7


  • Учителю
  • Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Б.Уахатов атындағы орта мектеп2013-2014 оқу жылыБастауыш сынып әдістемелік бірлестігіне арналған кезекті баяндама Тақырыбы«Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері» Орындаған:Бастауыш сынып мұғалімі Исагалиева А.С « Бағдарлы оқытуды ұйымдастыруд ерешеліктері» Бүгін
предварительный просмотр материала

Б.Уахатов атындағы орта мектеп


2013-2014 оқу жылы


Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігіне

арналған кезекті баяндама



Тақырыбы

«Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері»



Орындаған:Бастауыш сынып мұғалімі

Исагалиева А.С

« Бағдарлы оқытуды ұйымдастыруд ерешеліктері»
Бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен бейінді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы оқушыларды қалыптастырады.
Әдіснамалық деңгейге соңғы кездері қолданысқа «құзырлылық» ұғымы еніп отыр. Ғылыми әдебиеттерде құзырлылық қайсыбір тапсырманы орындай алуға қабілеттілік, оқушының қалыптасып үлгерген жеке сапасы мен тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырылады. Құзырлылық дегеніміз оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.
Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырманы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық сапасы, профессионалдық векторы, теориялық, білімдік және профессионалдық дайындығының бірлігі, жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған.
Құзырлылық-танымдық, пәндік-практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы.
«Құзырлылық» ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. «Competent» сөзі французша «компетентті» «заңға сай», латынша «сай болу», «қабілетті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.
Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты «компетенттілік және тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті» деген түсінік берілген. Осы «компетенттілік» шетелдік түсіндірме сөздікте меңгеруші ретінде қарастырылған.
«Компетенттілік» ұғымының мазмұны мынадай:


  • Компетенттілік меңгерген, заңға сәйкес;


  • Белгілі бір саланы білетін тұлға.


Компетенция - оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттері.
Компетенцияның түйінді құраушысы біліктілік болып табылады. Оқытудағы компетенттілік тәсіл оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді және білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, щығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді компетенттіліктерді бөліп қарастырайық.
Түйінді компетенттіліктердің құрылымы төмендегідей бөлінеді:
Өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы базалық компетенциялар.
Олар: оқу, жазу, есептей алу, сөйлей алу, және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға жеткізе алу, оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай алу, әртүрлі ақпарат көздерінен білім жинақтап білуді меңгерту жатады (кітаптан, газет-журналдардан, теле-радиохабарлардан, интернеттен т.б.)


  • Мәдени іс-әрекетіндегі компетенцияларға бос уақытын өзінің рухани және мәдени дамуы үшін пайдалана білу (көркем әдебиееттер оқу, түрлі лекциялар мен баяндамалар тыңдауға қатысу, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар) жатады.


  • Тұрмыстық саладағы компетенциялар: жеке гигиенаға, өзденсаулығын нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер.


  • Әлеуметтік еңбек іс-әрекеттері саласындағы компетенциялар - бұл оқу еңбегін ұйымдастыра білу дағдысы, ұжымдағы өзара қарым-қатынасы этикасы,өз мүмкіндігін бағалау, жауапкершілігік жүгін арқалай білу.


  • Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесінің біздің еліміздегі білім беру жүйесінен айырмашылығы мынада:


  • Оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға қарағанда басым;


  • Оқытудағыы іс-әрекетінің тәсілі қарапайым біліктілік пен дағдыларды ығыстырған;


  • Оқытудың компетенттілік тәсілі қолданылады.


  • Мектептегі білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады.


  • Мұғалім мен оқушы арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар оқу ісі әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған.


Бүгінгі таңдағы елімізде жүріп жатқан экономикалық-әлеуметтік дамулар келешек ұрпаққа білім берудің мақсаттары мен мазмұнын түбірімен жан-жақты қайта ойластырылып, жаңа сапаға жету міндеттерін көздейді. Сондықтан білім беру саласындағы өзгерістер жеке тұлғаны қалыптастыруға, оқу үрдісіне тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге, баланың шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен салауатты өмір салтын берік ұстануға бағытталуы тиіс. Міне осы орайда, 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен мақсатына сәйкес негізгі құзырлылығы айқын да анық көрсетілген.
12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Осы белгіленген мақсатқа сәйкес білім беруден күтілетін нәтижелері мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:
Құндылықты -бағдарлы құзіреттілік-өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, саяси жүйені түсіну, азаматты белсенділігін көрсету.


  • Медениеттанымдық құзіреттілік - адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну, этномәдениеттілік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу.


    • Оқу танымдық құзіреттілік - оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық.


      • Коммуникативті құзіреттілік-адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.


      • Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік - бағдарлай білу, білім мен ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу.


      • Әлеуметтік-еңбек құзіреттілік-әлеуметтік қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білу, шешім қабылдай білу.


      • Тұлғалық өзін өзі дамыту құзіреттілік- өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау.


Бұл құзіреттілік тәсіл 12 жылдық мектепте жаңа тәсіл болып табылады және мектеп түлегінің өзгермелі жағдайда әлеуметтік икемділігі мен әрекетін жүзеге асыру қабілетінде пайда болатын оқушылардың сапалық кешенін дамытуды көздейді.
Соңғы уақыттарда елімізде білімге деген көзқарас өзгерді: бұрын ғылым-өндіріс-білім деп қарайтын болсақ, қазір мәдениет-білім-тарих деп қарайтын болды. Бұдан орта білім берудің мақсаты нақтыланды: алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін қолдана алатын, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру.
Білім мазмұнын игерудің және оқушылардың оқу үрдісінің түрлі кезеңдерінде өздерінің жеке мүмкіндіктеріне, талпыныстары мен оқыту мақсатына сәйкес дамуының белгілі бір деңгейі оқыту сапасы деп аталады.
Ал білім беру сапасы дегеніміз-бұл білім берудің белгілі бір нормалар мен стандарттарға және оқушылардың дайындық сапасын сипаттайтын мүдделері мен қажеттіліктеріне сай болуы.
Білім сапасын бағалаудың мын,адай тәсілдері бар:


  • Білім сапасын бағалау тәсілдері оқылған материалдарды және формулаларды қолдануды бақылауға негізделген, яғни бақылау-бағалау құралдарын білімді репродуктивті түрде меңгеруді, алгоритмдік білім мен біліктілікті тәжірибеде тексеруге бағдарлау.


  • Білім беру процесін түйінді компетенттіліктерді қалыптастыруға бағдарлау.


  • Компетенттілік дегеніміз - оқыту нәтижесінде алған білім мен біліктілікті тәжірибеде қолдана алу қабілеттігі.


Қандай нәтиже алу керек екендігін анықтап алу. Енді оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндегі базалық компетенциялары мен дағдыларының кең ауқымдағы сипаты түрінде нақтыланған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін білу.


  • Оқытудың күтілетін нәтижелеріне бағытталған әдістемені былайша сипаттауға болады.


  • Қандай нәтижеге жеткенімізді анықтау.


  • Жеткен нәтиже мен жоспарланған нәтиже арасында алшақтық байқалса, онда оқыту нәтижесіндегі проблемаларды анықтау.


  • Оқыту нәтижелерінің проблемалары оқу-тәрбие процесіндегі қандай кемшіліктерге байланысты туындады (бағдарлама дұрыс құрылған ба?, әлде әдістеме жеткіліксіз бе? Оқу-тәрбие үрдісі дұрыс ұйымдастырылған ба? т.б.


  • Тәрбие процесіндегі кемщіліктер неге байланысты екенін анықтау.(кадр мәселелері, ғылыми-әдістемелік, материалдық техникалық қаржы, нормативтік-құқықтық және т.б.)


  • Оқу-тәрбие үрдісіндегі проблемалар басқару жүйесіндегі қандай кемшіліктерге байланысты туындап отыратындығын анықтау.

Өзімнің білім беру жүйемдегі бейінді оқыту дағы «Тіл дамыту» курсымның нақты мақсаты оқушылардың тіл байлығын молайту және дамыту болып саналады.Тіл дамыту-қазақ тілін оқыту үрдісінің күретамыры,ол - ең алдымен сөзбен жұмыс.қазіргі тіл дамыту үрдісі үнемі ізденісті,өнімді технологияларды,тәжірибе пайдалануды,зерттеушілік сияқты тәсілдерді қажет етеді.

Шығармашылық-өзі оқушының өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі.

Тіл дамыту-педагог пен тұлға арасындағы қарым-қатынас.ол жаңа ізденістерге толы,әрі қызықты,әрі күрделі,бірін-бірі толықтырып отыратын түрлі іс-әрекеттермен жүзеге асатын үрдіс.Тіл дамыту үрдісін төмендегідей технология түрлері инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады.

1.Проблемалық оқыту технологиясы

2. Ұжымдық оқыту технологиясы

3. Дамыта оқыту технологиясы

4.Дәстүрден тыс шығармашылық диктанттар

Демек,осы бейінді оқытудағы «Тіл дамыту» және «Көркем жазуға үйрету технологиясы» бойынша біршама жетістіктерге жеттім.Мысалға мектепішілік «Әдемі жазу-өнер», «Поэзия пірі -Мұқағали» «Абай оқуларынан» және Аудандық «Қой-түліктің құттысы» тақырыбында ғылыми жұмыс сайысында көптеген жетістіктерге оқушыларым жетті.

Тіл дамыту технологиясы -жүйелі еңбекті талап ететін үрдіс.
Қорыта келе, бейінді оқытудың сапасын күтілетін нәтижелер тұрғысынан жетілдіруді компетенттік тәсіл қамтамасыз ететін болғандықтан, оны жүзеге асыру үшін білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері - эмоционалдық құндылық қатынас тәжірибесінде негізделген түйінді компетенттіліктерді ажыратып алу қажеттілігі туады.

Бейінді оқытудың бастауыш сыныптар үшін оқушы құзыреттілігі арттырылады , шығармашылыққа ұмтылады және ең нақтысы күтілетін нәтиже болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өздік дамуында. Алматы 2006
2. Қазақбаева Д., Ш.Кәрібаева Компенеттік тәсіл білім сапасын қамтамасыз етудің басты шарты.Физика және астрономия №2-3 2004ж.
3. Тұрғынбаева Б.А.. Мұғалімдердің шығармашылық әлеументін білікті арттыру жағдайында дамыту теория және тәжірибе. Алматы2005,84бет.
4. Шишов С. Понятие компетенции в контексте качества образования современная школ-1999, №1стр. 82-83.
5. Лебедев О.Е. Компетентностный подход в образовании //школьные технологии 2004, №5 стр.3-13.
6. 12 жылдық жалпы орта білім беру бағдарламасы.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал