- Учителю
- Тема Төлді қалай шақырады?
Тема Төлді қалай шақырады?
Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады?Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлерін түсіндіру. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білуге үйрету.Төрт түліктің төлдері туралы түсіндіру.
ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларына молайту. б) әдемі жазуға дағдыландыру, малды сүюге, күтуге
тәрбиелеу.Тәртіптілікке үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Төрт түліктің суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын сұрау
«Қоян» мәтінін мазмұндау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.
-Дауысты дыбыстарды ата. - Дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата.
-Сөз нелерден құралады? -дыбыстар немен таңбаланады?
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата.
IV. Мақсат қою кезеңі:
Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар. «Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.Төлді қалай шақыру керектігі туралы білетін боламыз.
V. Жаңа сабақ.
Дыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру.
-Дауыссыз дыбыстарды ата.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.
Біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.
Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у).
-У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады.
-Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.
«Төлді қалай шақырады?» Өлеңді оқи отырып ,мазмұнын ашу.Төрт түліктің төлдерін атау.Суретпен жұмыс.Оқушыларға өлеңді оқыту.
-17-жаттығу Өлеңді түсініп оқыту.
Қамбар ата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.(тақтаға орындалады.)
18-жаттығу (Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)
Қорытынды.
Үйге тапсырма,бағалау.