7


  • Учителю
  • Дүниетану пәнінен ашық сабақ 'Ауа райын болжау'

Дүниетану пәнінен ашық сабақ 'Ауа райын болжау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сарысай орта мектебі



Пәні: Дүниетану

класы: 4

Тақырыбы: Ауа райы болжау.


Дайындаған: Бастауыш класс мұғалімі

Аманбаева Б А

















2015-2016 оқу жылы


Пәні:Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: «Ауа райын болжау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Ауа райы және табиғат құбылыстары туралы білімдерін толықтыра отырып, табиғат,

өсімдік және жануарлар арасындағы байланысты түсіндіру, ауа-райын болжау туралы білім беру;

Дамытушылық:

Ассоциация тудыра отырып, талдауға, ой тұжырымдауға, жіктеуге, пікір айтуға, өз бетінше жүйелеп сөйлеуге төселдіру; танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Өзін қоршаған ортаны, табиғатты танып-білуге , байқампаздыққа, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу;

Әдістер: Ақпараттық, ізденушілік, зерттеушілік, электрондық.

Пәнаралық байланыс математика.

Көрнекіліктер: электрондық презентация, кеспе қағаздар

Техникалық жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

I.Бағдарлау мотивациялық кезең.

Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.

Әрбір адам?

Туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ?

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім?

Тірлік, тарих, адалдық.

Әрбір сөзім?

Шындық, бірлік, адамдық

Қызығушылығын ояту /Жұмбақтар шешу/

1. Ол жерде бар ма, жоқ па, білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

2.Ұстасаң, қолға ілінбес

Қарасаң, көзге түспес. (Ауа)

Аузымен сурет салады,

Демімен ағаш жарады. (Аяз)

3. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді

Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді. (Қыс пен жаз)

4. Ол келсе орман шулайды,

Толқын теңіз тулайды

Қуса өзен қуады

Ешкім оны қумайды. (Жел)

5.Таңертең бар, кешке жоқ

Кеш түгілі түсте жоқ.

Мен моншақпын әдемі

Ірі емес ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей әсем таба алмас (Бұршақ)

6. Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жасы тамып барады (Бұлт)

7.Көк жүзінде көк жолақ

Қойды екен оны кім бояп? (Кемпірқосақ)


Үй тапсырмасы

«Ауаның құрамы. Ауа қабығы»

Тест тапсырмалары арқылы үй тапсырмасын сұрау.

1. Ауа дегеніміз не?

а) адамның, жануар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы

ә) жануарлар мен өсімдіктер әлемінің ортасы

б) адамның тіршілік ететін орта

2.Ауаның түсі қандай?

а) бұлыңғыр, көкшіл ә) ақшыл, бу б) түссіз, мөлдір

3.Жер бетіндегі ауаның ауысуынан не пайда болады?

а) тұман, кемпірқосақ ә) жел б) нөсер

4. Ағзалар тыныс алғанда ауадан нені сіңіреді?

а) оттегін ә) көмірқышқыл газын б) азотты

5.Өсімдіктер қоректенгенде ауадан нені сіңіреді?

а) көмірқышқыл газы ә) азотты б) оттегін

6.Ауа қоспасындағы ең көп газ

а) көмірқышқыл газы ә) азот б) оттегі

7.Ауа құрамында оттегі бар екенін алғаш рет анықтаған ғалым

а) Ч Дарвин ә) Г Галилей б) А Лавузье


Үй тапсырмасын бекіту. / Сұрақ-жауап /

- Азоттың ауа құрамында неше пайыз бар?

-Оттегінің неше пайызы бар?

-Түрлі газдардың ше?

-Жердің қорғанышы не?

-Неліктен ауаны жердің қорғанышы дейміз?

-Айдың күндізгі температурасы?

-Айдағы түнгі температура?

-Тіршілік үшін ауаның пайдасы?

-Тіршілік үшін ауаның тағы пайдасы бар ма?

-«Аққан жұлдыз дегеніміз не» не?

- Метеориттер деп неі айтамыз?


II.Операциялық - орындаушылық кезең


Ауа райы болжамын тыңдату (видео ролик ауа райы болжамы «Балапан телеарнасы»)

-Олай болса, біз бүгін «Ауа райын болжау» тақырыбымен танысатын боламыз.

- Балалар осы бізге осы ауа райын кім және қай жерде зерттеп қадағалап отырады деп ойлайсыңдар?

