- Учителю
- Бөлу көбейтуді қайталау(3 сынып)
Бөлу көбейтуді қайталау(3 сынып)
Пәні: математика |
Сыныбы: 3 "А» |
Күні: 10.04.2015 | |
Тақырып: |
Өтілген материалды бекіту. | ||
|
Білімділік: Оқушылардың теңдеу құру дағдыларын арттыру.Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу біліктерін арттыру,көбейту,бөлу дағдыларын жетілдіру. Дамытушылық: талдауға,тұжырым жасай білуге үйрету,есептеу дағдыларын арттыру. Тәрбиелік: жақсы мінез- қылықты болуға тәрбиелеу. | ||
Сабақтың түрі |
Аралас сабақ | ||
Күтілетін нәтиже |
Оқушылар топта жұмыс жасай алады, есеп шығара алады, құрастыра алады. | ||
Кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекекеті | |
І. Ұйымдастыру кезеңі
|
1) амандасу; 2) Сыныпты түгендеу; 3) "Көршіңді мақта" ж.ж. ІІ жақта. Әдемі, әдепті, ақылды, салмақты, жинақы, тәртіпті, данышпан, еңбекқор, талапты, сезімтал, сұлу. 4.Оқушыларды топқа бөлу
|
Сынып амандасады. Сынып кезекшісі мұғалімге сыныпта кімнің жоқ екенін хабарлайды. Оқушылар бір-бірін мақтап үлкен гүл шоғын жинайды Топ ережесін айтады:тыңдау,ақылдасу,ой бөлісу,бірлестік,тәртіп. | |
ІІ. Оқушылар-мен бірге сабақтың мақсатын анықтау |
Тақтада сабақтың мақсаты мен міндеттерін оқушылармен бірге құрастыру. Оқушыларға бағалау кезеңдерін көрсетеді. 1 кезең - Білу 2 кезең - Тану,түсіну 3 кезең - Талдау,қолдану 4 кезең - Бағалау
|
- Оқушылар сабақтың мақсаты мен міндеттерін құрастырады.
............үйрену | |
ІІІ. Білу және түсіну
|
А) Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты еске түсіру. Теңдеу құр 1 топ Тарелке-? 1000т Кесе-200 теңгеден 4 дана 2 топ Қуыршақ-? 1000т Доп-300 теңгеден 2 дана
|
А) Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Б) Үй жұмысын ауызша айтып береді. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.
| |
ІҮ. Кіріспе. Қызығушылық ояту
|
Тақтаға мінез-қылық түрлерін ілу: шыдамды,тәртіпті,ақылды,парасатты,сабырлы,ынталы,ықыласты,инабатты,әдепті,жайдары,ибалы,ойшыл,т.б. Сұрақтар қойылады. 1 топқа:Қандай жағдайда шыдамды болу керек? 2 топқа:Адам неге ынталы болу керек? |
Оқушылар оқып,еске сақтап жазады. Жазғандарын оқиды. Сұрақтарға жауап береді. Есеп шығарғанда шыдамды болу керек. Т.б. Есепті шығаруға адамның ынтасы болу керек. Т.б. | |
Ү. Жаңа сабақ
|
Есепті оқып,теңдеу құру және шығару.:№2 есеп 1 топ а,2 топ ә шығарады. |
Дәптерге шешеді.Екі топтан 2 оқушы шығып тақтаға орындайды. 1 топ х+20*3=185 2 топ 5*25+х=500 | |
ҮІ. Тану |
Есепте №3 оқушылар ауызша есептейді Ауызша көбейту және бөлу. |
1 топ 1,3 бағанды оқып шығарады 2 топ 2,4 бағанды шығарады. | |
|
Сергіту сәті |
Сергіту сәті | |
ҮІІ. Талдау. |
Бізде жақсы мінез бен қатар жаман мінездер бар Сол мінезді қағазға жазамыз,оны жәшікке лақтырып тастаймыз. №4 сөз есепті ойланып шығару. |
Жаман мінездерін жазып лақтырады. Оқушылар жауабын тақтаға жазады. | |
Ой толғаныс. Рефлексия |
Кім жылдам?Біз есептеу үшін шыдамдылық және жылдамдық керек. Сондықтан қай топ жылдам есептейді? Жарысамыз. Слайдтан 5 есеп шығарту. |
Оқушылар жылдам есептеуге тырысады. | |
Бағалау |
Оқушылардың белсенділігіне, біліміне қарай бағаланады, түсіндіріледі. Кім өте белсенді болды? Кім жылдам болды? Кім баяу шығарды? Кім ойшыл? Кім аңқау? |
Оқушылар бір-бірне қойған бағасын тыңдайды.Сұрақтарға жауап береді. | |
Үй жұмысын беру |
№5 есеп |
|
Маяковский орта мектебі
Математика пәні
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Өтілген материалды бекіту»
3 «А»сыныбы
Өткізген:Байсаматова Ж.М.
