- Учителю
- 'Жаз аруы - 2015' байқауы
'Жаз аруы - 2015' байқауы
«Жаз аруы - 2015» байқауы.
Мақсаты: Балалардың өнер-білімге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Үлке-кішіні сыйлауға, өнер-білімге құштар болуға және сұлулықты сезіне білуге баулу.
Көрнекілігі: Плакатқа жазылған нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, көбелектер, үнтаспа;
Кіріспе сөз:
Халқымыз бар өнер-білім тел емген, Сайысымызды бастайық біз сәлеммен. Ақ тілегі арнасынан төгілген, Қош келіпсіздер, құрметті көрермен!
Армысыздар, аяулы ұстаздар мен лагерь демалушылары! Бүгін мектеп жанындағы «Балдаурен» демалыс жазғы сауықтыру лагеріндегі «Жаз аруы-2015» байқауын бастаймыз.Байқауымызды бастамас бұрын ең алдымен байқауға қатысушыларға төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.Әділқазылар алқасы таныстырылады/
1-жүргізуші: Қош келдіңіз ақ жаулықты аналар Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдыңызда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
2-жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар, Аналардан туған небір даналар! Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар,қасиетті аналар!
1-жүргізуші:
Қыздарға әсемдік жарасады,Ай көркі диіктетер аласаны,-демекші бүгінгі байқауымыздың ару қыздарын ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші:
Ендеше байқауымыздың ережелерімен танысайық.
1-кезең «Таныстыру»
2-кезең «Өнерлі ару»
3-кезең «Қол өнер шеберлігі»
4-кезең «Салат жасау»
5-кезең «Сән үлгісі»
1-жүргізуші : Қыздардың сұлуы бар,дәруі бар, Дәрудің дәрі болар зәруі бар. Әншілік өнерімен қанат қаққан, Алшынбек Ажар деген аруы бар.
2-жүргізуші : Дүрсілдеп бара жатыр жүрек құрғыр, Жайдары болғанымен көңіл дүл-дүл. Ару боп сынға түсіп сыналмақшы Маңдайы жарқыраған Рүстем Қарлығаштай аруың.
1-жүргізуші: Қыздардың білсеңіз таң қалдырғанын, Жүректің алау отын жандырғанын. Ағайын,қошеметпен қарсы алайық, Ару қыз Досмырзақызы Жансаяны.
2-жүргізуші: Кіршіксіз көңілі ақ қардай, Мінезі жұмсақ мақпалдай. Салтын бар өнерін осы ортаға, Ару қыз Ертай Айда,
1-жүргізуші: Жайнаған қыр гүлінің қызғалдағы, Биімен тал шыбықтай бұралады. Келеді міне ортаға толқып-тасып, Қошеметпен қарсы алайық Сүлеймен Құралайды.
2-жүргізуші: Бұралған талшыбықтай ол бір гүлің, Шіркін-ай тыңдар болсаң нәзік үнін. Өнерімен өрге басып кідірмейтін, Қол соғып,қарсы алайық Нұртай Ақеркені.
I-бөлім
1-жүргізуші: Халқының сақтай білген ізгі арманы, Арулар толған айдай жүзі жарқын. Өздерін таныстырып сөз бастасын, Тегін білу «тектілік» депті халқым.
2-жүргізуші: Жадырап сәуле бейне күн дидары, Бұлбұлдай дауысыңмен ән сыйлашы. Күй тартып,би де биле, өлең оқы Аруға қай өнерде жарасымды.
(арулар өздерін ретімен таныстырады)
II-бөлім
1-жүргізуші: Өнері өрге жүзер талаптының, Талапты талмай ұшар қанаттының. Әлди әуен өнер оты. Шарпып өтсін лебімен қанаттының,-деген өлең жолдарымен екінші бөлім «Әлди әуен әлемі « деп аталады. Бұл бөлімде қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салады.
2-жүргізуші: Алшынбек Анардың орындауында «Асыл ана» әні. Рүстем Қарлығаштың орындауында «Тәттімсің» биі. Досмырзақызы Жансаяның орындауында «рокн-ролл» биі. Ертай Айданың орындауында «Туған жер» өлеңі. Сүлеймен Құралайдың орындауында «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» өлеңі. Нұртай Ақеркенің орындауында «өзбек» биі.
III-бөлім
1-жүргізуші: Сырмақ ойып,текемет,киіз басқан, Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан. «Шеше көрген тон пішер»деген рас, Қыздарым шебер қолға араласақан.
2-жүргізуші:
Сайыстың бұл үшінші бөлімі «Он саусағы майысқан» деп аталады. Бұл бөлімде қыздарымыз өз қолдарымен жасаған бұйымдарын ұсынады,ою ояды.
IV-бөлім
1-жүргізуші: Ойлы қызы халықтың, Отаным деп туады. Бос жібермей әр күнін, Ана жолын қуады.
2-жүргізуші:
Ендеше қыздарымыздың салат жасау өнерін тамашалайық.
V-бөлім
1-жүргізуші: Сымбатты сұлу ғажап тым, Қыздары қандай қазақтың. Көрмесе сағындырған Көркімен табындырған . Аққудай арулардың, Жолында жолым құрбан.
2-жүргізуші:
Аққудай болған аруларымыз сәндік киім үлгісін таныстырады.
1-жүргізуші: Қыздар,қыздар кімсіңдер, Күлімдеген күнсіңдер. Шұғылалы шуақты, Таңғажайып дүрсіңдер.
2-жүргізуші: Қыздар,қыздар кімсіңдер, Мына бізбен бірсіңдер. Осынау дархан өмірді, Думандатып жүрсіңдер,-деп бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.
-Соңында әділқазылар алқасына сөз беріледі.
-Әр қызға берілген орын аталып,құттықтау сөздер мен сыйлықтар беріледі.
-Мақтау қағазымен марапатталады.