Оқулықпен жұмыс. «Ауа райын болжау»

Ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, жауын-шашынның мөлшері

ауа-райының жиынтығын құрайды

Ауа райын болжау дегеніміз- ауа -райын алдын-ала ғылыми негізде анықтау.

Ауа-райын болжау бірнеше мерзімдік түрге бөлеміз.

1.Өте қысқа

2.Қысқа (1-2 тәулікке)

3.Орта (3-10 тәулікке)

4.Ұзақ (бірнеше айға)

5.Өте ұзақ (бір жылдан астам)

Ерте заманнан бері адамзат баласы ауа-райын үздіксіз бақылап келеді.Өйткені, қазақ халқының көшпелі өмірі ауа-райына тәуелді болған.Ауа-райын алдын-ала болжап айтатын адамдарды «жұлдызшалар» деп атаған.

Ал, ауа-райын ғылыми тұрғыда метеорологиялық стансаларда бақылайды.

Метеорология (грек сөзі, метеора-аспан құбылысы және логос-ғылым)-аспан мен оның өзгерісін зерттейтін ғылым.

1.Оқушыларға тізбектей оқыту.

2.Мазмұынын сұрап, толықтырып отыру.

Сергіту сәті.

Күркіреді күн-күн.

Терезелер шың-шың

Жауды жаңбыр топ-топ

Шелек-шелек көп-көп

Жон арқаңды тос-тос

Күнбағыс тез өс-өс

«imektep» сайтымен жұмыс «Ауа-райын бақылау» фильмін тамашалау.

Фильмді қорыту.

1.Синоптиктер-ауа-райын болжаумен айналысатын мамандар.

2.Метеорология-аспанды және оның өзгерісін зерттейтін ғылым.

3.Метеорологиялық станция-ауа-райына бақылау жүргізіп отыратын мекеме

Жаңа материалды өздігінен игеру

Оқушыларды 4 жұпқа бөлу.

1-жұп. Қыс - көк қарындаш

2-жұп. Көктем - жасыл қарындаш

3-жұп. Жаз - қызыл қарындаш

4-жұп. Күз - сары қарындаш



Әр жұп өзінің қарындашымен сызбадан өздеріне керек сөзді нүктемен белгілейді. Әр жұп өздеріне тиісті шартты түрде берілген ауа райының астын сызады.

Дәптермен жұмыс.

Ауа райы диктанты

Ашық аспан, тұтас бұлт, тұман, қалың мұз, солтүстіктен жел, оңтүстіктен жел, қар,

температура - 20 с, температура + 3 с

III Рефлексиялық - бағалау кезеңі

Бекіту.

Табиғат құбылыстарына қарай ауа - райын болжау

  1. Ай шалқасынан туса шаруашылыққа ауа-райы қолайсыз болады.

  2. Жауын-шашын жұма күні басталса, келесі жұмаға дейін созылады.

  3. Қызара батқан күн-желдің, ашық -сары балып батқан күн- жаңбырдың белгісі.

  4. Желсіз күні түтін жерге қарай шалқыса, бұдан соң қыс күні қар, жаз күні - жаңбыр күт.

  5. Тұман жер бауырлап құласа - ашық күннің хабары.

  6. Ірі- ірі жаңбыр тамшысы жауын шашында дымқыл күннің ұзақ тұратындығын білдіреді.

  7. Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.

  8. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады.

  9. Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ысытқ, қыста жұмсақ болады.

  10. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса, күн жылынады.

  11. Жаз айында аңызақ ыстық болса, ол қыста қатты аяз болатындығының анық белгісі.

  12. Ай қызыл түспен қораланып, әлгі шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күні ашық болады. Осындай екі шеңбер , немесе күңгірт бір шеңбер қатты суыққа көрінеді

Қорытынды.

-Ауа-райының көрсеткіштерін санап шығыңдар.

-Ауа -райын бақылау не үшін қажет?

-Ауа-райының қандай құбылыстарын білесіңдер?

-Ауа-райын ғылыми тұрғыда қай жерде бақылайды?


Бағалау

Үйге тапсырма беру

1. Мәтінді оқып, мазмұндай білу.

2. Үйдені үлкендерден қазақ халқында қандай ырымдарға қарап ауа-райын болжайтынын біліп келу.

3. Кестеге оқушылардың сабаққа қатысу улгерімін тақтаға сызып қою




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал