- Учителю
- ӨЗiн-өзi тану пәні 'Батылдық пен өжеттілік' 4 Б' сынып
ӨЗiн-өзi тану пәні 'Батылдық пен өжеттілік' 4 Б' сынып
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №48 Мерзiмі:
Тақырып: Батылдық пен өжеттілік
Құндылық: «Ержүректік, батырлық, өжеттік» Қасиеттер: шыдамдылық, сабырлық, батылдық
Мұғалiм: Омаршаева Нагима Сынып: 4 Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: «Ержүректік», «өжеттік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
Батылдықтың, өжеттіктің, сабырлықтың өмірдегі маңызын түсіндіру;
-
Шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;
-
Көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (үнтаспа «Көк тудың желбірегені» әні) «Батылдық, өжеттік» ұғымы туралы жазылған өнегелі сөздер, топтық жұмыстың тапсырмалары
Сабақ барысы:
-
Мотивациясын ояту
Шеңбер құрып «Көк тудың желбірегені» әнін шырқайды
-
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. «Батырлық» деген сөзді түрлі түсті етіп жаз. Тақтаға ілеміз.
-
Неліктен осы түстерді таңдадың?
Музыка ойнап тұрады
-
Үй тапсырмасын тексеру:
-
«Батыр» туралы өлең оқып беру
Оқушылар өздері дайындаған өлеңдерін оқиды
-
Әңгімелеу (сұхбат)
Пікірлесу, сұрақ қою.
-
Қаһарман батырлардың қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласың?
-
Өздеріңнің бойларында батылдық бар деп ойлайсыңдар ма?
-
Неліктен?
-
Өжеттілік көрсеткен кездерің болды ма?
-
Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Әңгіме соңында қорытындылау жасалынады.
Сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруге тырысу
-
Дәйексөз
«Батыл болмай, батыр болмайды» Мақал
Әңгімелесу тұжырымы негізінде бұл дәйек сөз дәптерге жазылады.
Талдау, естерінде сақтату
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Постер қорғау:
-
Шағын эссе жазу. 1 топ
-
Өлең шығару. 2 топ
-
Сурет салу. 3 топ
-
Шағын көрініс. 4 топ
-
Жағдаяттарды жалғастыру ұйымдастырылады.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Топпен жұмыс
-
Топпен ойын:
«Өмірде ерлікке орын жетеді»
Дәптермен жұмыс:
Оқушылар дәйексөзді жазып алып, өз ойын қысқаша жазады.
-
Жүректен жүрекке /жылы лебіздерін білдіреді/