7


  • Учителю
  • Планирование 'мусульманское право' 1 класс

Планирование 'мусульманское право' 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тәрбие сағаты: Мұсылман құқығы

Мақсаты: Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе - жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы - имандылыққа, жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс - тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру. Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт - дәстүр, әдет - ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып оқушы бойына сіңіре отырып, тілін, дінін сүюге, ата - ананы құрметтеуге, сабырлылыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, имандылық туралы нақыл сөздер, бейне роликтер.
Барысы:
І. Кіріспе
Мұғалім: Ассалаумалайкум, қадірменді қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Мұсылман құқығы» тақырыбындағы тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

1.Даналық сөздерді оқу,мағынасын ашу. (балалардың ойын тыңдау)

2.Имандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Қандай адамдарды иманды,мейірімді деп айтамыз?

4.Мейірімділік,қайырымдылық қасиеттер барлық адамның бойында кездеседі ме?

5.Өзіміздің арамызда осындай адамдар бар ма?
ІІ. Негізгі бөлім
Олай болса келесі кезекте «Иманды бол!» тақырыбында бейне роликті тамашалайық.
«Бисмилләh»деп, Аса қамқор, мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен бастаймын! Қадірлі қауым, еліміздің«Қазіргі кезде ел болашағы - жастардың қолында, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ» - дейді Елбасы Н. Ә. Назарбаев.

Қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кең құлаш жайған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс. Алайда, жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек білімде деп айтсақ жеткіліксіз. «Жастары иманды елдің - болашағы зор» - деген Жүсіп Баласағұн. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман - жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық - Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті - иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған.
«Имандылық - әдебі»тақырыбында оқушылардың дайындаған әдеби - монтажын тамашалаңыздар!
1 - оқушы:
«Бисмилләһир - Рахмәнир - Рахим»-
Берекеге толған сөз.
«Бисмилләһ»- барлық байлыққа
Басынан бастау болған көз.
«Бисмилләһ!»- деп бастаған
Барлық амал бітер тез.
«Бисмилләһ»- ты әрқашан
Айтып жүрер болсын кез!
«Бисмилләһ»-- сөздің анасы,
Бәрінен қымбат бағасы.
«Бисмилләһ!»- деп іс бастар
Мұсылманның баласы.
2 - оқушы:
Ислам діні - бір мектеп,
Шариғатты үлгі етпек.
Мұсылман бала жүреді
Ата - ананы құрметтеп.
Сәт сайын сұрап хал - жайын,
Жан - жақты жасап жағдайын,
Мұсылман бала сыйлайды
Ата - ананы әрдайым.
3 - оқушы:
Ардақтап ата - ананы,
Әрқашан тілін алады.
Әке мен шеше жұмсаса,
Жер түбіне барады.
Айтқандарын құптайды,
Мүлдем қарсы шықпайды.
Ата - анаға ешқашан:
«Түһ!»- деп қабақ шытпайды.
4 - оқушы:
Бір Аллаға табынар,
Ата - анаға бағынар.
Ибалы да иманды
Балалардың бағы бар.
Сауап пенен күнәні
Ажыратып, ұғады
«Ата - анамды кешір!»- деп
Аллаға дұға қылады.
5 - оқушы:
Құдіретті шексіз бір Аллаһ,
Үмітке үміт жалғадым.
Көп еді менің арманым,
Шуаққа толды жан - жағым.
Жолымды Аллаһ оңғарсын.
Иманым болсын жолдасым.
Жастықтың оты жалындап
Гүлдерім мәңгі солмасын.
6 - оқушы:
Жебесін Аллаһ нұрымен,
Иманның жарық күнімен.
Өмірім әркез жайнасын
Өнердің аппақ гүлімен.
Құран сөзі бәрі рас,
Нұры екен ғой Аллаһтың
Кеш біліппін өмірдің
Өтпелі әрі жалғанын.
7 - оқушы:
Мекке менен Мәдине жолдың ұшы,
Алыс сапар дейді ғой барған кісі.
Ата менен анаңды құрметтесең,
Мекке болып табылар үйдің іші.
8 - оқушы:
Атаңды сыйла анаңмен
Меккені іздеп таппаққа,
«Меккені іздеп нетесің,
Меккеге қашан жетесің?
Әзір Мекке алдыңда
Пейіліңмен сыйласаң
Атаң менен анаңды!» - деп ата - анаңа көрсеткен сый - құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара - пар деген ақындарымыз адамзаттың ардақтысы хазірет Пайғамбардың осы хадистеріне сүйене отырып айтқан екен.

Сұрақтар:

1.Қайырымды адам деп кімді айтамыз?

Кіріптарға қайыр беру,мұқтаж жандарға көмектесу,қарттарды аялап,мүгедектерді қорғап,аялау.

2.Қайырымдылық қалай орындалады?

Жылу беру,сыйлық ұсыну,демеуші болу,сый-сыбаға тарту,көрімдік,байғазы,бәсіре т.б. жөн- жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен,ілтипатпен орындалады.

Инабатты болу,мейірімді,қайырымды болу - бұл адамдық, кісілік парыз.Ол үшін әрбір адам өзінің қайырымдылық борыштарын терең сезініп,іс-қимыл жасауға міндетті.

Пікірталас

1-топ: Жарлы болсаң да, арлы бол.

Кімнің ұяты жоқ болса,соның иманы жоқ.

2-топ: Ұялмаған әнші болады.

(бір-біріне қарсы пікір айту)

Шаттық шеңбер: «Жүректен жүрекке» оқушылар бір-біріне тілектерін айтып, өз ойларын ортаға салады.
Қорытынды сөз.
Ел болуға Ислам дінің керек,
Екінші ардақты Ана тілің керек,
Шындық және адал иман керек,
Мейірімділік және терең білім керек.
Еңбек керек адамды адам еткен
Еш шүбәсіз осылардың бәрі болса,
Ұрпағы - иманды ел болар едік - демекші, адамгершіліктің асыл қасиеті болған - имандылығымызды жүрегімізден өшіріп алмайық - деп қорытынды сөз аудандық оқушылар үйінің басшысына беріледі.
Дұға қылып қойыңыз,
Рахым айтып біздерге.
Баршамызға Құдайым,
Иман берсін сіздерге! - деп Аллаһ Тағала баршамызға көркем мінезді болуға жазсын!- деп бүгінгі тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал