- Учителю
- 'Әліппемен қоштасу' (1 сынып)
'Әліппемен қоштасу' (1 сынып)
Нығыман Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі
Қош бол,құтты Әліппе!
Орындаған: Махмутова Маржанкуль Амзешкызы
Мақсаты: білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру,білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді болуға шақыру.1) оқушылардың әліппеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,оқушылардың білімін тиянақтау:
2)Оқушылардың сөздік қорын байыту,ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3)Туған жер,Отанды сүюге,адамгершілікке,әдептілікке,мектепті,ұстаздарды үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Тақтада а/Әліппеге көп рахмет!
ә/Қош бол,сүйікті «Әліппем»
б/ «Білім ордасы-мектеп»
в/ «Алғашқы кітабым -Әліппе»
г/ «Әліппем -білім бастауы»
Барысы
/музыка ойнап тұрады/
Мұғалім:Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар,келген қонақтар! Бүгін сіздер «Қош бол,Әліппем!» атты ертеңгілікті тамашалағалы отырсыздар.Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап,бетін ашқан оқулығы -Әліппе.Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы,білімге бастайтын алғашқы жолы.Осы Әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті
меңгеріп,енді одан әрі үлкен-улкен биік шыңға көтерілмекпіз. Олай болса оқушылар сіздерге Әліппені қалай оқып меңгергендерін,қалай есептеп,қалай жаза алатынын,жұмбақ жаңылтпаштарды қалай шешіп айта алатындарын көрсетпек.Ендеше мерекемізді бастайық.
Оқушылар тұрады /әнұран ойналады/
1-оқушы Баян
Жақсылыққа бастайтын
Бәрін біліп жаттайтын
Баян сұлу жігіт мен болам
2-оқушы Мадина
Ай мен күні анамның
Ақылдысы мамамның
Мен Мадина боламын.
3-оқушы Сағындық
Жұмсағанға баратын
Айтқан тілді алатын
Сабаққа келмесем сағынатын
Сағындық батыр мен болам.
4-оқушы Гүлім
Сәулелі де сымбатты
Сөйлегенім тым тәтті
Гүлдей болып жайқалған
Қыздарыңмын Гүлім атты.
5-оқушы Жасмин
Бармағынан бал тамған
Балдай тәтті қыз болам
Би билейтін айнала
Жасминмін мен құлпырған
6-оқушы: Саят
Көп оқитын,көп тоқитын
Ән айтудан жалықпайтын
Саяхаттап жүретін
Ерке ұлың мен Саят
Мұғалім:Жеміске құты тола ма,
Бір-бірлеп теріп алмасаң
Әп-сәтте шыға қоя ма
Еккен дәнін ойласаң.
Білім де сондай қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа
Ұғып ал білім бойларын,
Шам-шырағың жолыңда.
Көлге ойнаған бұлақтың,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар «әліппе»,-деп ақын Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай,бұл білімнің,ғылымның алғашқы жолы ғана.
Олай болса,ортаға «Әліппені шақырайық» та, оған арналған өлеңдерімізді айтып, шығарып салайық.
Оқушылар хормен:Әліппе,әліппе! (ортаға әліппе шығады)
Әліппе: Армысыздар,жас достар!
Армысыздар,ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы халықтың.
Балалар, сендер мені оқып бітірдіңдер,әріптерді жақсы меңгердіңдер.
Қандай тақпақтар білесіңдер?
1-оқушы. Гүлім.
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін міне салтанат.
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ
Ой білімі жаңғырмақ,
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған.
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың!
Саят:
Ең алғаш қолға алғанда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
«Әліппемен» қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне баламыз.
Сағындық:
Әліппем менің әліппем!
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп,
Сауат ашып жайнадық
Мадина:
Қош бол,құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған алтыннан
Әліппе білім бесігі
Баян
Сипадың да басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім
Анам менің,әкем де,
Атам менен апам да
Шопан ұшқыш ғалым да
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе
Жасмин:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа
Сөйлейді олар тіл бітіп,
Небір қызық сырларды
Тыңдай бердім мен жұтып,
Тіл біткен жұмбақ жырларды
Әліппе:Ал,балалар менен не үйрендіңдер?
-42 әріпті меңгеріп,оқуды,жазуды үйрендік
-Жұмбақ,мақал-мәтел,жаңылтпаш үйрендік
Сендерге менің қояр сұрағым бар.
-«Әліппе» оқулығын ең алғаш жазып беріп кеткен кім? Ы.Алтынсарин
-«Әліппе» оқулығынан қанша әріп үйреніп жаздыңдар? 42 әріп
- Қанша дауысты,қанша дауыссыз дыбыс үйрендіңдер? 15 дауысты,
25 дауыссыз дыбыс бар.
Әліппе:жұмбақ шешіп көрейікші
Хормен:Біз ақылды баламыз.
Еңбектеніп бағамыз
Есеп,жұмбақ ойынның
Шешуін тез табамыз.
Әліппе 1.42 жауынгер
Санын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер қауымды ел
Сырын терең ұғады /алфавит/
2.Бар ғылымның бастауы
Бар білімнің бастауы
Болашаққа жол ашқан
Қандай кітап алғашқы? /әліппе/
3.Қос бүйірін таянып,
Тұратұғын қай әріп /Ф/
4.ЕКі С күресті,
Арқаларын тіресті (Х)
Математикалық жұмбақтар шешіп көрейік.
-
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? ( 7 алма)
2.Мұз айдында 7 бала
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай 2 бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарады. ( 9 бала)
3.Жаңа ғана шалғында
6 бұзау жүр еді.
Алды шаршап қалды ма?
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт айырып. (5бұзау).
Әліппе: Балалар,сендерге рахмет,мені жақсы меңгеріпсіңдер,сендерге сәт-сапар тілеймін. Сабақтарыңды жақсы оқып,мұғалімдеріңді,ата-аналарыңды қуантыңдар.
Кәрі- жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана
Ана тілін сүйіңдер
Осыған бас иіңдер.
Оқушылар: «Қош бол,сүйікті әліппе!»
Мұғалім «әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға
Әріптер сыр ашады
Қыздар биге басады.
/Би қыздар/
Мұғалім:Балалар,әліппемен қоштастық.Енді қандай оқулықты оқитын боламыз?
Оқушылар: «Ана тілі»
Мұғалім:Балалар,олай болса ортаға «Ана тілін» шақырайық
Ана тілі: Армысыңдар,жас достар! Менің атым-«Ана тілі». Балалар,мен сіздерді бүгінгі қуаныштарыңмен құттықтаймын!Сендер мені де оқып,жазып,көп нәрсені үйренесіңдер Енді мені оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын.
-оқушы: Ана тілі біздің туған анамыз
Анамыздай сыйлап-бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз
Ана тілін кім аялай білмесе
Жаман оқушы деп қаламыз.
.
Хормен: Ана тілім-ұраным
Ана тілі-құралым
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым
Мұғалім: Ана тілі,оқушылар сізге жаңылтпаш айтқысы келіп тұр.
1.Айта-айта жақ талды
Қайта-қайта жатталды
Қайта-қайта жоқ талды
Айта-айта жатталды.
2.Ұйқы-сиқы
Қиқы-жиқы
Қиқыл сиқы
Қиқы-тұйқы
3.Домбыраның
Оң бұрауын
Он бұрадым
Оң бұрадым
4.Аялдамаға
Аялда,бала
Даяр арбаға
Даярлан бала.
5.Есет атам ет асатар
Ет асатса бес асатар
Ана тілі балалар,қандай тыйым сөздер білесіңдер?
1-оқушы: Босағада тұрма!
2-оқушы: Ақты баспа!
3-оқушы:Кісіге қарап керілме!
4-оқушы: Түнде жалаңбас шықпа!
5-оқушы: Жағыңды таянба!
Жеке нөмірлер:
Көрініс
ән
би
Кітапханашы: Балалар, мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рахмет.Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада қызық әңгіме,өлеңдер бар,балаларға арналағн кітаптар көп. Кітапханаға келіп алып,оқып тұрыңдар.
Қорытынды:
Ертеңгілігімізді аяқтай келе:
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор,мықты болсын! Әліппені жақсы меңгеріп,сауатты жазып оқуларыңа ата-алардың да қосқан үлесі зор. Ата -аналар сіздерге де алғысымды айтамын.
1-оқушы Баян
Жақсылыққа бастайтын
Бәрін біліп жаттайтын
Баян сұлу жігіт мен болам
2-оқушы Мадина
Ай мен күні анамның
Ақылдысы мамамның
Мен Мадина боламын.
3-оқушы Сағындық
Жұмсағанға баратын
Айтқан тілді алатын
Сабаққа келмесем сағынатын
Сағындық батыр мен болам.
4-оқушы Гүлім
Сәулелі де сымбатты
Сөйлегенім тым тәтті
Гүлдей болып жайқалған
Қыздарыңмын Гүлім атты.
5-оқушы Жасмин
Бармағынан бал тамған
Балдай тәтті қыз болам
Би билейтін айнала
Жасминмін мен құлпырған
6-оқушы: Саят
Көп оқитын,көп тоқитын
Ән айтудан жалықпайтын
Саяхаттап жүретін
Ерке ұлың мен Саят
Әліппе: Армысыздар,жас достар!
Армысыздар,ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың
Айтары көп әріптің
Қуанышы баланың
Қуанышы халықтың.
Балалар, сендер мені оқып бітірдіңдер,әріптерді жақсы меңгердіңдер.
Қандай тақпақтар білесіңдер?
1-оқушы. Гүлім.
Саят:
Сағындық:
Мадина:
Баян
Жасмин:
Әліппе:Ал,балалар менен не үйрендіңдер?
-42 әріпті меңгеріп,оқуды,жазуды үйрендік
-Жұмбақ,мақал-мәтел,жаңылтпаш үйрендік
Сендерге менің қояр сұрағым бар.
-«Әліппе» оқулығын ең алғаш жазып беріп кеткен кім? Ы.Алтынсарин
-«Әліппе» оқулығынан қанша әріп үйреніп жаздыңдар? 42 әріп
- Қанша дауысты,қанша дауыссыз дыбыс үйрендіңдер? 15 дауысты,
25 дауыссыз дыбыс бар.
Әліппе:жұмбақ шешіп көрейікші
Хормен:Біз ақылды баламыз.
Еңбектеніп бағамыз
Есеп,жұмбақ ойынның
Шешуін тез табамыз.
Әліппе 1.42 жауынгер
Санын түзеп тұрады.
Бүлдіршіндер қауымды ел
Сырын терең ұғады /алфавит/
2.Бар ғылымның бастауы
Бар білімнің бастауы
Болашаққа жол ашқан
Қандай кітап алғашқы? /әліппе/
3.Қос бүйірін таянып,
Тұратұғын қай әріп /Ф/
4.ЕКі С күресті,
Арқаларын тіресті (Х)
Математикалық жұмбақтар шешіп көрейік.
-
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма.
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? ( 7 алма)
2.Мұз айдында 7 бала
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай 2 бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарады. ( 9 бала)
3.Жаңа ғана шалғында
6 бұзау жүр еді.
Алды шаршап қалды ма?
Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып
Жүргенін айт айырып. (5бұзау).
Әліппе: Балалар,сендерге рахмет,мені жақсы меңгеріпсіңдер,сендерге сәт-сапар тілеймін. Сабақтарыңды жақсы оқып,мұғалімдеріңді,ата-аналарыңды қуантыңдар.
Кәрі- жасқа ой сала,
Үйрететін ой сана
Ана тілін сүйіңдер
Осыған бас иіңдер.
Оқушылар: «Қош бол,сүйікті әліппе!»
Ана тілі: Армысыңдар,жас достар! Менің атым-«Ана тілі». Балалар,мен сіздерді бүгінгі қуаныштарыңмен құттықтаймын!Сендер мені де оқып,жазып,көп нәрсені үйренесіңдер Енді мені оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер,әңгімелер арнаймын.
-оқушы:
Хормен: Ана тілім-ұраным
Ана тілі-құралым
Ана тілі балалар,қандай тыйым сөздер білесіңдер?
2-оқушы: Ақты баспа!
3-оқушы:Кісіге қарап керілме!
4-оқушы: Түнде жалаңбас шықпа!
5-оқушы: Жағыңды таянба!
Жеке нөмірлер:
Көрініс
ән
би
Кітапханашы: Балалар, мені мерекелеріңе шақырғандарың үшін көп рахмет.Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада қызық әңгіме,өлеңдер бар,балаларға арналағн кітаптар көп. Кітапханаға келіп алып,оқып тұрыңдар.
Қорытынды:
Ертеңгілігімізді аяқтай келе:
Балалардың білімі құтты болсын!
Денсаулығы әрқашан мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбекқор,мықты болсын! Әліппені жақсы меңгеріп,сауатты жазып оқуларыңа ата-алардың да қосқан үлесі зор. Ата -аналар сіздерге де алғысымды айтамын.
1-оқушы Баян
Жақсылыққа бастайтын
Бәрін біліп жаттайтын
Баян сұлу жігіт мен болам
2-оқушы Мадина
Ай мен күні анамның
Ақылдысы мамамның
Мен Мадина боламын.
3-оқушы Сағындық
Жұмсағанға баратын
Айтқан тілді алатын
Сабаққа келмесем сағынатын
Сағындық батыр мен болам.
4-оқушы Гүлім
Сәулелі де сымбатты
Сөйлегенім тым тәтті
Гүлдей болып жайқалған
Қыздарыңмын Гүлім атты.
5-оқушы Жасмин
Бармағынан бал тамған
Балдай тәтті қыз болам
Би билейтін айнала
Жасминмін мен құлпырған
6-оқушы: Саят
Көп оқитын,көп тоқитын
Ән айтудан жалықпайтын
Саяхаттап жүретін
Ерке ұлың мен Саят
14