7


  • Учителю
  • Вне классная работа на тему'Ою-өрнек нақыштары (4 класс)

Вне классная работа на тему'Ою-өрнек нақыштары (4 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

4сынып Тәрбие сағаты

Тақырыбы :Ою-өрнек нақыштары

Мақсаты:Ою-өрнектер туралы түсінік беру

Міндеттері:1.Қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері-ою-өрнек туралы түсінікберу.

2.Ұлттық өнерді сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушының ұлттық мақтаныш сезімін ояту,эстетикалықталғамын ұштау.

3.Ою түрлерін тани білуге,оя білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі:презентация, «Ою хан мен Жою хан»ертегісіне суреттер,киіз үй макеті,жабдықтары.

Сабақтың барысы:

-Балалар,біз бүгін «Ою-өрнек нақыштары»атты тәрбие сағатын өткізбекпіз.

1.Ою-өрнек тарихына саяхат.

Ою дегеніміз не,оюдың шығуы туралы әңгімелеу.Тасқа,сүйекке,ағашқа ойып-қашау ерте заманнан қалыптасқанын тарихи жазбалардан көреміз.Бұл таңбалар,белгілер өмір қажетінен,әдет-ғұрып,салт негізінде туған.Ертедегі мазарлар,Айша бибі мазары көне ескерткіш,түгел оюмен өрнектелген.(слайд)Ою,әрбір әшекей өзіндік мағына береді.Оларды4түрге бөлген:

1.Аң-құс,төрт түлікке байланысты.

2.Жер,су,өсімдік атауларына байланысты.

3.Аспан әлемі заттарына байланысты.

4.Геометриялық кескіндер түріне байланысты.Мысалы,құс мұрын оюы---ұшқан құстай ерікті бол деген тілекті білдірсе,түйетабан-алыс сапар белгісі,көштегі түйе жабуына,жібек жолы сауда заманында саудагерлердің шапанына салынған.(слайд)

-Өздерің бұл оюларды қайдан кездестірдіңдер?-Жауап.

Сонымен қатар,итқұйрық-ауыларалық қатынас белгісі,алыс сапарға ермейді десек,қошқармүйіз-әл-ауқатымызжақсы,молшылықты білдіреді.

Қолтық ою-қазақ халқы жерге төсейтін текеметке ұдайы осы бір ғана оюдың түрін салады.Себебі, бұл ою «Қош,келдіңіз»өз үйіңіздей көріп,бүйір таяна отырып,дем алыңыз деген қошемет пен қонақжайлылықтың белгісі.

«Қай үйге кірсем де жердегі киіздің бетінен оюдың бір түрін ғана көрдім.Сөйтсем,мен қазақтың киіз кітабының үстінде демалып отырған екенмін.Бұлқазақ деген халықтың адамгершілігін күннің мейірімділігімен теңеуге болады екен» деп,Александр Македонский айтып,қолтық оюдың суретін салып алған екен.(слайд көрсетіледі)

Иә балалар,оюлар өздері-ақ сөйлеп береді екен.

2.Киіз үйге саяхат.

Киіз үй макеті,жабдықтары.(слайд)

Мұнда қандай оюларды көріп отырсыңдар? Оқушылар өз білгендерін айтады.-Яғни,біз бұл саяхатымызда да ою-өрнек қазақ халқының тұрмысының мәні екенін көреміз.

3.Оюшы еліне саяхат.

Оюшы туралы түсінік беремін. «Халық шеберлері»және «Шебердің қолы алтын»

слайдтары арқылы шеберлер мен олардың өз қиялынан туындаған өнерлері туралы көрсетіледі.

Оюшы дегеніміз-өз қиялынан ою туындататын суретші,ісмер адам.

4.Білім еліне саяхат.

Ою-өрнек туралы оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызамын.

Шебердің қолы алтын.Үлгісі көптің өрнегі көп.Ою ойғанның ойы ұшқыр.Сызу сызғанның сиқыры бар.

5.Ертегі еліне саяхат.

«Ою хан менЖою хан»ертегісімен таныстырамын.

6.Сабақты бекіту. «Оюларды ата »ойыны арқылы.

Сабақ аяқталды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал