7


  • Учителю
  • 'Тоқтар - тұңғыш ғарышкер' әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ (2 сынып)

'Тоқтар - тұңғыш ғарышкер' әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ (2 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Тоқтар - тұңғыш ғарышкер.( Е Өтетілеуов) Сабақтың мақсаты: Баланың өлеңді өзі таңдаған дауыс ырғағымен оқу арқылы сезімімен астастыруға мүмкіндік беру. Оқушының ғарыш, ғарышкерлер туралы білімдерін тереңдетуге жағдай туғызу.Күтілетін нәтижелер: Пәндік
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Тоқтар - тұңғыш ғарышкер.( Е Өтетілеуов)
Сабақтың мақсаты: Баланың өлеңді өзі таңдаған дауыс ырғағымен оқу арқылы сезімімен астастыруға мүмкіндік беру. Оқушының ғарыш, ғарышкерлер туралы білімдерін тереңдетуге жағдай туғызу.

Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Өлең арқылы биік мақсаттармен армандардың орындалу мүмкіндігін теориялық жағынан түсінуге мүмкіндік жасау; өлең мазмұнын өмірмен байланыстыру.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету.
Тұлғалық нәтиже: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Мамандық таңдауға ой салу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру,ой-қозғау, топпен жұмыс, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, ауызша, жазбаша, талдау.

Көрнекіліктер: Қазақ ғарышкерлерінің суреттері,плакаттар,маркер, бейне фильм.

Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Күнде шат күліп күн -

Өміріміз жайдары.

Мәңгілік бақыттың

Өзіміз - айғағы .

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Қызығушылығын ояту

Жұмбақ шешу
1)Самұрық құс самғады,
Көктен өтіп.
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Ғарыш кемесі)
2)Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсақ ғажайып,
Соңында із қалады.(Зымыран)
3)Құстан аумайды,
Көкте зулайды.( Ұшақ )

  • Балалар, бұл жұмбақтар не туралы? Дұрыс, бірақ бұл көлік түрлері кімдерге қажет? Ол адамдарды кім деп атаймыз?

  • Ендеше, балалар Ғарыш кемесіне мініп, аспан әлеміне саяхатқа шығамыз.

  • Балалар, біз сендермен аспан денелеріне байланысты төрт топқа бөлініп отырмыз.

  • Олай болса осы аспан денелері туралы білетіндеріңді айтып беріңдерші .
    Топтағы оқушылар өздерінің атына сай білетіндерін ортаға салады

1- топ

Оқушы

1. Ай - Жердің табиғи серігі, Жерге ең жақын аспан денесі.
2- топ

Оқушы
2. Күн - қызған газды шар. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді.
3- топ

Оқушы
3. Жұлдыз - өте күшті қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелерінің бірі
4 - топ
4. Жер - Күн жүйесіндегі өмір бар, тіршілік бар жалғыз планета.

  • Ал енді осы аспан денелерін зерттейтін кімдер?

  • Ғарышкерлер туралы не білеміз?

1 - топ

Оқушы 1957 жылдың ақпан айында дүние жүзінде тұңғыш рет конструктор
С.П.Королевтің басшылығымен жасалған жасанды жер серігі ғарышқа шығарылды.

2 - топ

Оқушы 1961 жылы 12 сәуір күні тағы бір жаналық бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.Тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин "Восток"кораблімен ғарыш

кеңістігіне көтерілді.

3 - топ

Оқушы 1991ж.2қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров «Союз Т -13″ ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.
4 - топ

Оқушы 1994жылы Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т. А. Мұсабаев ғарышта болды.

  • Сонымен ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім екен? Дұрыс, айтасыңдар.

ІҮ. Мағынаны тану

-Бүгінгі сабағымызда Е. Өтетілеуовтың «Тоқтар - тұңғыш ғарышкер» өлеңімен танысамыз. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров туралы кеңінен мағлұмат аламыз
Өтетілеуұлы Ермек - 1 каңтарда туған. 1962-1964 жылы (қазіргі Акмола облысы) Қорғалжын аудандық "Шамшырақ нұры" газетінде қызмет істеген. 1964-1974 жылы республикалық "Балдырған" журналында, 1974-1976 жылы "Жазушы" баспасында редактор, 1976 жылдан жаңадан ашылған "Жалын" баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарады, кейін балалар әдебиеті баспасы - "Балаусада" еңбек етеді.
Кіріспе

«Ғарыш айлағы »видео көрсету
Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды.

Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю. А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.

(Т.Әубакіров туралы видео көрсету)
- Т. Әубәкіров 1946 ж маусымның 27 - де Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - май ұжымшарында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, халық қаһарманы 1965 - 69 ж. Армавир Әуе қорғанысы ұшқыштарының жоғары әскери оқу орнында оқыған, ұшқыш - инженер.
1991ж қазанның 2 -де зерттеулік ғарышпен Александр Волков және Австралия ғарышкері Франц Фибон Союз ТМ - 13 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991 ж қазанның 10 -да Жерге қайтып қонды. Ғарышта болған мерзімі 7 күн, 22 сағ 13 мин Қазақтың тұңғыш ғарышкері.

Оқулықпен жұмыс
1. Өлең шумақтарын топқа бөліп мәнерлеп тізбектей оқыту.
2. Мазмұнын талдау

Әр топ өздерінің оқыған өлең шумақтарының мазмұнын талдайды.

Сергіту сәті

Видио «Көңілді жаттығу»
Тақтамен жұмыс

Тақтадағы орны ауысқан жоспардың ретін топтар өздері оқыған шумақ бойынша орналастырады

1.Тұңғыш ғарышкер - Тоқтар.

2.Арманшыл бала.

3.Ұшуға құмарлық.

4. Сынақшы ұшқыш.

Оқулыққа қайта үңіліп, талдауды тапсыру

Ү. Шығармашылық тапсырма

Әр топ өз ғарыш кемелерінің суретін салып, оған ат қояды.
Жұмыстарын қорғайды.

  • Ғарышқа ұшу мен ұшаққа отырып ұшудың айырмашылығы туралы ойланып айтып көрейік

ҮІ. Ойтолғау

- Мына ойлардың қайсысына қосыласыңдар:

А)Ғарышқа ұшудың мақсаты - аспанды саяхаттап айналып келу.

Ә) Ғарышқа аспанды зерттеп,оның жұмбақ ,түсініксіз жақтарын білу үшін ұшады.

Б)Ғарышқа өзінің батыр, мықты екенін көрсету үшін ұшады.

Сұхбат сұрақ жазу

Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ағамызға қандай сұрақ қояр едіңдер?
Оқушы сұрақтарын оқу.Хатқа салып жеберу.

ҮІІ.Үйге тапсырма беру:
1. Өздеріңе ұнаған өлең шумағын жаттау.
2. Ғарышкер ағаларға арналған өлең шығару.
ҮІІІ. Бағалау. Бағалау парақшасы арқылы баға беру





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал