7


  • Учителю
  • классный час на тему 'Золотая осень' 2 класс

классный час на тему 'Золотая осень' 2 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 64 мектеп-лицей


2 «Ғ» сынып жетекшісі:

Даутбаева Алия Бауржановна


Астана 2015

Сыныбы: 2 «Ғ»

Мұғалімі:Даутбаева А.Б.

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту.

Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру. Көпшіліктің алдында өзін-өзі ұстай білуге, берілген тапсырманы толық орындауға тәрбиелеу.

Бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді.

Көрнекіліктер: слайд, плакаттар, шарлар.

Ұйымдастыру кезеңі:«Алтын күз» атты байқауына қатысатың топтарды түгендеу

Кіріспе: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Алтын күз мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күз» атты байқауымызды бастайық.


О, халайық, халайық!

Әнмен шашу шашайық.

Әр топты ортамызға,

Қол соғып, қарсы алайық.

Бүгінгі біздің «Алтын күз» байқаумызда өтілетін шарттармен таныстырып өтейін.

І кезең Таныстыру

ІІ кезең Өнер

ІІІ кезең Сұрақ-жауап

IV кезең Күзгі киім үлгісі

V кезең Үй тапсырмасы

Ал, бастайық, бастайық,

Баршаға жар салайық.

Сәлемдесіп алдымен,

Таныстырудан бастайық.


«Алтын бақша» тобы

«Күнбағыс» тобы


«Дәрумендер» тобы

«Көкөністер» тобы


«Жарқын күз» тобы


ІІ кезең

Әнші ұлдар, биші қыздар

Сұлу қыздар, бұл қыздар.

Мың бұралып биді билеп,

Келесі кезегімізді өнерге береміз

«Алтын бақша» тобы


Көрініс: «Бақшада»




«Күнбағыс» тобы

Ән: Алтын күз

«Көкөністер» тобы


Ән: Жау,жау жаңбыр

«Жарқын күз» тобы

Мәнерлеп оқу


«Дәрумендер» тобы


Ән: Ертегілер

ІІІ қезең

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар? - Төрт жыл мезгілі бар

-Қалай атаймыз? - Көктем, жаз, күз, қыс

-Жылдың қай мезгіліне келіп жеттік? - Күз

-Күз неше ай қонақта болады? - 3 ай

-Күз айларын атайықшы? - Қыркүйек, қазан, қараша

-Күз ерекшелігі қандай?

- Күн суыта бастайды, адамдар жылы киімдерін киеді, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жапырақтар сарғайып түсе бастайды. Жемістер мен көкөністер піседі. Егіс алқабы да пісіп қамба дәнге толады. Қатты жаңбыр жауған кезде адамдар жылы киініп, қолына қолшатыр ұстайды.

- Күзде адамдардың еңбегі орасан зор. Олар көктем мезгілінде еккен егінді,жемістер мен көкөністерді жаз бойы суарып, баптайды. Арам шөптерін жұлады. Сөйтіп күзде жыл бойы еккен еңбегінің жемісін көре бастайды.

Жұмбақ шешу

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды. (Күз)

Көктен түседі,
Жер ішеді. (Жаңбыр)


Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әжем бір күні (сәбіз)

Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр(қызылша)

Жайлы жұмсақ төсегім,

Домаланып пісемін.

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін (қырыққабат)

Көмдің тағы түйірлеп,

Қазып алдың үйірлеп (картоп)

Мақалдарды жалғастыр

1.Сабыр түбі .... сары алтын.

2. Туған жердей жер болмас, ...... туған елдей ел болмас

3. Отансыз адам - ...... ормансыз бұлбұл.

4. Дұшпан күлдіріп айтады, ........ Дос жылатып айтады.

5. Жігіт адамға ...... жетпіс өнер де аз.

Модельер болу оңай ма?

Қиналып жатсаң мұнайма

Әр мамандық өзгеше

Өз мәнінде, шырайда - деп келесі

Кезекті сән улгісіне береміз

IV кезең

«Күнбағыс» тобы

«Алтын бақша» тобы

«Жарқын күз» тобы

«Көкөністер» тобы

«Дәрумендер» тобы

V кезең

Ал, мінеки, көрейік,

Осы жолғы кезекті

Үй жұмсына берейік.

«Дәрумендер» тобы

«Көкөністер» тобы

«Алтын бақша» тобы

«Жарқын күз» тобы


«Күнбағыс» тобы


Қорытынды: Әр топты марапаттау.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әр қашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әр дайым!

Құрметті көрермендер! Біздің «Алыт күз» атты байқауымыз осымен аяқталды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал