- Учителю
- Екі таңбалы сандарды қосуға есептер шығарту
Екі таңбалы сандарды қосуға есептер шығарту

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосуға есептер шығарту
Сабақтың мақсаты:1) Оқушылардың екі таңбалы сандарды қосуға,теңдеуді шешуге,есептерді шығаруға қатысты білімдерін пысықтау. 2)Тез есептеу,есте сақтау,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,банк қызметі туралы түсінік беру. 3)Тапқырлыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Ойын сабақ
Сабақтың әдісі:ой қозғау,сұрақ-жауап,жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:кестелер,қима кеспелер т.б
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
II Қызығушылықты ояту
-Балалар банк дегеніміз не?
-Қандай банктерді білесіңдер?
Бүгін біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді.бұл ойынға 3 банк қатысады.
I қатар-«Альянс» банк
II қатар-«Халық»банк
III қатар-«Сбербанк»банк
Бүгін осы 3 банктің қайсысы жақсы жұмыс жасайтын тұрақты банк екенін тексеруді тапсырды.Сондықтан сабақты дұрыс ұғуымыз керек.Тез есептеп,ойлап жауап бере білуіміз қажет.
III Мағынаны тану
-
Ойын «Сынап көр»теңдеу шешу
2+а=10 а-2=8 10-а=2
а=10-2 а=8+2 а=10-2
а=8 а=10 а=8
2+8=10 10-2=8 10-8=2
10=10 8=8 2=2
1+а=10 а-1=9 10-а=1
а=10-1 а=9+1 а=10-1
а=9 а=10 а=9
1+9=10 10-1=9 10-9=1
10=10 9=9 1=1
2)Ауызша жұмыс
«Тез ойлан» Сандарды кері және тура санау:
92 32 62
-
28 58
3)«Бәйге»
1-қатар-қосу амалымен шығарады 2-қатар азайту амалымен шығарады
10+2=12 12-2=10
20+2=22 22-2=20
30+2=32 32-2=30
40+2=42 42-2=40
50+2=52 52-2=50
3-қатар азайту амалымен шығарады
12-10=2
22-20=2
32-30=2
42-40=2
52-50=2
4) Жеке жұмыс
Банк бастықтары тақтада парақшамен жұмыс орындайды.Банк бастықтары тапсырманы дұрыс орындаса,сол дұрыс орындаған банк иесіне жаңа сейфтің кілті тапсырылады
5)Дәптермен жұмыс
(10+5)-4=11 (6+4)-2=8 (60+40)-20=80
(10+7)-1=16 9-(3+2)=4 90-(30+20)=40
18-(3+5)=10 (7-2)-3=2 (70-20)-30=20
6)Сергіту сәті
IV Ой толғаныс
5-есептің а) бөлігі орындалады,ә) және б) бөліктері а) бөлігімен салыстыра отырып орындалады.
А)Үйрек-36 ә)Қаз-30
Қаз-?,6-уы кем Үйрек-?,6-уы артық
Ш:36-6=30 Ш:30+6=36
Ж:Аулада 30 қаз жайылып жүр Ж:Аулада 36 үйрек жайылып жүр
Б)Үйрек-36
Қаз-30 ? кем
Ш: 36-30=6
Ж:Қаздың 6-уы кем
Шығармашылық тапсырма
1-қатар 2-қатар 3-қатар
№17 (34) №23 (42) №26 (47)
3банктің жұмысы жайында қорытынды сөзді «аудиторлар» бағалап айтады.
Жұмыс барысын сараптай отырып ,оқушылар бағаланады.