- Учителю
- Интелектуальды сайыс 'Тапқыр достар'
Интелектуальды сайыс 'Тапқыр достар'
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырыбы:
\Интелектуалдық сайыс\
\3-сынып\
Өткізген :Қойшыбаева Л.А
Күні:16.02.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Тапқыр достар
(Интеллектуалды ойын - жарыс)
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жан - жақты болуға, өзіне деген
сенімділігін қалыптастыруға бейімдеу;
Жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту;
Дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: салт - дәстүрлер туралы суреттер, сандары бар бағандар,
кітап т.
Ойын 5 кезеңнен тұрады. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады
Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсететін ән - жырмен келген «Тапқыр достар» атты интеллектуалды ойын-жарысымызды тамашалайсыздар.
Уа, Халайық, халайық,
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі кеш төрінде
Жұмбақ шешіп, аңдысып,
Шабыт тасып шалқысып
Көңілді кеш жасайық! - деп алған білім, өлең - жыр, жұмбақ, мақал - мәтелмен өрнектеп, барымызды ортаға салайық. Санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Оқушылар екі топқа бөлінеді
«Өнерілер» тобы
«Тапқырлар» тобы
Ұранымен таныстырады.
1) «Өнерлер» тобының ұраны: «Өнермен өрге жүземіз»
2) «Тапқырлар» тобының ұраны: «Тапқыр достар біз боламыз»
Шаттық шеңбері.
Балалар біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде. Әрдайым күліп жан жағымызға күлкі сыйлайық! Олай болса балалар күлкі сыйлайық!
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытып не керек
Көңілді болып жүрейік!
Дыбыстарға байланысты жұмбақ жасыру.
«Тапқыр достар»
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«мен қандаймын?» деп ойла, - дей отырып, бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымыз өте ерекше. Өйткені біз командамен жұмыс істеуіміз керек.
Ережелерді естен шығармайық.
Командалар орындарына отырады. Ойын шартын тыңдайды. Біздің ойынымыз тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап топпен ақылдасып жауап беру керек. Әрбір жауапқа әр команда пирамидалық жетістікке жеткізетін
«Сәттілік сақинасын» «кольцо удачи» алады. Қай топтың житондары көп болса, сол команда жеңіске жетеді.
Жауап дайын болған кезде белгі береді. Жылдам жауап берген топ ұпай алады.
Бірінші айналымның аты - «Білгенге маржан».
Бірінші айналымда топтарға туыстық атулар аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады.
Топ дұрыс жауапқа сәттілік сақинасын алады.
Сұрақтар: Нағашы әже деген кім?
Нағашы ата деген кім?
Жиен деген кім?
Бөле деген кім?
Немере деп кімді атайды?
Аға - қарындас деп кімдерді айтамыз?
Екінші кезеңнің аты - «Сөз ойла, тез ойла»
«Ә» және «Т» дыбысына байланысты сөздер ойлап табады
Үшінші кезең «Мақалды жалғастыр»
Әке асқар тау-------------------------------------
Үлкенге құрмет -------------------------------------------------
Әдепті бала арлы бала -----------------------------------------------------------------
Денсаулықтың қадірін --------------------------------білерсің
Дені саудың--------------------------------------------------------
Еңбек бәрін----------------------------------------------------------------
Кәсіп түбі------------------------------------------------------------------------------
Еңбек түбі--------------------------------------------------------
Төртінші кезең «Қызықты жұмбақтар»
Екеуі тыңдап,екеуі көреді.
Біреуі сөйлеп, екеуі соларды көтеріп тұрады.
\адамның екі құлағы, екі көзі,аузы, екі аяғы\
Үш тіл бар,Үшеуіде жүреді,
\Сағат\
Бес ін , бес іннің ауызы бір ін.
\қолғап\
Бір түкті кілем, бір түксіз кілем.
\Жер, Аспан\
Айдала да ақ отау,
Ауызы мұрны , жоқ отау
\Жұмыртқа\
Орақ құйрық ,тарақ бас
Көп ұйқыны жаратпас,
Шырылдаған сағаттай
Айқайлайды таңатпай.
\Әтеш\
Бесінші кезең Тапқыр достар сөзінен сөздер құрау
Мысалы. Тап, қар, тақыр
Дос, рас, отар
Алтыншы кезең «Салт дәстүр»
а. Наурыз мейрамы жайлы не білесіңдер?
ә. Бесік деген не?
1. Наурыз - жыл басы. Шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні, яғни бір тәуліктегі күн мен түннің ұзақтығы бірдей болған күні тойланады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
2. Бесік жабдықтары бесік, көрпе, жастық, шүмек, түбек
Бесік ырымдары болады.
Бесікті аттауға болмайды, оны ашық тастауға болмайды, сатуға болмайды.
Қорытынды
Барлық кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып жеңімпаз анықталады. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы сыйлықты табыстайды Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт - дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады.