7


Менің Отаным-Қазақстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Менің Отаным - ҚазақстанМақсаты: Қазақстанның көрнекті жерлерімен таныстыру, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру. Дұрыс жауап беруге, түсінгенін, білгенін айта білуге дағдыландыру. Барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі2.Үй тапсырмасын тексеру.Сабақ Әнұранмен баста
предварительный просмотр материала

Менің Отаным - Қазақстан


Мақсаты: Қазақстанның көрнекті жерлерімен таныстыру, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін жетілдіру. Дұрыс жауап беруге, түсінгенін, білгенін айта білуге дағдыландыру.


Барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі


2.Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ Әнұранмен басталады.


Мұғалім: Құрметті оқушылар, мен бүгін атақты ақиық ақынымыздың бірі - Мұқағали Мақатаев ағамыздың өлеңімен бастағым келіп отыр.

Мен оның түнін сүйем. күнін сүйем,


Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.


Мен оның қасиетті тілін сүйем,


Мен оның құдіретті үнін сүйем.

- Бұл өлең не туралы?


- Отан дегеніміз не?


- Сендер қай жерде, қай мемлекетте тудыңдар?


- Мінекей, балалар, барлығымыздың Отанымыз - Қазақстан. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - «Менің Отаным - Қазақстан»


Слайдтармен жұмыс.


Астана қаласының көрікті ғимараттары, ескерткіштері туралы жасалған слайдтар көрсетіледі


Септік жалғауларын қайталау есебінде бір оқушы септік жалғауларын


қайталайды ,екінші оқушы орыс тіліндегі септіктермен байланыстырып, салыстырады.


Кітаппен, дәптермен жұмыс.


2 - бөлім. Ойын түрлерінен сайыс.

- Балалар, біздің сабағымыздың келесі бөлімі сайыс түрінде өтеді. Ол үшін класс үш


топқа бөлініп, әр топ өз жетекшісін және топтың атын таңдайды.


Қай топ тапсырмаларды дұрыс, жылдам әрі нақты орындаса сол топ жеңімпаз атанады.


Әрбір тапсырма үш, төрт, бес балдық жүйемен есептеледі.

Сайысқа түсетін топтар: 1. «Алау» тобы.


2. «Жалын» тобы.


3. «Тұлпар»


Сайыс бөлімдері:


1. Бес жолды өлең құрастыру сайысы.


1 - топқа «Мұғалім» сөзі.


2 - топқа «Мектеп» сөзі.


3 - топқа «Отан» сөзі.


2. «Септеу» эстафетасы.


1 - топқа «Қала» сөзі.


2 - топқа «Ғимарат» сөзі.


3 - топқа «Табиғат» сөзі.


3. «Үш қадамдық сұхбат» ( Мұнда әр топ оқушылары бір - біріне мәтін бойынша сұрақтар қойып, жауап береді.)


4. «Бір айналым сөйлесу» ойыны. ( Мұнда оқушылар бірінің ойын бірі


жалғастырып, логикалық


байланысқа түседі.)


5. Отан туралы мақал - мәтелдер сайысы.


Сайыс қорытындыланып , жеңімпаз топ марапатталады.


Үй тапсырмасы. «Туған жер» тақырыбына шағын эссе жазып келу.


Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал