7


  • Учителю
  • Сауат ашу сабақ жоспары'Щ дыбысы мен әрпі'

Сауат ашу сабақ жоспары'Щ дыбысы мен әрпі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән:сауат ашу

Тақырыбы:Щ дыбысы мен әрпі

Мақсаты: « Щ»дыбысын оқытудағы басты мақсаты осы әріптің рөлін түсіндіру.Оқушыларға Щ щ дыбысы мен әрпін таныту.Оның дауыссыз (қатаң) дыбыс екенін аңғарту.Щ щ дыбысы бар сөздерді сауатты оқуға төселдіру.Мәтіннің мазмұнын түсіндіру

Логикалық ойлау қабілетін дамыту.Сөздік қорын молайту.Топпен жұмыс істеуге үйрету.Тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып , сабаққы деген назарын аудару , түгендеу .

Психологиялық дайындық:

Қазақ тідлім өз тілім ана тілім

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашағым бақытым дана тілім.

Қызығушылықты ояту.

- Қазір бізде қандай сабақ?

- Әліппе.

- Әліппе пәнінен біз не үйреніп жатырмыз?

- Әріптерді.

- Осы әріптердің ережесі бар еді, кім айтады?

- Әріп дегеніміз не?

- Әріпті көреміз, жазамыз.

- Осы әріптер не істейді?

- Дыбысталады.

- Дыбыс дегеніміз не?

- Дыбыстарды біз айтамыз, естиміз.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Алдыңғы сабағымызда қай дыбыс әрпімен таныстық? һ дыбысы мен әрпін . Һ әрпі қандай дыбыс?Һ дыбысынан келетін қандай сөздер өттік?

2.Эпиграф:

Ұқыпты -ұтар,

Іздеген -табар,

Оқыған - озар,

Еріншек -тозар. АБАЙ

Олай болса, бүгінгі сабақта еріншектікке жол бермей, ұқыпты, ізденімпаз, оқымысты оқушы болуымыз керек.

4. 1.Жұмбақ шешу.

Жоқ сирағы, мойыны

Бауырында жалы

Ол сүйенсе болды

Кетер киім шаңы

Ол не? (щетка)

2.Щетка суреті көрсетіліп дыбыстық талдау жасау

(щ й о т к а)- щетка - 6 дыбыс, 5 әріп бар, 2 дауысты дыбыс бар, олай болса 2 буынға бөлінеді. щет-ка.

-«Щ»- бәріміз хормен айтайық.

-Қандай дыбыс деп ойлайсындар?

-Щ қатаң дауыссыз дыбыс.

-Щ қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.

Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді.

Орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән.

3.суретпен жұмыс «Күн тәртібі» тақырып.

Күн тәртібі.

-Ұйқыдан тұрғасын ең бірінші не істейміз?

- жуынамыз

- Жуынғанда нелерді пайдаланамыз?

- Сабын, орамал, щетка, тіс пастасы, сусабын.

- Осы сөздердің ішінен щетка сөзіне назар аударайық.

- Щ әрпінің баспа және жазба түрін көрсету.

- Щ дыбысы орыс тілінен енген әріп.

- Щетка сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

- Щетка.

щ е т к а

- Щетка сөзінде щ әрпі қай жерінде келіп тұр.

- Буынға бөлу.

- Қанша дауысты қанша дауыссыз дыбыс бар?

- Тағы қандай щетка түрлерін білеміз.

- Суреттерін көрсетіп тіс жуатын, киім тазалайтын, үй ақтайтын, үй сыпыратын.

- Бұлардың барлығы бізге күнделікті өмірде қажет.

-Әрине,тісімізді тазалап жуынамыз.Суреттегі балаға ат қояйық «Арман» әңгімелету.

-Тіс тазалау тазалықтың белгісі,денсаулықтың кепілі.

-Щ әрпін тақтаға жазып көрсету.

-4 элементтен тұрады Щ щ

-Щ щ ауада жазып көру

-Щ - Ш әрпіне ұқсайды, айырамшылығы Щ - аяғы бар.

Щеткалардың түрлерімен таныстыру.

Олардың орны және пайдасы туралы айту.

Тіс щеткасы

Киім щеткасы

Әк щеткасы

Сыр щеткасы

Аяқ-киім щеткасы.

Бұл щеткалардың барлығы адам өмірінде үлкен еңбек атқарады. Барлық щеткалардың да атқаратын қызметі тазалық.

Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс:

-Сөздерді оқып,түсінік беру.

-Мәтіннің тақырыбын ашу:

«Б А Л Қ А Ш»

Б - балық,

А-алма,

Л-лақ,

Қ-қала,

А-ай,

Ш-шар

Балқаш көлі Қазақстанның Оңтүстік Шығысында орналасқан. Көл Батыстан Шығысқа қарай 600 км - ге созылып жатыр.

Ол Қазақстандағы ғана емес, дүниежүзіндегі ірі көлдердің бірі.

-Оқулықтағы мәтінді хормен оқып шығу

-«Щеткалар» өлеңін оқып шығу.

Шалқанның тапсырмасы:

Мәтінді оқу. Мазмұндау.

Сөйлем жазу.Адасқан сөздерді табу.

«Щетка» өлеңін мәнерлеп оқу.

Ал ,балалар орнымыздан тұрып бір сергіп алайық .

Көңілді күн биін билейді.

Барлығымыз бірге дәптермен жұмыс жүргізейік.


Қолға қалам алайық,

Салақтықтан қашайық.

Бүгінгі өткен әріпті,

Көркем етім жазайық.

ІІІ.Қорытынды:

Біз не үйрендік?

Не білеміз?

1.Щ дыбысы мен әрпін

2.Щ қатаң дауыссыз дыбыс

3.Щ дыбысы бар сөздерді

4.Балқаш көлі туралы

5.Щетка түрлері

-Бүгінгі сабақ бәрімізге ұнады ма?

-Олай болса бүгін сабаққа барлығың да жақсы қатыстыңдар.Барлығыңа рахмет айта отырып, шалқан ұсынғым келеді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал