- Учителю
- Поурочный план по математике
Поурочный план по математике
Күні:
Сыныбы: 3
Пәні: математика
Тақырыбы: Тіктөртбұрыш және шаршының ауданы.Санның квадраты.
Мақсаты:
1. Фигураның ауданы туралы білімдерін нақтылау,тіктөртбұрыштың ауданын есептеу тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру;
2.Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ;
3.Экономикалық тәрбие беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі: кестелер, геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.
2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.
3.Назарларын сабаққа аударамын.
ІІ Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру:
Үлес туралы білімдерін бекіту үшін «Қай қатар жылдам?»ойынын ұйымдастырамын.Ол үшін әр қатарға қатарда отырған оқушының санына сәйкес кез келген геометриялық фигуралар салынған бір бет қағаздан дайындаймын. Фигуралардың қасына бөлшек жазылған.Оқушылар жазылған бөлшекке сәйкес жазылған бөлігін белгілейді.Оқушылар бірінші рет ойнап жатса,онда фигураны керекті бөліктер санына бөліп қояды,ал қайта ойнаған кездерінде геометриялық фигураларды тиісті бөлікке өздері бөледі.«Ия-жоқ»математикалық диктантын мақсатты түрде жүргіземін.Мен тұжырымдарды оқимын,оқушылар тұжырымдармен келісетінін немесе келіспейтінін білдіреді.
• Тіктөртбұрыштың периметрі-бұл екі қабырғасының қосындысы.
• Үшбұрыштың барлық бұрыштары тік.
•Төртбұрыштың төрт бұрышы бар. •Фигураның ауданы см2-мен өлшенеді.
•Шаршының барлық қабырғалары тең. •Периметр квадрат сантиметрмен өлшенеді.
•Геометриялық фигуралардың ауданы кв.см-мен өлшенеді.
ІІІ Жаңа сабақты енгізу:
Жаңа сабақты қабылдауға дайындық жұмысы үшін бірнеше геометриялық фигуралардың ауданын палетканың көмегімен табуды ұсынамын.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу 8 цифры
8
8
8
8
8
8
8
8
8
№1 Мына алаңға қанша қыштақта сыятынын есепте.Тігінен,көлденеңінен санатамын.
-Тиімді жолы қандай? Ұзындығына енін көбейту керек.
№2,3,4.Фигуралардың ауданын табады және оларды салыстырады.
№6 (а) тапсырманы оқушылар менің басшылығыммен орындайды.
Саябақта тіктөртбұрышты және шаршы пішінді екі гүлкөмбе дайындалған.Екі гүлкөмбенің ауданын табады.
Тіктөртбұрыш тәріздес гүлкөмбенің S = a ·b 6 м · 4 м = 24 м²
Шаршы тәріздес гүлкөмбенің S = a ·b 5 м · 5 м = 25 м²
ІІІ Бекіту:
Өздік жұмыс ретінде №5 а,ә орындайды. Соңынан тексеремін.
Қай сандарды бірдей екі көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазып көрсетуге болады?
Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің квадратымен ауыстыруға болады.
4·4= 4 ² 4·4=16 4 ² =16
Өткен тақырыппен жұмыс.Логикалық тапсырманы орындау үшін (№7 жаттығу) кестені толтырады.
Аты-жөні
Троллейбус
Автобус
Трамвай
Әлішер
-
-
+
Бақыт
-
+
-
Берік
+
-
-
Егер Әлішер досын автобус аялдамасына дейін шығарып салатын болса,онда Әлішер автобусқа отырмайды (ол не трамваймен,не троллейбуспен жүреді).Берік оларға троллейбустан айғайлады,яғни Әлішермен бірге Бақыт кетіп барады,Бақыт автобуспен жүреді,ал троллейбуста,демек,Берік қана болады.Олай болса,Әлішер трамваймен жүреді.
ІV Сабақты қорытындылау:
-Сыныпта ауданын табуға болатын қандай заттар бар? Қай заттардың тек ұзындығын таба аламыз?
-Қай тапсырмалар қиындық келтірді? Неліктен?
V Үйге тапсырма:
Үйде орындауға №7 (ә) тапсырманы беремін.
Оқушылар өз бөлмесінің алаңын табады.
VІ Бағалау