2015-2016 оқу жылы
Математика пәні Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:Өтілген материалды бекіту.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың екі таңбалы,үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу,көбейту дағдыларын арттыру.2.Талдауға,тұжырым жасай білуге,топтасып жұмыс істей білуге үйрету.3.Сабырлылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :аралас сабақ
Көрнекілігі:суреттер ,интерак,тақта
Сабақтың барысы:Амандасу
Шаттық шеңбері:Балалар,бәріміз жылылық шеңберін құрайық
-Сен нағыз доссың. -Сен әдемі қызсың
-Сен мейірімдісің. -Сен еңбекқорсың
-Сен өте ұқыпты баласың. -Сен сабырлысың.
-Өте жақсы сөздерді естідік. Енді мына суреттерді алайық.Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.
-Үйге берілген есептерді қарап шығайық.Оқыту.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:Өтілген материалды бекіту.Біз бүгін көптеген есептер шығарамыз.Оны шығару үшін біздің бойымызда қандай қасиеттер болу керек?
Қазір «Асыл шөп» мысалынан көрініс тамашалайық
Ортаға Бәтима мен Зылиқа шығады.
-Біз бұл көріністен нені ұқтық.Адам қандай болу керек?
Оқушы мен қасқыр сөзін тыңдайық.
Қасқыр:Ей,оқушы,сен қалай 4 пен 5 деген баға аласың?
Оқушы:Ол үшін ойлану керек.Шыдамды болу керек.
Қасқыр:Маған қалай есеп шығарғаныңды көрсетші.
-Ал балалар,біз қаншалықты ақылды,сабырлы екендігімізді қасқырға көрсетейік.
-Ол үшін сабақтың мақсатын құрып алайық.
-Есепті өз бетінше... -Есепті жылдам..... Сабырлы....
-Есепті топпен....... -Ойлануға..... Қатесіз......
Топ басшысы балаларға баға қояды.Бағалау қағазын беру.
-Өткен тақырыпты еске түсіріп,№1 есепті ауызша шығарамыз.
Оқулықпен жұмыс Дәптерге бүгінгі күнді жазып, №2 есептін а-сын 1 топ,ә-сін 2 топ шығарады.
40к-200м Ер адам40к-200м 1к-? Ер 1к-? 60м-? Бала 1к-?3 м кем 200:40=5 200:40=5 60:5=12 5-3=2
Сергіту сәті
№3 есепті 2 топ өз беттерінше есептейді.
Болғаны-?120м,60м 1 кресло-4м Барлығынан-?кресло (120+60):4
№4 2 топ тақтада жарысып шығарады.Қай топ 1-нші болады.
2 топқа түн суреті беріледі. Жұлдыздарда есеп болады.Кім көп есеп жапсырса,сол топ жеңеді.
Математикалық жаттығу
Ауызша есептеу.
Ал енді қасқырға қарайық.
-Ей қасқыр, біздің қалай есеп шығарғанымызды көрдің бе?Біз ойландық,еңбектендік.
Қасқыр:Қой,бұл менің жұмысым емес екен.Мен сендер сияқты көп уақыт бір жерде жұмыс істей алмаймын.Және мен ойлана да алмаймын.Сен дер сабырлы екенсіңдер.Хош сау болыңдар.