монументті орналастыру жері кездейсоқ етіп таңдалмаған, мүсінші А. Билык және сәулетші А. Малков ұсынған жоба жеңіске жетті. Кейін дәл осы жоба негізге алынып, біршама болмашы жөндеулерімен бірге жүзеге асырылған. А. Билык мүсінді атақты мүсінші Меркуловтың Мәскеудегі шеберханасында бір жыл бойы жасап, жұмыс істеді. Кейін, монументтің түрлі келісулері, дайындықтары, құймалары және орнатуына бірнеше жыл кеткен. Тек 1974 жылы «Кеншілер даңқы» монументі Қарағанды қаласының алаңында өз орнын тапты, сол кезден бері ол қаланың бейресми рәмізі болып табылады, монумент бейнесін газет тақырыптарында, ашық хаттарында және конверттердің беттерінде басылып отырған.

«Кеншілер даңқы» монументі мүсінінің салмағы 20 тоннаны құрайды, оны дайындау үшін үлгілерді және құйма кезіндегі шығындарды есепке алғанда, қоланың 30 тоннасы жұмсалған.

Кеншілердің мүсіндері қоладан жасалған, уақыт өте келе сол металл асыл ақ алтынымен қапталған. Тұғыры бетоннан жасалынып, граниттен жасалған тегістелген блоктарымен қапталған.

Бүгінгі күнде де А. Билык монументтің кеншілер көңілінен шыққанын мақтан етеді.



ҮІІ. Ой толғаныс: «Егер мен қоршаған ортаны қорғау министрі болсам.» 5-7 мин



ҮІІІ. Сабақты қорыту:

-Сабақта не өттік?

-Сабақ ұнады ма? Несімен?

Тарауды қайталау. Тест.

1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2

Ә)3

Б) 4



2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

А) тас көмір, мұнай, газ

Ә) мұнай, гранит, мыс

Б) газ, тас көмір, қорғасын



3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?

А)газ

Ә)құм

Б)металл



4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?

А)Өскемен, Семей

Ә)Қарағанды, Екібастұз

Б)Маңғыстау, Атырау



5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?

А)тас көмір, мұнай

Ә)қорғасын, алюминий

Б) мұнай, газ



6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?

А) Шығыс Қазақстанда

Ә)Орталық Қазақстанда

Б)Солтүстік Қазақстанда



7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?

А)тұз, фосфорит,әктас

Ә) мұнай, гранит, тұз

Б) фосфорит, газ, металл



8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:

А)Кентау

Ә)Соколов-Сарыбай

Б)Өскемен



9. Кен орны деп нені айтады?

А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері

Ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері

Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер



10. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?

А) фосфорит, мәрмәр

Ә) бензин, газ, жанармай

Б)жанғыш газ, әктас



Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.Оқушылар өздерін бағалайды.

1. Ә 6.Ә 1 қате - "5"

2. А 7.А 2 қате - "4"

3. Б 8.Ә 3 қате - "3"

4. Ә 9.А 4 қате - "2"

5. Б 10.Ә



ІХ. Үйге тапсырма: 3 мин

Күнделікті ашайық. 27-35 бет қайталау

Тапсырманы тізіп жазайық.

Тараудан алған білімді

Ұмытпай есте сақтайық.

-« Пайдалы қазбаға» 5 жолды өлең құрастыру.

Х. Бағалау.3 мин















































































Дүниетану 4-сынып

«Пайдалы қазбалар» тарауды қайталау.

Тест.

1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?

А) 2

Ә)3

Б) 4

2. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?

А) тас көмір, мұнай, газ

Ә) мұнай, гранит, мыс

Б) газ, тас көмір, қорғасын

3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?

А)газ

Ә)құм

Б)металл

4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?

А)Өскемен, Семей

Ә)Қарағанды, Екібастұз

Б)Маңғыстау, Атырау

5. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?

А)тас көмір, мұнай

Ә)қорғасын, алюминий

Б) мұнай, газ

6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?

А) Шығыс Қазақстанда

Ә)Орталық Қазақстанда

Б)Солтүстік Қазақстанда

7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?

А)тұз, фосфорит,әктас

Ә) мұнай, гранит, тұз

Б) фосфорит, газ, металл

8. Еліміздегі ең ірі темір кен орны:

А)Кентау

Ә)Соколов-Сарыбай

Б)Өскемен

9. Кен орны деп нені айтады?

А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері

Ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері

Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер

10. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?


А) фосфорит, мәрмәр

Ә) бензин, газ, жанармай

Б)жанғыш газ, әктас







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал