- Учителю
- ҚАзақ тілі: тақырыбы 'Бастауыш'.
ҚАзақ тілі: тақырыбы 'Бастауыш'.
Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау, бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік:
Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.
Үй тапсырмасын тексеру
Сөйлем дегеніміз не?
Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?
19 - жаттығу. 63- бет.
Берілген сөздерден мақал құрастырып жазу.
Тігіншіні инесі асырайды.
Ұстаздан шәкірт озар.
Жақсы сөзге жан семірер.
Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Әр сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз.
Ребусты шешу(Бастауыш)
Сөзжұмбақты шешу
Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.
Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті.
Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ қашады.
Тидесем, тимейді, тимедесемтиеді.
Отқа жанбас, суға батпас.
Жаңа сабақ: Бастауыш
Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім?кімдер?не?нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді: Жания дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
Оқулықпен жұмыс
22-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.
Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
Бұл сөздер қимыл иесі болып тұрғанын байқа.
23-жаттығу.
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
24-жаттығу
Жұмбақтың шешуін тауып, жатқа жаз.
Әр сөйлемдегі бастауышты тап..
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды
Сергіту сәті.( Қара жорға биі)
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
25-жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз.
Әр сөйлемдегі бастауышты тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шын-құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.
26 - жаттығу
Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
боздайды
ақырады
мөңірейді
кісінейді
маңырайды
28-жаттығу(ауызша )
Сурет бойынша әңгіме құра.
Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.
Ойын жаттығулар
Саны бар атаулар
1+лік
2+жүздік
к+3+ік
4+тік
5+ік
6+бақан
7+м
8+аяқ
9+құмалақ
Жұппен жұмыс:тест орындау, бірін - бірі тексеру.
Қорытындылау
Бағалау
Үй тапсырмасы. 27 - жаттығу.