7


  • Учителю
  • 'Таңғажайып оқиға' бастауыш сыныптарға арналған шырша тойының сценариі

'Таңғажайып оқиға' бастауыш сыныптарға арналған шырша тойының сценариі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаңа 2016 жыл-мешін жылын қарсы алуға арналған шырша тойының сценариі.

1-жүргізуші: Армысыздар,ағайын!

2-жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті ата-аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

1-жүргізуші: Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.Міне, сол күн, сол мереке де келіп жетті.Сіздерді осы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, жаңа табыс, береке, бірлік әкелсін дейміз!

2-жүргізуші: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша 50 елдің қатарына кіру стратегиясын дамытатын жыл болсын.

1-жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілденіп қосыл сен ін мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын жаңа жылға!-дей отырып,жаңа жылдық ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Кәне,балалар,бәріміз қосылып ән шырқайық

« Кел,жаңа жыл» хоровод

1-жүргізуші: Бүгінгі көңілді мерекемізге жаңа жылдық құттықтау тілегімен мектебіміздің _______________________________________ келді.Ендеше, мерекелік құттықтау сөзді береміз.

2-жүргізуші:Ендігі кезекте қол ұстасып, көңілді би билейміз.

Сайқымазақтар ортаға шығады.

1-сайқымазақ:

Аппақ бүгін қыр, далам,

Ақ дастарқан жапқандай.

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген жылға жақсылық.

2-сайқымазақ:

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы, арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін.

Оқ атпасын ешкім де,

Өмір деген тым ыстық.

Жұмыр жердің үстінде

Бұзылмасын тыныштық.

1-сайқымазақ:

Сәлем,достар!

2-сайқымазақ:

Шырша тойларың құтты болсын! Би «Буратино»

Осы ормандағы думанды қыздыру үшін біздер сылаң қаққан,сымбатты таңқалдырған әзілімен күлкі отын жандырған айлакер түлкіні шақырайықшы, достар! Ол үшін бәріміз:

Түлкі, түлкі, балаң түлкі,

Сыйлашы бізге әсем күлкі, -деп дауыстап айтайықшы.

(түлкі келмейді)

1-сайқымазақ:

Ал, балалар, түлкі келмей қойды.Олай болса,әсем шыршаны айнала бәріміз қол ұстасып бір ән орындайық. «Шырша» әні

Түлкі қылмыңдап келеді:

Әй сайқымазақ, мені неге шақырдыңдар? Ұйқымды неге бұздыңдар? Не айтасыңдар маған?

1-сайқымазақ:

Сені шақырған жалғыз мен емес,айналаңа қарашы,ештеңе көрмей тұрсың ба?

Түлкі:

Иә,бәрін көріп тұрмын.Әсем шырша,әдемі балалар.Ормандағы аңдар.Жаңа жылды қарсы алғалы жатырсыңдар ма? Менің не керегім болды?

1-сайқымазақ:

Шақырғанда жылдам келмедің,біз ашулымыз.Не үшін шақырғанымызды енді айтудың қажеті бола қоймас.

Түлкі:

Ә,солай ма? Онда мен де ашулымын (мұрнын жұлып алады)

Мұрныңмен қоштаса бер,жаңа жылды сайқымазақ мұрынсыз қарсы алыпты деген атаққа қалдырмасам ба,бәлем? Айтпасаңдар айтпай-ақ қойыңдар!

1-сайқымазақ:

Түлкіжан,дос едік қой,Тілегіңнің бәрін орындайық,тек мұрнымды қайтарып берсең болды,түлкіжан.

Түлкі:

Ә-ә,тамаша.сайқымазақ та маған жалынады екен.Хи-хи -хи!

2-сайқымазақ:

Түлкі, тақсыр ,мырзамыз

Не айтсаң да ырзамыз.

Тентектікті азайтып,

Шырша тойын бұзбаңыз! (мыстан келеді).

Ойын «Алдау»

Түлкі:

Ей, сайқымазақ, сен мұрынсыз қалғың келмесе, менің мынадай шартым орындайсың. 1-шартым: Бәрің түгел жиналыпсыңдар.Ал менің көршіме қоянға хабар тимеген ғой шамасы,сайқымазақ,ей сайқымазақ,қоянға тезірек телефон шал.

1-сайқымазақ:

Құп,түлкіжан, құп. (ұялы телефонды алып тереді)

Алло, қоян.

Қоян:

Алло,тыңдап тұрмын.

1-сайқымазақ:

Сізді түлкі көршіңіз мектеп орманындағы Шырша тойында күтіп отыр.Тез жетіңіз.

Қоян:

Шырша тойы? Ән салып,би билетсеңдер,әрине барам ғой.Ендеше мен тез жетем.

Түлкі:

Сәлем, қоянжан, өзің құлпырып кетіпсің ғой.

Қоян:

Иә, сен шақыртқан соң келдім.Өзіммен бірге сендерге қызықты ойын ала келдім. Ойынның аты «Ұлпа қар». Сәлем, достар! Жаңа жыл тойы құтты болсын! Көңіл-күйлерің қалай?!Менімен бірге ойнайсындар ма?

Түлкі:

Ал, енді қоянжан, мына әсем тойда біздермен бірге рахаттанып биле.

Би «Буги-буги»

Би біте келе сайқымазақ түлкіге жақындайды.

Түлкі:

Келесі шартым: Жұмбақтарымның шешуін табыңдар.

1-сайқымазақ:

Балалар, маған көмектесесіңдер ме?

Балалар:

Иә.

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)

Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

Қанаты жоқ - ұшады,
Аяғы жоқ - қашады. (Жел)

Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)

Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Түлкі:

Бұл екіншісі.Үшінші шартым тағы бар.Менің тәтті кәмпиттер жеп,әдемі ойыншықтар алғым келіп тұр.Барлығың да жегілерің келетін шығар.

Балалар:

Иә.

Түлкі:

Дәл қазір көп, тәтті сыйлықтар әкелетін қонақтарды ортаға шақырыңдар!

1-сайқымазақ:

Түлкіжан, біздерге қоятын талаптарың әлі көп пе? Ескі жылды да шығарып салатын кез жақындады.Мен осылай мұрынсыз ескі жылды қалай шығарып саламын?

Түлкі:

Ескі жылды шақырталық әуелі. Сосын көреміз. (музыка ойналады, қой келеді)

Қой: «Қардағы із»

Мен сендермен қоштасайын,

Ескі жыл есіркеп,

Жаңа жыл жарылқап

Еліңде болсын тыныштық.

Бейбіт күнің жарқырап,

Қоштасамын мен бүгін.

Сендерді қимас көңілмен.

Айтамын жүрек сөзін мен,

Келер мешін жылына,

Дән көп болсын қоймада.

Тыныштық пен бейбіт күн,

Болсын деп тілеп әмәнда.

Қоштасып қол бұлғаймын

Қош сау болыңдар!

Балалар:

Қош бол, ескі жыл!

1-сайқымазақ:

Түлкіжан,енді мұрнымды бересің бе?

Түлкі:

Қалай екен, мені күтпей Шырша тойын бастаған,а?

(Аяз атаны шақыру)

Гуілдеген дауыстар естіліп,музыка әуенімен Аяз ата, ақшақар, мешін кіреді.

Балалармен амандасып, мейраммен құттықтайды.

(Ән немесе би орындау)

Осы кезде екі сайқымазақ жыламсырап Аяз атаға жақындайды.

1-сайқымазақ:

Шырша тойын еш ренішсіз қарсы алғалы жатыр едік,мына айлакер қу түлкі той сәнін келтіреді десек, болмашыға ренжіп, мұрнымды жұлып алды, масқарамды шығарды.Соны қайтарып беруге көмектесіңізші, ата.

Аяз ата:

Әй.түлкі.Бермен жақындашы. Әсем тойдың бұзып саған не болды? Кәне,сайқымазақтың мұрнын қайтарып бер.

Түлкі қайтарып беріп тұрып:

Кешіріңіз,аяз ата,кешір,достым! Кешіріңдер,балалар! Менен бір қателік болды.

Аяз ата:

Бәрекелді,бәрекелді! Осылай ақылға кел,түлкіжан.(Екеуін құшағына алып тұрып):

Әсем тойда достықтарың жарассын,

Бүкіл бала оған таңдана қарасын!

Әлемде де татулық туы шарықтасын!

Менімен бірге ғасырдың кезекті жылы да келді ортаға.

Мешін:

Құт-береке әкелейін баршаға,

Еңбек ет сен,босқа жүріп шаршама.

Бақыт,байлық, денсаулықты тілеші,

Мешін жылы сауық жылы болсыншы.

Дәндеріміз қамбаларға құйылсын,

Әндеріміз жүректерде ұйысын.

Достық пенен бейбітшілік тұтқасын

Егеменді елім бекем ұстасын!

«Шырша» ойыны

1-сайқымазақ:

Аяз ата, сиқырлы таяғыңыздың көмегімен шырша шамдарын жарқыратыңызшы.

Аяз ата:

Әрине,әрине!

Шырша,шырша жағылшы!

Әсем моншақ тағыншы!

Оқушылар жаңа жылға арнап әзірлеген өнерлерін көрсетіп,сыйлықтарын алады.

Ақшақар ойындар өткізеді.( Би билету)

Ақшақар ата-аналармен ойын ойнатады.

1-жүргізуші:

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап, ән шырқап, тербелейік.

Төрле,төрле, халқымның жаңа жылы,

Бәріміз дөңгелене би билейік!

2-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттақ арайын,

Болсын солай әрбір күнің, арайың.

Тойларыңыз құтты болсын, балалар!

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!



Л.Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектеп



Бастауыш сыныптарға арналған шырша тойының сценариі




Шыңғырлау-2015 жыл





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал