7


  • Учителю
  • 'Бастауыш сыныптарда құзреттілік тапсырмаларды қолдану әдісі'

'Бастауыш сыныптарда құзреттілік тапсырмаларды қолдану әдісі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің

«№3 орта мектебі» ММ



Оқыған мұғалім: Онайбаева Б.Б

2012 - 2013 оқу жылы.


Құзыреттілік - адамның әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі.

Құзырет - дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі) жиынтығы.

Жаңа заман талабына сай білім беру бүгінгі таңда өзекті мәселе болғандықтан, шығармашылық қабілеті мол, жан - жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуде мұғалімдерге жаңа педагогикалық технологияны игеру және оны шебер пайдалана білу аса қажет. Мұғалімнің оқушыларды үнемі өзін - өзі дамытып оқыта білуі оның оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыра білуіне көмектеседі.

Оқушы құзыреттілігін қалыптастыру тапсырмаларына қойылатын талаптар:

  • проблемаларды анықтау:

  • проблемаларды шешу қызметінің формалары мен әдістерін көрсету:

  • ақпарат деректеріне сүйену:

  • нақты қызметтің жемісін көрсету:

Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың мынадай дағдылары қалыптасады:

  • оқушы ізденеді:

  • тапсырманы дұрыс орындау үшін өздерінің білімдерін пайдаланады:

  • тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындайды:

оқушының шығармашылығы дамиды:

Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесі (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік - бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Білім беру жүйесінде оқушының бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер - ақпараттық құралдар.

Оқыту формасында оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске асыруға болады.

Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.

Коммуникативтік құзыреттілік - қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, көзқарасын қалыптастыру және дамыту - ұзақ та күрделi үрдiс.

Танымдық қабiлет оқушыда қабылдау, қиялдау, есте сақтау, дамыту мен ынталаудың арнайы әдiсiн қалыптастыру, бiлiк пен iскерлiк түрiнде бекiтiлуi және ойлаудың түрлi сапаларынан тұрады. Оқушыларды пәнге деген қызығушылығын туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен төмендегiдей үш жағдайды атап көрсеткен жөн:
1) Оқу материалының мазмұны, ондағы жаңалықтар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа табыстар (оның практика үшiн патшасы, т.б.).
2) Оқуды ұйымдастыру процесiнiң ерекшелiктерi (оның әдiстерi мен формалары, т.б.).
3) Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым -қатынастардың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы қарым-қатынастың болуы, еркiн жағымды эмоциялық жағдай, мұғалiм көңiл-күйi сергек, жарқын болуы, оқушылардың бiр-бiрiне көмек беруi, т.б.
Оқушылардың ой-пiкiрiнiң еркiн, дербестiгiн жүзеге асыру құқын барынша дамыту, оқудың маңызды шарттарының бiрi.
Осылайша сабақты тартымды өткiзу үшiн сабақ тақырыбына сай көрнекi құралдар, дидактикалық материалдар, үлестiрмелi карточкалар көптеп қолдану керек. Қорыта айтқанда бастауыш сынып оқушылары үшiн сабақты қызықты да мазмұнды етiп жүргiзу мұғалiмнiң өзiне, шығармашылық iзденiсiне, әр түрлi әдiстемелiк әдiс-тәсiлдердi сабақта тиiмдi пайдалана бiлуiне байланысты .
Оқушылар әр кез өз мұғалiмiне елiктейдi. Егер мұғалiм мен оқушылардың қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, оқушылардың өзара қарым-қатынастары да сондай болады.
Бастауыш бiлiм - үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы. Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ - ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы «шығарманы» алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес. Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.
1. Сурет бойынша есептер құрастыру, оның шартын, сұрағын, шығарылуын, жауабын тапқызу.

2. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу. * Үстелде 2 ыдыс тұр. Оның біреуінде 8 алма бар. Ал екіншісі бос. Бір ыдысты алып кеткенде үстелде қанша алма қалды?

* Бір үйдің 6 баласы бар. Олардың әрқайсысының бір - бірден қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?

* Дастарқан басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар 3 алманы тең бөліп жеді. Олардың әрқайсысы неше алма жеді?

* Ақ, жасыл және қызыл сызғыштар бар. Ақ сызғыш жасылдан ұзын, ал жасыл сызғыш қызылдан ұзын. Ең ұзын және ең қысқа сызғыштардың түстерін айт.

* Мұқтар үйдің 6 - шы, ал Дастан 9 - қабатында тұрады. Тоқтар мен Ләйлә Мұқтардан жоғары, Дастаннан төмен тұрады. Тоқтар Ләйләдан жоғары тұрады. Тоқтар мен Ләйлә нешінші қабатта тұрады?

3. Математикалық жұмбақтар шешу.

Мұз айдында жеті бала.

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң жарадың! (Барлығы 9 бала)

Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі?

Кәне, кім тез шешеді? (Қонбады 5 қаз)

4. Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыруға арналған мысалдар. Ойлан, тап:

□ - 2 < 4 + 3 3 + □ > 7 - 2 6 - □ < 7 + 1

5 + □ > 5 6 - □ < 6 7 > 7 - □


5 + 3 > 5 + □ 8 - 5 < 8 - □ 8 - 2 < 8 + □


5 + □ > 7 9 > 3 + □ 3 + 4 < □ + 6


6 + 4 > 6 + □ 10 - 6 < 10 - □ 10 - 4 < 10 - □

8 - □ < 4 8 > 10 - □ 10 - 5 < 9 - □

□ + 3 > 2 + 5 □ - 5 < 6 - 4 □ - 4 > 1 + 2


□2 > 4 □ 2 < 4 5 > 3 □


5 < 3 □ □ * 3 - 2 6 + 1 * □

6 + 1 * □

6 - 1 * □

□ * 3 + 2


7 3 * 8 - 2

9 1 > 5 4

□+ 2 < 4 3

9 - □ < 8 1

3 + 4 < 2 □

3 + 4 > 2 □

5. Математикалық өлең есептер.

«Кім қаншада?»

Салтанат екіде,

Бақытжан жетіде,

Екеуін қосып шыққаның

Сәулеттің жасын ұққаның.

Білгің келсе егер сен,

Сәулеттен үш жас шегерсең,

Қиын емес онша да

Сағаттың жасы соншада.

(2+7=9 - Сәулеттің жасы, 9 - 3 = 6 - Сағаттың жасы)


6. Деңгейлік тапсырмалар.

Тақырыбы: Кестелік қосу және азайту.

І деңгей

  1. Мәндерін тап.

3 + 2 = 2 + 2 = 6 - 2 = 9 - 1 = 8 - 1 = 4 - 2 =

  1. а)Ұзындығы 2 см болатындай кесінді сыз.

ә)Тура теңсіздікті көрсет.

3 < 1, 2 >1, 5 > 2 .

  1. а)Тура емес теңдікті көрсет.

4 = 2, 4 = 4, 5 = 5.

ә)Сәуледе 4 шар бар еді. Ол 2 шарын Асанға берді. Сәуледе неше шар қалды?

  1. а)Айырманың мәнін тап.

6 - 2 = 5 - 2 = 6 - 4 = 5 - 3=

ә) Қосындының мәнін тап.

2 + 4 = 5 + 2 = 4 + 2 = 2 + 5 =

  1. Айжанның 5 қуыршағы бар еді. Ол Жанарға 3 қуыршағын берді. Айжанның неше қуыршағы қалды?

ІІ деңгей

  1. Үстел үстінде 5 балауыз шам жанып тұр еді. 2 балауыз шамды өшіргенде үстел үстінде неше жанып тұрған балауыз шам қалды?

  2. а - ға мән беріп содан кейін жұлдызшаның орнына салыстыру белгілерін қой.

а * а + 9 а * а - 9

  1. Бір бағанға тура, екінші бағанға тура емес теңсіздіктерді жаз.

0 > 3, 7 < 9, 10 >6, 6 < 8, 4 < 3, 5 >4.

ІІІ деңгей

  1. Жетпей тұрған санды тап.

16 (17) 33, 29 (?) 56, 21 (?) 43.

  1. 20 - ға дейінгі сандар қатарын жаз.


Шындығында сабақ - алуан түрлi ұжымдық қимылдар мен тебiренiстердiң, адамгершiлiк өзара қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Сабақта балалар өздiгiнен жұмыс iстеуге үйренедi. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшiн өз күш-жiгерiн өзгелердiң күш-жiгерiмен салыстыру, өз жолдастарын тыңдап, түсiнудi, өз бiлiмiн басқалардың бiлiмімен салыстыру, өз пiкiрiн дәлелдеу, бiреуге жәрдемдесу және оның жәрдемiне сүйенуi қажет.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал