7


  • Учителю
  • Вне классное мероприятие ' Моя счастливая семья'

Вне классное мероприятие ' Моя счастливая семья'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 25 НЖББМ


Мерекелік іс -шара


«Наурыз - жыл басы»


Жетекші:БекмагамбетоваС.Н.







Қостанай қаласы

2015 жыл

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Наурыз - жыл басы.

Мақсаты : оқушыларға Наурыз жыл басы,яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы екендігін, тарихи маңызын түсіндіру. Ата - бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру,елдің салт - дәстүрлерін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, суреттер,бәйшешек гүлінің макеті.

Мұғалім: «Наурыз - жыл басы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Наурыз - шығыс халықтарының ертеден келе жатқан мейрамы,күн мен түн теңеліп, қыс ызғары кетіп,көктем келеді.Адамдардың аузы аққа тиеді.Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атап,жаңа жылдың басы деп атайды. Наурыздың 21 - нен 22 - не қарағанда күн мен түн теңеледі.Қазақ елі ұлыс күнін әрқашан қасиетті, киелі санаған.Ол күні жаңбыр не қар жауса нұр жауады, туар жыл жақсы болады деп қуанған. Адамдар бір- бірімен төс қағысып, сәлемдеседі, өкпелері болса кешіреді, бір - біріне мынадай тілектер айтқан.

Оқушы: Жасың құтты болсын,

Ұлыс бақты болсын.

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін

Пәле - жала жерге енсін.

Оқушы:Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Құрметті ата - аналар, ұстаздар және оқушылар!

Оқушы: Бүгінгі Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

Оқушы:Армысыңдар ,халайық,

Әр кез аман болайық.

Наурыз тойын қуанып,

Жылда қарсы алайық !

Оқушы:Армысыз, мектебімнің асылдары,

Жайнасын көңліміздің жасыл бағы.

Қажыр қайрат елімнің Наурызда

Шашылсын жаңа жылдық шашулары!

Қоржыннан шашу шашылады.

Ән айтылады: Туған жер.


Мұғалім: Қазақ осы күй шығарып, ән салған,

Көкпар тартып,қыз қууға жаралған дегендей, қазақтың ұлттық ойындары өте көп. Солардың бірі «Орамалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал»ойынын ойнайық.(түсіндіру)Мақал - мәтелдерді жалғастырып айту.

1.Бір ағаш кессең ,(он ағаш отырғыз).

2.Бұлақ көрсең (көзін аш).

3.Білімді (мыңды жығар).

4, 5,6,...

10.Өз елім (өлең төсегім).

Келесі тамашалайтындарыңыз - би.(оқушы)

Мұғалім: Қазақ халқының салт дәстүрлерінің бірі «Аластау»

Түсіндіру: Пәле жаладан, апаттан, тілден, көзден сақтасын деп аластайды (үйдің ішін)

Әжей : Алас, алас, алас !

Пәле жаладан алас !

Тілі жаманның тілінен сақта,

Көзі жаманның көзінен сақта.

Мұғалім: Бүгінгі наурыз мерекесіне Алдаркөсе менТазша бала да келіпті, олардың мерекеге қандай тартулары бар екен:

Алдар: Кел, балалар, ойнайық

Ойнайық та, ойлайық,

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақтар шешу.

Мұғалім: Бәрекелді,Алдар бала, жарайсың!

Тазша бала: Ал, халайық тұрмайық !

Әндетейік , жырлайық.

Ортамызды ашайық ,

Думандатып би билеп,

Інжу - маржан шашайық!

Қыз - жігіттер айтысы:

Оқушы: Ай демекші, дәл осы кезде Күн мен Ай теңеліп табиғатта бір ерекшелік болады емес пе? Ендеше осы кереметті бізде көрейік, ортаға Ай мен Күнді шақырайық.

Күн мен Ай екі жақтан келіп, бірін - бірі айналып ортаға шығады.

Оқушы: Күн мен Түн теңелді

Жер шуаққа бөленді,

Наурыз келді салтымыз

Қуанышта ел енді.

Оқушы:Осындай үлкен қуанышқа әзірленетін қасиетті асты біздің әжелеріміз керемет жасайды екен, сіздер де осы дәмнен ауыз тиіңіздер!

Әжелер: Көжені, ұлттық тағамдарды алып шығады.

Оқушы: Күміс сәуле шашқанда ырыс таңы

Көктем келді , қыс қашып,жылыстады.

Жеті түрлі тағамнан дайындалған

Таратайық қонаққа ырыс дәмін!

(Көже құйып беру)

Бала жүгіріп шығады: Сүйінші , сүйінші! Қыдыр ата келе жатыр ! Атамен бірге қой жылы да келе жатыр!

Қой: Жаңа жыл бақыт жылы болсын!

Малың тоқ , уайым қайғы жоқ болсын!

Ұлың назарлы ,

Қызың ажарлы болсын !

Береке берсін басыңа,

Қыдыр қонсын қасыңа !

Қыдыр ата : Ал, халқым, балалар, қане қолдарыңды жайыңдар, батамды берейін !

Бата береді . Наурыз мерекесі - құтты болсын!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал