- Учителю
- Жеңіс күні (Даярлық топ)
Жеңіс күні (Даярлық топ)
Пәннің аты: </<font face="Times New Roman, serif">Көркем әдебиет |
Уақыты:16.05.16 |
Кабинет |
Мұғалім: Сармолдаева М | |||
Сабақтың атауы |
Жеңіс күні. | |||||
Мақсаты |
Балалардың «жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту. Патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету | |||||
Әдіс тәсіл: |
көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап | |||||
Психологиялық ахуал |
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. - Аспанымыз ашық болсын! - Еліміз тыныш болсын! - Бейбітшілік болсын! Жаңа тақырыппен таныстыру. - Сұрақ жауап арқылы өткен сабақты қайталау. |
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге жаттығу жасайды.
| ||||
Қызығушылығын ояту
|
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі | ||||
Мағынаны тану
|
9 мамыр - жеңіс күні! Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Оларды атап айтсақ: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, т.б. Еліміз өз батырларын ешқашанда ұмытпайды. Батырлар ескерткішіне гүл шоғын қоямыз! Еске алу: 1 минуттық үнсіздік. Дәптермен жұмыс: Қайрат Жұмағалиевтың «Жеңіс күні» өлеңін жаттау. Ойлап тұрдым көп, Сауал бердім білгім кеп: - Қуанышты мереке - Жеңіс күні қай күн? - деп. Бейбіт күннің бәрі де - Жеңіс күні, шырағым! Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла». Ойын шарты: Бастаушы бір сөз айтады, балалар жалғасын тез ойлап табуы керек. Мен әншімін ... (ән айтамын) Мен дәрігермін ... (адамдарды емдеймін) Мен ғарышкермін ... (ғарышқа ұшамын) Ойын осылай жалғасады. Дәптермен жұмыс: «Ерлер есімі мәңгі өшпейді!» - жоғары дауыста орта дауыста төмен дауыста айтылады. | |||||
Сергіту сәті |
Қиынсынып қашпаймыз, Шынығамыз жастай біз. Көңілді әуен сазымен Жаттығуды бастаймыз. Иілеміз оңға бір, Иілеміз солға бір, Қолды жоғары көтеріп, Қолды төмен түсіріп, Терең тыныс аламыз. |
Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды. | ||||
Ой толғаныс
|
- «Жеңіс күні» деп неліктен айтамыз? - «Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің? - Соғысқа қатысқан ардагерлерге қандай көмек көрсету керек? - Соғысқа қатысқан батырларды ата. | |||||
Үйге тапсырма |
Өткен әріптерден сөз жазып келу. |
| ||||
Бағалау |
Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтау. |
| ||||
Кері байланыс |
|
|