7


  • Учителю
  • Эссе Жетістікке жеткен адам. . .

Эссе Жетістікке жеткен адам. . .

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бір тақиялы ата мектепке келіп, салтанатты жиындарға қатысып тұрады. Біз көбінесе сапта тұрамыз. Бірде сынып жетекшімізден «Бұл кісі кім?» - деп сұрадым. «Бұрынғы мектеп директоры Шашубай ағай»- деп жауап берді тәтей «Мұражайда мәліметі бар»."Үйдегі әжем Әлия да білетін шығар", деймін ішімнен. Ол кісі де осында қырық жыл ұстаздық еткен.

Әуелі атаның өмірбаянымен таныстым.Досмайылұлы Шашубай Жамбыл облысы, Шу ауданы, мен туған Көктөбе ауылында 1942 жылы 10 шілдеде дүниеге келген. Мен оқитын Жамбыл атындағы орта мекттепті 1960 жылы бітіріп, Алматы қаласындағы ҚазМУ-дің тарих факультетіне сырттай оқуға түсіп, қалада жұмыс істеген. 1962 жылы елге келіп, Шу ауданындағы «Еңбекші» бастауыш мектебіне мұғалім болып орналасады. 1964 жылы ҚазМУ-ге қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша қайта оқуға түсіп, 1969 жылы бітіріп шығады. Екі жыл әскери қызметін өтеп, 1971 жылы елге келген соң, өзі оқыған мектебіне әскери жетекші болып орналасады.

1979-1992 жылдары Ә.Молдағұлова атындағы орталау мектепте, 1992 жылдан 2005 жылға дейін зейнетке шыққанша Жамбыл атындағы орта мектепте директор болып қызмет атқарады.1982 жылы «Халық ағарту ісінің озық қызметкері төс белгісімен» марапатталады.Жұбайы Досмайыл Жұмакүл неміс тілі мен әдебиеті пәнінің маманы, 35 жыл ұстаздық еткен. Екеуі 5 бала тәрбиелеп өсіреді. 9 немересі бар. Төлеген атты ұлы химия ғылымының кандидаты.

Менің әжем атаны әскери жетекші қызметінде жүрген кезінен бастап жақсы біледі екен. «Ол кезде жастардың отан сүйгіштік сезімі ерекше еді»- дейді әжем.Жоғары сыныптарынан, 5-6 сынып оқушыларынан «Орленок», «Зарница» тобын құрып,ертелі-кеш дайындықты үзбей жүргізіп тұратын.Мылтықтан нысана атудан, әскери ойын жарыстарында облыс деңгейіне дейін жүлделі орындарға қол жеткізіп жүрді.

1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдық мерекесі елімізде кең түрде аталып өтті.Шашубай ағай шәкірттерімен бірге Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды іздеп, үй-үйін аралады. Сондай боздақтың бірі Бөкенбаев Тұңғышбай тұрған үйге келгенде, таяққа сүйенген анасы қарсы алады.Баласының атын естігенде қарт анасы- баламнан хабар бар ма? Тірі ме? - деп еңіреп қоя береді.Ұлын 34 жыл бойы зарыға күткен ананың сарғайған сағынышы еріксіз көзге жас алдырды.Ауыл бойынша 113 боздақты тауып,аты-жөнін мәрмәр тасқа ойып жазып ,мектептің ауласына ескерткіш орнатты.Ал,соғыстан аман есен оралған 90 адамды сапқа тұрғызып ,өкімет әрқайсысын «Жеңістің 30 жылдығы медалімен» марапаттап,бағалы сыйлықтар тапсырды.

1995 жылы жеңістің 50 жылдығында ұзақ жылдар бойы іздестіру нәтижесінде 182 боздақ анықталып,Мәдениет үйінің алдына ескерткіш орнатылды.Бұл істің де басы -қасында Шашубай ата жүрді.

1979 жылы Шашубай ағайды көрші Бөлтірік ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы 8 жылдық мектепке директор етіп бекітеді.Шағын мектепті жаңа басшы бірден дөңгелетіп әкетеді.Әлия әжемнің төркіні сол ауылдан болғандықтан үнемі жақсы істерін естиді.Қосымша оқу бөлмелерін салдырып,ішін заман талабына сай жабдықтайды.Оқушылардың өндірістік бригадасын ұйымдастырып еңбекке баулиды.Жыл сайын жазғы демалыстарда Мәскеу,Тбилиси,Харьков,Алматы қалаларына туристтік сапар шегіп, ел тануға, жер тануға тәрбиелеп, олардың дүние танымын кеңейтуге күш салады. Ауыл балалары үшін бұл баға жетпес рухани байлық еді.

1989 жылдан бастап наурыз мерекесін тойлау дәстүрге айналды.Шәкірттер ұлттық салт-дәстүрмен қауышты.Ұлттық тәрбиеге баулып ұлттық болмысымызды айшықтай түсті.Мектепке ұлттық киіммен келу, араб әріпімен төте жазу үйрену қолға алынды. Тәуелсіздіктің жан сергітер самалы есті.

1992 жылы Шашубай ата Жамбыл атындағы орта мектепке директор болып оралды.Өнегелі ісімен өшпес із қалдырған ұстазды туған ауылы,мектебі қуана қарсы алды.Бірақ мұнда жағдай мәз емес екен.Мектеп үйінің тозығы жетіп,апатты жағдайда болғандықтан,онда сабақ оқу тоқтатылған. 450 оқушы даярлық тобына арналған қосымша бөлмелерінде,балалар бақшасының үйінде екі ауысыммен бөлініп оқитын деңгейге жеткен.Әйтседе,тәжірибелі басшы оқу - тәрбие жұмысына нұқсан келтірмей, сабақты бір күнде тоқтатпастан қиын жағдайдан алып шықты.Бұрынғы басшылар 750 оқушыға арналған 3 қабатты мектеп үйінің шатырын жабуға келгенде,одақ ыдырап қаржы болмай амалсыз тоқтатыпты.Мына қалпында тұра берсе,төбесінен су өтіп, кірпіштері езіліп, әрі қараусыз қалған нысанды тонап кетуі мүмкін.Әуелі тездетіп төбесін жауып алу керек.Ауыл ақсақалдарымен,ата-аналармен ақылдасты.Олар үйден екі теректен жинауға келісім берді.Ауыл үлкен еді.800 терек жиналды.Аудан басшылары ескі мектеп үйлердің төбесін жабу үшін 1500 шифрға ақша бөлді.Екі айда мектеп төбесі су өтпейтіндей етіліп жабылды . Арада біраз жыл өткен соң олар есік,терезеге ішкі-сыртқы сылаққа деп 150 миллион теңге бөлді.Қиын кезеңде мұндай тірлік жасау ерлікпен тең еді.Жоқтан бар жасап үйренген Шашубай ата жаңа мектепке көшкен соң, екі жыл қатарынан жас түлектерді өмірге қанат қақтырып, 2005 жылы зейнетке шықты.

Ауылда тұрса да ,мал бағуға,егін егуге жастардың құлқы болмай кейбіреулері жұмыс іздеп,қалаға кетіп жатты.Өмірін бала оқытумен өткізген қарт ұстаз қаламын қоя салып,қолына таяқ алды. .«Дос» атты шаруа қожалығын құрды. 100 қаралы қой өсіріп, оған жем-шөп дайындауға кірісіп кетті.Қаладағы балалары Жалғасбек,Шыңғысты алдырды.Трактор ,шөп шапқыш,шөп тайлағыш,тырма сияқты шаруашылық құралдарын жинап,ескілерін жөндеп іске қосты. Шаруа қожалығында тек жоңышқа ғана емес,бау-бақша,жүгері егілді.

Шу алқабында су да,жер де,күннің шуағы да жетеді.Тек диқанның жерге деген жүрек жылуы қажет.Атаның зейнетке шыққанына 10 жыл толды.Бірақ әлі тың.Қолында сүйенетін емес қой бағатын таяғы.Кетпенін қолына алып,бау-бақшасын суғарады.Қазыналы қарияның айтары көп.Білімі де,білігі де жетеді.Елбасының сындарлы саясатын қолдап отырады.Өзі көңілді,мінезі ақжарқын. «Туған жерге туың тік»деген мақал бар.Ата сол туды көтеріп жүргендей .Мен атаға қызыға қараймын.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал