- Учителю
- Табыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын біледі. Сөйлемнен табыс септіктегі сөздерді таба алады. Басқа септіктерден ажырата алады.Табыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болатынын біледі. Зат есімдерді табыс септігінде септеп сөйлем құрай алады. Су
Табыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын біледі. Сөйлемнен табыс септіктегі сөздерді таба алады. Басқа септіктерден ажырата алады.Табыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болатынын біледі. Зат есімдерді табыс септігінде септеп сөйлем құрай алады. Су
Қазақ тілі 4 сынып |
Күні: | |||
Сабақтың тақырыбы |
Табыс септік | |||
Сілтеме |
Оқулық авторы: Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жұмабаева Алматы «Атамұра» 2015 | |||
Жалпы мақсаттар |
Табыс септігінің сұрақтарымен және жалғауларымен таныстыру; Табыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту және өзіндік ерекшелігін меңгерту; топта ынтымақтастықта болуға үйрету. | |||
Оқыту нәтижесі |
Табыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын біледі. Сөйлемнен табыс септіктегі сөздерді таба алады. Басқа септіктерден ажырата алады.Табыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болатынын біледі. Зат есімдерді табыс септігінде септеп сөйлем құрай алады. Сурет бойынша мәтін құрастырып, мәтінде табыс септігіндегі сөздерді қатыстырады | |||
Қолданылған әдістер мен тәсілдер |
Диалогты оқыту, сыни тұрғыдан ойлау әдістері,(постер қорғату). | |||
Сабақтың өтілетін уақыты |
45минут | |||
Ұйымдастыру кезеңі: |
1. Сәлемдесу,назарларын сабаққа аудару 2.Ынтымақтастық атмосфера құру Сергіту сәті 3.Топқа (сөздер, сөз тіркесі, сөйлем жазылған) қағаздар арқылы бөлу | |||
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | ||
Қызығушылықты ояту 3минут |
Өткен сабақтарды қайталау мақсатында топ мүшелері бір-біріне «Мен саған, сен маған» стратегиясы бойынша сұрақтар қояды. |
Диалогтік оқыту арқылы өткен сабақтан алған білімдерін қорытындылайды | ||
Білу 3минут |
«Ой шақыру» 48-жаттығуды оқытып, көшіріп жаздыру. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойдыру.Олар қай септікте тұрғанын айт. |
Сабақтың тақырыбын ашады, табыс септігі қандай сұраққа жауап беретінін және жалғауларын табады. | ||
Түсіну 6минут |
49-жаттығу Жаңылтпашты оқып,табыс септіктегі сөздерді табады және табыс септігінің ережесін постерге сызып, топ болып қорғайды |
Сөйлемнен табыс септіктегі сөздерді таба алады. Топ мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді. Өз ойларын еркін айтуға үйренеді. | ||
Қолдану 15минут
|
50-жаттығу Сөздерді оқып, белгілеріне қарай топтап, бір-бірінен айырмашылығын табу. |
Сөздерді оқып, белгілеріне қарай топтайды.Неге олай топтағандарын дәлелдеп, табыс септігіндегі сөздерді басқа септіктерден ажырата алады, айырмашылығын таба алады. | ||
Талдау 5минут |
51 -жаттығу Мақалдарды түсініп оқиды, табыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып тұрғанын анықтайды |
Табыс септігіндегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтайды. | ||
Жинақтау 3минут |
52-жаттығу Берілген сөздерді табыс септігіне қойып сөйлем құрайды, табыс септігіндегі сөздер қай сөзбен байланысып тұрғанын тауып, кестені пайдаланып пікірлерін дәлелдейді.
|
Зат есімдерді табыс септігінде септеп, сөйлем құрай алады және табыс септігіндегі сөздер қай сөзбен байланысып тұрғанын табады, кестені пайдаланып пікірлерін дәлелдейді. | ||
Бағалау 3минут |
Әр топ өз ойларынан бір сөз ойлап, сол сөзді септейді. |
Топ мүшелері шығармашылықпен жұмыс істейді.
| ||
Рефлексия 5минут |
Бүгінгі сабақта мен ... үйрендім. Маған ...қызықты не қиын болды. Мен ... түсіндім. |
Оқушылар өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, «Менің баспалдағым» кестесіне жабыстырады. | ||
Үйге тапсырма 2минут |
54-жаттығу |
Сурет бойынша мәтін құрастырады, мәтінде табыс септігіндегі сөздерді қатыстырады. Мәтінге ат қояды. | ||
Бағалау |
Топ басшыларының бағасын ескере отырып, бағалайды |
Топ басшылары топ мүшелерін өздері бағалайды. |