7


  • Учителю
  • Поурочный план по начальным классам на тему Ертегілер әлеміне саяхат

Поурочный план по начальным классам на тему Ертегілер әлеміне саяхат

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты:

  • Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау, нақытылау, толықтыру. Сандарды өз бетінше қосу және азайту амалдарын қолдануды жетілдіру;

  • Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын қалыптастыру. Ауызша есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту;

  • Математика пәніне қызығушылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктері: сандар, слайд, плакаттар, суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың ұраны айтылады. «Математика - үлкен патшалық, Сандықты ашып, сырын ұқ!»

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.

ІІ. Психологиялық дайындық. - Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық. Енді Сіздерді қонақтармен бірге «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын. Сіздер ертегілерді жақсы көресіздер гой. Ал, ендеше саяхатты бастайық! (мақсатын міндеттерін айту)

ІІІ. Өткенді қайталау. Ертегілер еліне біз сендермен поездбен барамыз. Поездға билет алуымыз керек екен. Ол үшін мына алдарыңдағы қағаздарға есімдеріңді жазып, астындағы тапсырмаларды орындау керек.(сандардың құрамы) Жақсы. Ал енді, дұрыс отыра қалайық, сәт сапар!

- Бірақ, балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен. Оны ашу үшін сиқыр керек. Бәріміз бірге шатаспай 1-ден 10-ға дейін санайық. (Ашылмайды).

- Кері санап көрейік. (Ашылмайды).

- 1санды аттап санайық. (Ашылмайды).

- Енді не істеуге болады екен? Кәнеки, бәріміз 3 рет шапалақтайық. (Ашылмайды).

- Менің ойымша, бұл қақпаның құпия сандарын білу керек шығар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Тауып көреміз бе? 5+0 3+4 8-2 4+5 6+4 9-8 (ауызша)

Құпия сандар: 5, 7, 6, 9, 10, 1.

- Енді барлығың тыныш отырыңыздар! «Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі. Қараңдаршы балалар, ертегі әлемі қандай әдемі, қандай тамаша! Мұнда неше түрлі кейіпкерлер бар екен. Мына орман іші неткен әдемі?! «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінің суреті көрсетіліп тұрады. Балалар, анда қараңдаршы, не байқап тұрсыңдар? Қасқыр лақтарды жеп қоймақшы ма? Біз де ертегілер елінде жүргендіктен сиқыр жасап, лақтарды құтқарайық. Мына өрнектерді дұрыс салыстырсақ қана қана лақтарды құтқара аламыз.

ІV. Білімдерін тексеру.

4 * 5 7 * 6 8 * 9 3+2 * 3+1 4+0 * 4+2 5-2 * 3+2 8-4 * 7-4 10-5 * 9-4 7+1 * 6+1

- Балалар, экранға назар аударыңыздар, лақтарды аман алып қалдық. Біз де лақтармен бірге қуанайық.

V. Сергіту сәті. Балапандардың қимылдарын қайталап жасау.

VІ. «Аңдарға көмектесу» - Біз ары қарай сапарымызды жалғастырамыз. -Мына суретте нелерді көріп тұрсыздар? Мына аңдарды мыстан кемпір зынданға қамап тастапты, өйткені олар мыстан кемпірдің айтқан тапсырмаларын орындай алмапты. Біз жамандыққа жаны қас мейірімді балалармыз ғой. Зынданда отырған жануарларды құтқарамыз ба?. Ол үшін біз логикалық тапсырмаларды орныдауымыз керек екен.

Логикалық жұмбақтар.

1. Он асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады ?

2. Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қалды 2 қаз

Қонбады оның нешеуі ?



3. Алма ағашта 5 алма,

Қандай тәтті жесе алма.

Бесеуінде жеп қойсам,

Қалады онда неше алма? (5)

- Рахмет балалар, сіздерге аңдар өте риза болып, барлық жұртқа елімізде сиқыршы балалар жүр екен деп мақтап айтып жатыр. Енді шаршағанымызды басып, дем алсақ қайтеді.

Х. Түлкінің тапсырмалары.

Балалар бізде қазір қай мезгіл? Ертегі елінде де қыс болады екен. Бірақ ол бірақ күн болады екен. Мына суретке қарағдаршы түлкі қасқырға балық бермей отыр екен, ал қасқырдың қарны ашыып тұр. Қасқырға көмектесейік пе? Ол үшін біз мына есепті шығаруымыз керек.

2+1+4-5+8꞊

7-6+5-4+3꞊

10-5+3-4+6꞊

Логикалық тапсырмалар.

Поурочный план по начальным классам на тему Ертегілер әлеміне саяхат

Біздің «Ертегілер елінде» жүргенімізді басқа да жануарлар естіп қалыпты, сендердің ақылды екендеріңді естіп сендерден өз үйлерін тауып беруді өтініп тұр екен. Бұл аңдардың үйлерін табу үшін мына есептерді шығаруымыз керек. Орындаймыз ба, тапсырмаларын?

4+5 3+7 3+4

ХІ. Бекіту. - Балалар, біз қандай жақсы істер істедік? 1. Есептер шығардық, салыстырдық, лақтарды құтқардық. («Қасқыр мен жеті лақ») 2. Логикалық есептер шығардық. Аңдарға көмектестік. 3. Қасқырға көмектестік.

4. Тапсырмаларды орындап басқа да жанауарларды риза қылдық. Балалар, мұнда бізді көргелі тағы бір ертегі кейіпкері келіп тұр екен. -Сендер қай елден келдіңдер, деп сұрап тұр. Қане балар біз айтайықшы қай елден келгенімізді. Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан) - Қай ауданда тұрамыз? Қай қала бізге жақын? Біз тұратын ауылдың аты қалай? Енді өз елімізге оралатын уақыт келді. Сендер ертегі еліндегі халыққа өте ұнапсыңдар, сендерді тағы да келіңдер деп қонаққа шақырды.

ХІІ. Қорытынды. Енді мына суреттерді таңдау арқылы өздеріңнің бүгінгі сабақтағы көңіл күйлеріңді білдіріңдер.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал